Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна,
Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы,
Қараой мектеп-бала бақшасы

Сөйлеу –күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым-қатынас құралдарының қызметін атқарады.Тіл үйрету мәселесі бойынша зерттеу жүргізген Хакута мен Сноу «Тіл-унитарлық дағды емес, тіл-қабілеттердің кешенді конфигурациясы.» Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл- лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау және пайымдау дәрежесі мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі.Бұл жағадайда оқытушының байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі,әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді.
Егер оқушыда ынта мен ықылас, шетел тілін үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай.Демек білім беруші мен білім алушының арасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс. Дегенмен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімнің жұмысын біраз жеңілдететіні анық.
Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты мұғалімдер алған білімін оқушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Білімді қалыптастыру бойынша педагогтың құзырлық нормасы мына дағдыларды қалыптастырумен өрнектеледі.
«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады.»-деген
К.Ушинскийдің даналығында. Шетел тілін оқытудың жаңа технологиясы бойынша ізденіп сабақты дұрыс жоспарлау жұмыстың нәтижелі жетістігінің кепілі.Мысалы,ағылшын тілінің мультимедиалық дискілерді пайдалану оң нәтиже беретіні сөзсіз.5-11 –сыныптарға «Английский Путь к совершенству» интерактивті курстық CD-ді интертақтаның көмегімен немесе мултимедиялық кабинетте қолданған өте тиімді. 8 тарауда 40 сабақ берілген. 30 минуттық видеофрағменті бар, 90 минуттық аудиоақпараттар мен диалогтар, грамматикалық тест оқулығы, 40000 жаңа сөздер, 200 тапсырма, жаттығулар мен тесттер және да 20 жағдайлық ойындар берілген. Фонетикалық жаттығулар, диалогтар ағылшын тілінде сөйлейтін дикторлардың сөйлеуімен дыбысталған.«English Club Winnie-the Pooh» мультимедиялық дискі-тыңдап түсінуге арналған мәтін.Мультимедиялық дискіні қолдану арқылы оқушылар тыңдап түсінуге арналған мәтінмен жұмыс жасауға дағдыланады. Онда берілген қызықты граматикалық интерактивті жаттығулар, сауатты жазуын тексеруге арналған диктанттар, дұрыс жауап беруге арналған жаттығулар, дұрыс айтылуын тексеруге арналған жаттығулар арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін айқындауға болады. «Дәруменді курс ағылшын тілі» 5-8-сыныптарға арналған интерактивті сабақта орта мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Әр сыныпқа бағдарлама бойынша қосымша маериал ретінде қолдануса, мұғалімге оң нәтиже беретіні сөзсіз. Мұнда сөздіктер, диалогтар,емтихан тапсыруға дайындалу үшін арнайы тесттерді тапсырмаларды орындау үшін түсіндіруші видеогиді түсіндіріп отырады. Қашықтықтан оқытуға өте тиімді,әрі ұтымды.Мұғалім де, оқушы да уақытты тиімді пайдаланады. Сабақта «Sing and Learn» мультимедиялық CD-де дискіде 28 ағылышн және американдық халық әндер жинағы беріледі.Бұл техникалық құралды пайдалана отырып, оқушылар тек қана ән үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар тілді сөйлейтін ұлттардың айтылуымен интерактивті сөйлейтін жаңа сөздерді тыңдап, меңгереді және осы дискідегі арнайы тапсырмада берілген бағдарлама бойынша өздері әнді айтып,дискіге жазып қайтадан тыңдай алады.
Бұл менің сабақта қолданып жүрген материалдарым, тәжірибеде қолданып тиімділігін, нәтижесін көргеннен кейін сіздерге қолдануға кеңес беріп отырмын.Арнайы АБДИ дүкендерінде көптеген басқа да CD-лар сатылады. Бағасына қарамай сатып алуға кеңес беремін.
Оқытудың интерактивті режимі – оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация /бірінен біріне ауысу/ құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субъектілерінің диалогтік жұмыс режимі.
Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтің кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Электрондық оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:
-теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
-сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
-сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Компьютер қолданысқа кеңінен таралып, барлық салада толық енгізілген соң ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деп тегіннен айтылмаса керек. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, Интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекомуникациялық құралдары, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Компьютерлік технология- әлемдегі жетекші білім беру жүйесі мамандары мойындаған жаңа сапа, дәстүрлі білім беруді түбегейлі өзгертетін инновация. Компьютерді сабақта қолданып қана қоймай,сол сабақтан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу керек.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет», деп Елбасы ден қойып аса назар аударғандай жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Білім алушыларға бүгінгі ағыммен ілесіп комуникациялық- ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берсек, сапалы біліммен қаруланған ұрпақтың аспас асуы, ашпас қақпасы, алмас қамалы болмасы анық.

Әдебиеттер:
1.Т.Баймолдаев « Ақпараттық-білімдік ортада педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру»// Информатика негіздері 2010 ж. №1.2-4б.
2.К.К. Жаксымбетова «Информационно-коммуникационные технологии в обучении иностранному языку»// Шетел тілін оқыту әдістемесі.2007ж. №28-15б.
3.Екибасова Д.Д. //Ағылшын тілі мектепте журналы. 2009 ж.№ 4
4.Қ. Әсірәлиев «Неміс тілін оқытуда жаңа модульді қолдану»//Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері 2007ж №1.16-21б.
5.М. Ғалымжанова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру»// Информатика негіздері 2006 ж. №3.2-4б.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі, ағылшын тілі мұғалімдер сайты, мұғалімдерге кеңес, сабақты тиімді ұйымдастыру, білім, интерактивті, арқылы, арналған, бойынша, ақпараттық, жаттығулар, тілін, нәтиже, компьютерлік, сабақта, қолдану, құралдары, әртүрлі, берілген, қолданып, тиімді, түрлі, оқушылардың, береді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]