Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек?
Мамандық таңдау кезінде нені ескеру керек?
«Өскенде кім болғың келеді?», – бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін ең кең таралған сұрақтардың бестігіне кіреді. Мектептік өмір көзді ашып – жұмғанша өтті де кетті, ырқымызға бағынбай қоштасу кеші де, ҰБТ да жақындап келеді, ал “Кім болам” деген сұрақ түлекті де, оның ата – анасын да одан бетер алаңдатуда. Сол кезде адаспай өз мамандығымды қалай табуға болады деген сұрақ туындайды.
Ең бірінші мамандықтан не қалайтыныңды жақсылап ойланып ал. Саған қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын жоспарлайсың, жоғары жалақы саған қаншалықты маңызды, осындай сұрақтардың бәрін жақсылап ойланып ал. Әрине, ең бірінші өзінің қабілетіңді ескер. Математикадан үш алып жүріп бағдарламалаушы болам деп армандаудың қажеті жоқ.
Тағы бір пайдалы нәрсе – профориентацияға тестілер.
Бұл не? Әдетте, бұл сен келісетін немесе келіспейтін түрлі пікірлер. Мұндай тестілерде көптеген пәндер бойынша – физика, химия, астрономия, әдебиет және басқалары – сұрақтар болады; сондай – ақ, олар саған өзіңнің қызығушылықтарың мен мінезіңді, кейде зияткерлік дейгейіңді бағалауға көмектеседі.
Сондай – ақ, қазір жұмыс берушілер қандай мамандықтарға сұраныс жасауда, ал сен ЖОО – дағы оқуыңды бітіргенде, яғни бес жылдан кейін қандай мамандыққа сұраныс артатынын біліп алғаның жөн. Бірінші жағдайда ең жақсы көмекшің – газеттер мен жұмыс іздейтін сайттар, ал екінші жағдайда – интернет желісінен табуға болатын әлеуметтанушылардың болжамдары, өзіңнің жеке ойың.
Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер
Ең бірінші қандай да бір мамандықты таңдауға итермелейтін себептерді ішкі және сыртқы деп бөліп қарастырайық.
Сыртқы себептері қоршаған орта әсерлерімен: ата – аналардың, достардың, қатарластардың пікірі, сәттілікке қол жеткізуге деген құштарлықпен, сынаудан қорқумен байланысты.
Ішкі себептерге сен өзің жауап бересің – оларды сенің қабілеттерің, икемдерің, әдеттерің мен мінезің, тек солар анықтайды.
1. Мотивтер тізімінің көшбасшысы – мамандықтың беделі. Бұл ойлап қарағанға жаман мотив емес, алайда онда тығулы қақпан жатыр. Біздің уақытымызда экономикалық және заңгер мамандықтары мәртебеге ие. Алайда, нарықты қазір бухгалтерлердің, әсіресе жоғары білімі жоқ бухгалтерлердің тым көп болып кеткені сезілуде. Болашақта заңгерлер мен экономистерге сұраныс қалай болатынын тек болжауға болады. Бұдан шығатын қорытынды – мамандық таңдау кезінде оның беделі басты фактор болмауы тиіс; оны ескеру керек, бірақ тек қана сол факторға тірелген дұрыс емес.
2. Мамандық таңдау кезінде мәртебелі екінші орынды жоғары жалақы алады: кім болып жұмыс істесең де, жақсы ақша алу. Мұнда үлкен қақпан жатыр, тек бұл мотивті басшылыққа алған кезде адамдар риясыз, кейде заңсыз қызметтер атқарады.
3. Қалыпты жағдайда жалақының өсуі квалификацияның жоғарылауына тікелей тәуелді. Жалақысы әуел бастан жоғары мамандықтар, әдетте, квалификацияның жоғарылауын қарастырмайды. Бес жылдан кейін даяшы мен бастапқы банк қызметкерінің табысы теңеседі, ал бірнеше жыл өткен соң – банк қызметкерінің табысы да даяшының табысын әлдеқайда артқа тастайды.
4. Мамандықтың өзіне деген қызығушылық, яғни оны таңдаудың ішкі себебі өкінішке орай төртінші орынды қанағат тұтты. Кімнің жұмысы өзіне қуаныш сыйласа, ол іс оның сүйіктісіне айналады және жұмыс істеу де нәтижелі, әрқашан жетілу үстінде болады. Сәтті жұмыстың ажырамас бөлігі ретінде оның қызмет бабы бойынша жылжуы және әріптестерінің сыйласымды қатынастары жүреді. Осылайша, бағдарламалаудың фанатына айналған жігіт түптің түбінде жаңа бағдарламалау тілін құрастырушыға және бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы кәсіпорынның исеіне айналады. Оның басқарушы міндеттің сүйікті іске толығымен берілуге уақыт қалдырмайтынына ғана өкініші болады.
5. Еңбек шарттары да қандай да бір мамандық таңдауда өзінің рөлін атқарады. Кейде жұмыс орнын ауыстырып, еңбек шарттарын да айтарлықтай өзгертуге болады, – кейбір мамандықтар бұған мүмкіндік береді. Мысалы, далалық партиядағы геолог (палаткалар, тайга, тұрақты іссапарлар) және мұнай өндіруші кәсіпорындағы инженер – геолог лауазымындағы геолог (қала, кеңсе, ешқандай іссапар жоқ)- екеуі де бір геологиялық факультеттің түлектері.
6. Тағы бір себеп – оқудың қолжетімділігі. Өзің тұратын қалада жоғары білім алу – бір іс, ал жердің түбіне барып оқу – екінші мәселе. Ал егер барлық оқу орындары жоқ кішірек қалада тұрсаң ше? Оңда Сен оқудың қолжетімділігін басшылыққа алып мамандықтар тізімін қысқартасың. Өкінішке орай, ЖОО – на грантқа түспей қалғандағы оқудың қолжетімділігі жайлы айтар болсақ, онда оқудың төлемақысы үлкен рөл атқарады. Әрине бұл мәселенің де шешімін табуға болады: банктан несие алу, кешке жұмыс істеп, сырттай оқу бөліміне тапсыру, бірақ қайткен күнде де қалаған мамандықтың иесі болу.
Қандай да бір мамандықты таңдаудың көптеген мотивтері түптің түбінде қателіктерге апаратынын байқау қиынға соқпайды.
Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер
1. Мамандық таңдауға өзгермейтіндей қарау.
Кез келген қызмет саласында адамның квалификациясының өсу шамасы бойынша жұмыстың, қызметтің ауысуы болып тұрады. Сонымен қатар ең үлкен жетістіктерге бастапқы баспалдақтардан жақсы өткендер жетеді.
2. Мамандықтың беделі туралы пікірлер.
Мамандыққа қатысты қателіктердің бірі кейбір қоғамға пайдалы мамандықтар ұятты, төмен саналады (мысалы, қоқыс тазалаушы). Экономист немесе психологтың қоғамға пайдасы химик пен темір ұстасының пайдасынан артық емес. Мамандықтың беделі Сіздің қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізден кейін барып қана ескерілуі тиіс. Әйтпесе “сәнді”, бірақ сізге ләззат сыйламайтын маман иесі боласыз немесе негізгі жұмыс функцияларыңызды атқаруға жарамсыз боласыз…
3. Достарыңыздың әсер етуімен мамандық таңдау (солармен бірге болу үшін, қалып калмас үшін).
Біз мамандықтың киім немесе аяқ киім сияқты “ұнағанын” “мөлшері сәйкес келетінін” таңдаймыз. Топ, қатарластарға бейімделу – сенің жасындағы балалардың өте жағымды ерекшеліктері. Олар қоғамда өзіңді ұстау нормаларын меңгеруге, “МЕН” образының және өзіндік бағаңның қалыптасуына қажет. Сондақтан басқаларға өзіңді олармен САЛЫСТЫРА отырып қара, көз жұмып олардың істерін қайталай берме. Өзіңнің олардан айырмашылықтарың мен ортақ ұқсастықтарыңды көруге тырыс. Бұл, мысалы Болат өрт сөндіруші (ол – тәуекелге баратын адам) мамандығына барса, ол мамандықтың саған жарамайтынын (сен өте сақ және парасатты адамсың) көрсетеді.
4. Қандай да бір маман иесі – адамға қатынастың мамандыққа қатынасқа ауысуында.
Мамандықты таңдау кезінде сол қызметпен айналысатын адамның саған ұнамайтынына емес, берілген қызметтің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Әсіресе мұғалімді ұнату қауіпті (егер саған физика ұнаса, ол саған “комплектсіз” тек физика пәні ұнайды деген сөз емес). Сондай-ақ, балалар өздерінің кумирлерінің мамандығын аламыз деп шатасып қалады – спортшы, саясат, журналист, әртіс. Спортшылар – бәрі ондай емес.
5. Мамандықтың сыртқы немесе басқа бір бөлігін ғана ұнату.
Актердің сахнадағы оп – оңай образының артында ауыр, күнделікті еңбек жатыр. Ал журналисттер әрдайым телехабарларға шықпайды, олар көбінесе басқалар хабарлайтын (телевидениедегі диктор) 10 минуттық хабарды дайындар алдында көптеген ақпараттарды, мұрағаттарды ақтарады, ондаған адамдармен сөйлеседі.
6. Оқу пәнін мамандықпен теңестіру немесе бұл ұғымдарды нашар ажырату.
Ағылшын тілі деген пән бар және тілге деген қабілет керек мамандықтар көп – аудармашы, экскурсия жетекшісі, халықаралық байланыс телефонисі және т.б.. Сондықтан мамандық таңдау кезінде бұл пәннің әрі жағында қандай істер мен мамандықтар жатқанын ескеру қажет. Ол үшін ең жақсысы мамандықтар сөздігі мен профессиограммаларды ғана жаттап алмау керек. Еңбек биржасындағы вакансиялар бар газеттерді талдау қажет (әдетте, оларда нақты бір вакансия үшін қандай білім талап етілетіні көрсетіледі). Мысалы, лингвистикалық білімі (мектептегі “орыс тілі мен әдебиеті”, “шет тілі” пәндері) бар адам мұғалім болып, аудармашы болып, редактор болып және хатшы болып жұмыс істей алады. Мамандықтың мектеп пәндеріне қарағанда көп екенін ұмытпа. Заңгер, маркетолог, аппаратшы болуға болады. Мамандықтар көбінесе бірнеше мектеп пәндерімен байланысты болады (әдетте, осы мамандық бойынша ЖОО – ға түсер кездегі емтихан пәндеріне сәйкес келеді). Мысалға, болашақ экономистке мектепте математика да, география да ұнауы мүмкін.
7. Материалдық өндіріс саласындағы еңбек сипаты туралы ескірген ойлар
Барлық мамандықтарға, соның ішінде бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарға күрделі және қызықты техника енгізіледі, еңбек мәдениеті көтеріледі (ал компьютер барлық салаларға – тіпті мал шаруашылығына да енгізіледі).
8. Өзінің жеке қасиеттерін ажырата алмау (оған ықылассыз болу).
Өз – өзіңді тануға профкеңескерлер, ата – аналар, мұғалімдер, әріптестер көмектеседі. Психологиялық тестілер, сондай – ақ, мақалалар және танымал психология тақырыбындағы публикациялар да пайдалы болуы мүмкін.
9. Мамандық таңдауда өзінің физикалық ерекшеліктерін, кемшіліктерін, білмеу (дұрыс бағаламау).
Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне ауыртпалық түсіреді, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді…
10. Мамандық таңдау кезіндегі мәселені шешу, ойластыру кезінде негізгі әрекеттерді, операцияларды білмеу.
Сен математикадан есеп шығарған кезде сен белгілі бір кезектілікпен амалдарды орындайсың. Мамандықты таңдау кезінде де дәл солай ету керек.
Таңдалған шешімге жеті қадам
1. Сәйкес мамандықтар тізімін жасау
Өзіңізге ұнайтын, жұмыс істегіңіз келетін, сәйкес келетін мамандықтар тізімін жасаңыз.
2. Таңдалған мамандықтар талаптарының тізімін жасау
Өзіңіздің талаптарыңыздың тізімін жасаңыз:
- таңдалатын мамандық және болашақ қызмет аясы;
- таңдалатын мамандық және өмірлік құндылықтар;
- таңдалатын мамандық және өмірлік мақсаттар;
- таңдалатын мамандық және бүгінгі өзекті мәселелер;
- таңдалатын мамандық және мамандық бойынша жұмысқа тұру;
- кәсіптік даярлықтың қажетті деңгейі;
- таңдалатын мамандық және менің қабілеттерім мен икемдерім;
- ойымдағы жұмыс сипаты мен шарттары.
3. Әрбір талаптың маңыздылығын анықтау
Барлық талаптардың қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз. мүмкін, ескермеуге болатын, маңызы аздау талаптар да бар шығар.
4. Әрбір сәйкес келетін мамандықтың талаптарына өзіңіздің сәйкестігіңізді бағалау
Сіздегі мамандыққа қойылған талаптардан басқа, мамандықтың өзінің де талаптары бар. Сіздің кәсіби сапаларыңыз дамыған ба, сіздің зияткерлік қабілеттеріңіз, психологиялық ерекшеліктеріңіз, денсаулық жағдайларыңыз мамандықтың талаптарына сәйкес келе ме, соны талдаңыз.
5. Нәтижелерді есептеу және талдау
Барлық пункттер бойынша Саған тізімдегі қай мамандық сай келетінін анықтау.
6. Нәтижелерді тексеру
Сенің ойларыңның дұрыстығына көз жеткізу үшін өз шешіміңді достарыңмен, ата – анаңмен, мұғалімдермен, психологпен, профкеңесшімен талқыла.
7. Сәттілікке бастайтын негізгі тәжірибелік қадамдарды анықтау
Сонымен, Сіз шешім қабылдадыңыз, енді: Саған қай оқу орнында кәсіптік білім ала алатыныңды, кәсіби маңызды қасиеттерді қалай дамытуға болатынын, еңбек нарығында өзіңнің бәсекеге қабілеттілігіңді қалай арттыруға болатынын анықтау маңызды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: