Бизнес-жоспар қалай құру керек

Бизнес-жоспар қалай құру керек

Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Осы басылымда бизнес-жоспарды жасауға байланысты барлық негізгі аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.

Бизнес- жоспар: неге және не үшін.

Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді.

Бизнес- жоспар жазу өз бизнесіңізді ұйымдастыру бойынша басқа да белсенді әрекеттер жасамай тұрып, бірінші істеу керек нәрсе. Көбі осы қадамды елемейді. Әрине, бизнес-жоспрасыз да бастауға болады. Бірақ Сіз компанияңызды дамыту қажет болған жаздайда қызмет-әрекеттеріңізді дүрлігісті түрде реттегіңіз келе ме?

Несие алатын болсаңыз, сізден міндетті түрде бизнес-жоспар сұрайды. Жақсы серіктес тапсаңыз, ол да Сіздің ойыңызды қағаз бетінде көруден бас тартпайды. Кез келген саналы инвестор өзі қаражат салайын деп жоспарлаған кәсіпорынның бар өзгешеліктерін білгісі келеді. Егер бірнеше бағыттардың ішінен біреуін таңдау қажеттілігі туса, Сіз өз ісіңіздің негізі салынған бизнес-жоспардың болмауы салдарынан қымбат уақытыңызды терең ойға батумен жоғалтасыз.

Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек.

1.1 Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.

1.2 Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу.

1.3 Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау.

1.4 Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т.б. ) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу

2.1 Е xcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу.

2.2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік.


ҮЛГІ ТҮРІ

Басты бөлімдердің құрылымы мен мазмұны:

Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:

  1. Жобаның титулдық парағы.
  2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ).
  3. Нарық пен сала жағдайына талдау.
  4. Жобаның мәні.
  5. Маркетинг жоспары.
  6. Өндіріс жоспары.
  7. Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.
  8. Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар ).
  9. Қаржылық жоспар.
  10. Қосымшалар.

Жобаның суреттеудің қисынына байланысты құжаттың құрылымы, бөлімдердің орны ауысуы мүмкін. Бірақ, ұсынылған жобаны сипаттайтын барлық сұрақтар кешені қарастырылуы қажет.

Бөлімдердің мазмұны:


1. Жобаның титулдық парағы

Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

  • кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;
  • кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;
  • құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;
  • жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ );
  • жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар );
  • коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш.

2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )

Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.

Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.

Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді ( мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б. ) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.

Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:

  • жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек – жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т.б.;
  • жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;
  • несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.

3. Нарық пен сала жағдайына талдау

Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.

Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.

Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.

Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.

Бөлімнің басты нәтижелері:

  • қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;
  • сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;
  • ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;
  • нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.

4. Жобаның мәні

Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:

  • пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілерін сипаттау;
  • осы тауарды (қызметті) шығарудағы тәжірибесінің барлығын көрсету;
  • сіздің тауарыңыздың бәсекелестеріңіздің (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;
  • сіздің тауарыңыздың бірегей жаңа ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;
  • тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т.б.), лицензияның керектігі.

Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру..


5. Маркетинг жоспары

Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:

  • шығарылған өнімнің түпкілікті тұтынушылары, сұраныс сипаты (бір қалыпты немесе маусымдық); жоба бағытталған нарық сегментінің ерекшеліктері, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттірек болады ( олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда ); өнімнің қандай ерекшеліктері немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етеді;
  • бәсекелестердің қандай әрекеттерінен сақтану керек, оларға қарсы әрекеттің стратегиясының басты элементтері;
  • технологиялық өзгерістердің өнімге әсер етуі (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнімдер); ұсынылған өнімге бәсекелес болатын жаңа өнімдерді жасау туралы деректер;
  • өнім бағасын негіздеу (сапа талаптарын, өзіндік құн талдауын есепке ала отырып );
  • өнімді өткізуді ұйымдастыру : өнімді тарату каналдары, өткізу жүйесін тартымды фирмаларды атай отырып суреттеу;
  • тауарды өткіщзу туралы келісім-шарттар мен ниет шарттарының бар екені;
  • өнімді өндірер алдында, өндіріс басталғанда және өткізу кезеңдерінде жарнамалау бағдарламасы;
  • жарнамаға, өнімді тарату және өткізуге қажет шығындарды бағалау.

6. Өндіріс жоспары

Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.

Бөлімді жобаның алғытарихын сипаттаудан бастау қажет :

  • заңды тұлға, оның серіктестері туралы толық ақпарат, қысқаша сипаттама (ұйымдық құрылымы, өндірістік әлеуеті, қаржылық мүмкіндіктер, жасы, басшылық жұмыс, кәсіпкерлік тәжірибесі және т.б.);
  • жобаны жасау және іске асыру тарихы, оның маңызды күндері;
  • жүргізілген зерттеулер мен ізденулер (қашан, кім, кіммен, кімнің тапсырысы бойынша);
  • жобаны іске асырудың барысы бойынша, қазіргі жағдайы туралы ақпарат, оның неліктен бітпегендігін түсіндіру;
  • дайындық, инвестиция салар алдындағы зерттеулер мен ізденулерге қажет шығындар туралы ақпарат – егер олар жоба құнына қосылған болса, басқа тараптардан төленбейтін болса.

Ары қарай жобаны іске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшін бөлікше ретінде көрсету қажет :

  • жобаны жүзеге асыру жері ( таңдауды негіздей отырып) және құрылыс алаңы, олардың ерекшеліктері, климат, көліктік, инженерлік, әлеуметтік, инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылуы, құрылыс-монтаждау, қосымша жөндеу ұйымдарының болуы, өндіріс алаңдарының барлығы және олардың жағдайы, фискалды және заңдық тәртіп және т.б.;
  • өндіріс бағдарламасы және заңды тұлғаның қуаты, өндіріс технологиясы және оны таңдаудың негіздемесі, керек инженерлік құрылыстар, өндірістік активтердің басты басты түрлері (жабдықта және т.б.), оны жеткізушілер, жеткізу шарттары (жалға алу, сатып алу), бағасы;
  • материалдық қорларға жылдық сұраныс (шикізат, қосымша материалдар, бөлщектер, қосалқы бөлшектер, коммуналдық қызметтер және т.с.с.), қорларды жеткіщушілер, оларды таңдау негіздері, жеткізу шарттары, шамалы бағалары, басқа да ықтимал шикізат пен материал қорлары;
  • ұйымдық құрылым мен басқарудың басты элементтері;
  • жұмыс күшінің қажетті құрамы, саны, құрылымы, адам ресурстарының барлығы және құны, кәсіби даярлаудың қажеттігі және мұмкіндігі;
  • жоба бойынша жұмыстардың сметалық құны, оларды жоспарлау – құрылыс, монтаждау, эксплуатацияға енгізу және жабдықты жобалық қуатқа жеткізу мерзімі (әр кезеңді іске асыруға кетеін шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспар);
  • жобаны уақытында жүзеге асыруға арналған маңызды шаралар;
  • қарастырылып отырған тауардың сапасы бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жасау, сапа мен сенімділіктің қажетті деңгейіне жетудің нақты сипаттамасы;
  • шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару және негіздеу;
  • жобаны іске асырудың экологиялық салдары, экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

7. Инвестициялық климат пен тәуекелдер

Бұл бөлімде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға беріп, олардың даму үрдістерін жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет.

Жобаның сәтті жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердің талдауы және оларды төмендетудің амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептеліп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады.

Бизнес-жоспарды дайындау барысында келесі тәуекелдерді қарастыру жөн:

  1. Технологи ялық тәуекел.
  • Технологияның пайдаланылғандығы, жабдықтардың бар болуы, жөнділігі, жөндеуге жарамдығы; қосалқы бөлшектердің барлығы, қосымша жабдықтардың болуы;
  • Қызмет көрсетуші қызметкерлерді даярлау, жобамен қамтылған жағдайда кадрлық құрамның импорттық жабдықты қабылдау қабілеті; персоналды оқыту жоспарда бар ма, монтажға шетелдік мамандардың қатысуы;
  • Егер технология өндірісте игеріліп жатса – оның тұрақты және сенімділігіне сенім неге негізделеді;
  • Ұқсас түпкілікті тауарға ауысқан жағдайда технологиялық диверсификациялау мүмкіндігі.
Ұйымдық және басқарушылық тәуекел.
  • жұмысты орындаудың жоспар-кестесіның барлығы және оны орындаудың кепілдігі; барлық қатысушылардың жоспар-кестесін нақты орындауға қызығушылығының болуы;
  • ұйымдық олқылықтарды қайталау мүмкіндігі;
  • мамандандырылған басқарушы қызметкерлердің болуы (менеджерлерді сертификаттау );
  • жергілікті администрациямен қарым-қатынастар ( оның жобаға қатысуға қызығушылығын көрсететін дәлелдерді келтіру өте маңызды );
  • шешімі жергілікті администрациямен қарым-қатынастарға тәуелді сұрақтарды көрсету.
Шикізатпен қамтамасыз ету тәуекелі.
  • басты шикізатты жеткізушілер туралы ақпаратты талдау: шикізат қорын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
  • басқа шикізатқа көшу мүмкіндігі;
  • шикізаттыкірістік бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі.
Қаржылық тәуекел.
  • қазіргі қаржылық жағдай ( тұрақты, қанағаттандырарлық, тұрақсыз );
  • несиені өтеу көздері;
  • жобаға қатысушылардың төлемеу мүмкіндігі.
Кепілзат пен кепілдіктер бойынша тәуекелдер.
  • кепілзаттың бар болуы, несиені өтеудің кепілдігі;
  • кепілзаттың өтімділігі ( бағалы қағаздардың өтімділік дәрежесі ) және материалдық кепілзаттарды тиімді пайдалану мүмкіндігі ( жабдықтар, тауар, жылжымайтын мүлік ).
Экономи калық тәуекелдер.
  • құнсыздану, өзара төлемеушілік сияқты мәселелердің шиеленісуіне әкелетін елдегі экономикалық жағдай нашарлаған болса, заңды тұлғаның экономикалық жағдайының тұрақтылығы;
  • шикізат, көлік, энерготасымалдаушы бағалары мен тарифтердің өсу мүмкіндігін бағалау, олардың дайын өнім құнына әсер етуін бағалау;
  • возможность снижения платежеспособного спроса на продукцию в районе ее реализации и его влияние на общий баланс товарно - денежных активов юридического лица; наличие запасных рынков сбыта.
Салы климатымен байланысты тәуекелдер. Ықтимал салық заңнамасының қатаюы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын қанша нашарлатуы мүмкін. Экологиялық тәуекелдер, қалдықтардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуы үшін мүмкін айыппұл шаралары, олардың заңды тұлғаның экономичкалық жағдайына әсері. Сақтандыру өтемін алмау тәуекелі.
  • Сақтандырудың болуы, сақтандыру шарттарының жіті қарастырылуы.

8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар)

Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек :

  • жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншік нысаны (серіктестіктер бойынша жасалу және серіктестік шарттары көрсетіледі, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5 % жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесі көрсетіледі ); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;
  • директорлар кеңесінің мүшелері, олардың телефондары, кәсіби мамандықтары, қызмет туралы тізімі, осы саладағы жұмыс тәжірибесі көрсетілген қысқаша биографиялық анықтамалар;
  • басшылық құрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісу, кім қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.

9. Қаржылық жоспар

1. коммерциялық банктердің немесе басқа қарыз берушілердің (шетелдіктерді қоса алғанда) несие беруге келісімдері осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек: мемлекеттік кепілдіктің бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиені беру және өтеу мерзімдері, қосымша талаптар.

Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтініш сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы міндеттемемен нығайтылған болу керек.

Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттік кепілдікті алуға тырысса, осы бөлімде тәуекелдерді сипаттап, кепілдіктің маңыздылығын негіздеу керек.

2. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесі (пайда бойынша жоспары) өндірілген өнімді сатудан түскен түсімдердің бөлінуін, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемін көрсетеді.

3.Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың бастапқы деректері болып ақша түсімдері мен төлемдер жоспарының деректері табылады. Жобаны іске асырудың алғашқы екі жылы бойынша көрсеткіштер тоқсан бойынша бөлінумен көрсетіледі. Жобаның іске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәні табылады.

4. Инвестициялық жобаның тиімділігі таза дисконтталған кіріс көрсеткіштері кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі, залалсыздық межелі, бюджеттік әсер бойынша бағаланады.

5. Өтемділік мерзімі – осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кіріс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәні оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кіріс, кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі – тиімділік талаптары. Осы тиімділік талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесі конкурсқа құжаттарды өткізген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен кем болмау керек.

Жобаның тиімділігін анықтау кезінде таза кіріс мен амортизациялық шығындар көрсеткіштері тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледі, жұмыс істеп тұрған ұйымныңағымдағы шаруашылық қызметіне қатысты емес.

6. Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелі өнімді өткізу көлеміне сәйкес келуі тиіс.

Еспетлеген өнімді өткізу (шығару) көлемі жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуатымен салыстырылады.

Залалсыздық межелі тұрақты табыстардың мөлшері мен өнім бағасынынң әр түрлілігіне қатынасын өнімді өткізу көлеміне бөлгенде есептеледі.

7. Бюджеттік әсер – инвестициялық жобаның әсері осы жобаны жүзеге асыру барысындағы түсімдер мен облыстық бюджеттің төлемдері арасындағы сальдо. Есептерде түсімдер көлемі мен төлемдерді жобаны жүзеге асыру жылдары дисконттау жүргізіледі.

Тәуекелдерге баға беру

Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.

Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.

Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.

Қосымшалар

Көп жағдайларда потенциалды серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның және т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мәліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бәсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары және өзге де көптеген нәрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында бастауыш және ісін жүргізіп жатқан кәсіпкерлер бизнес жоспарды құру жөнінде сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар біздің мамандар Сіздің жобаңызға сәйкес бизнес жоспарды дайындап береді.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес жоспарды жазуға қатысты оқыту дәрістер жүргізіледі.



Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
с, бизнес жоспар қалай құру керек, бизнес жоспар құру жолдары, бизнес жоспар куру, бизнес жоспар калай жасауга болады, Бизнес-жоспар Қалай жазу керек, Бизнес жоспар құру жолдары және шағын бизнес жоспар қалай құруға болады, кәсіпорынның шағын бизнес жоспарын құрастыру, бизнес, жоспар, қалай, құру, керек, жолдары, куру, калай, жасауга, болады, Бизнес-жоспар, Қалай, жазу, Бизнес, және, шағын, құруға, кәсіпорынның, жоспарын, құрастыру, s, biznes zhospar қalay құru kerek, biznes zhospar құru zholdary, biznes zhospar kuru, biznes zhospar kalay zhasauga bolady, Biznes-zhospar Қalay zhazu kerek, Biznes zhospar құru zholdary zhәne shaғyn biznes zhospar қalay құruғa bolady, kәsiporynnyң shaғyn biznes zhosparyn құrastyru, biznes zhospar қalaj құru kerek, biznes zhospar kalaj zhasauga bolady, Biznes-zhospar Қalaj zhazu kerek, Biznes zhospar құru zholdary zhәne shaғyn biznes zhospar қalaj құruғa bolady, kәsіporynnyң shaғyn biznes zhosparyn құrastyru, biznes, zhospar, қalaj, құru, kerek, zholdary, kuru, kalaj, zhasauga, bolady, Biznes-zhospar, Қalaj, zhazu, Biznes, zhәne, shaғyn, құruғa, kәsіporynnyң, zhosparyn, құrastyru

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]