Наурыз көже қалай жасалады?
22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады.
Құрамы:
- ет, қазы-қарта, жал-жая;
- су;
- тұз;
- айран-1 стақан;
- тары-100 гр;
- күріш-100 гр;
- құрт.
Етті жуып, қазанға суға саламыз.
Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз.
Ет піскенде сорпаның тұзын тексеріп, қажет болса, тұздаймыз.
Күріш пен тарыны қосып, пісіреміз.
Көже дайын. Құртты суға ерітіп, малта жасап көжеге қосамыз. Айранды да солай.
Наурыз көже дайын. Астарыңыз дәмді болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Дайындаған: Сания Аринова, дереккөз
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: