Гайморит емдеу жолдары

Гайморит емдеу жолдары

Гайморит - мұрынның екі жағында орналасқан гаймор қуысының қабынуы. Бұл ауру, әсіресе, күз-қыс айларында тұмаудың асқынуынан дамиды. Оның белгілері - бас ауырады, мұрынмен дем алу қиындап, одан қою сұйықтық ағады, қысқаша айтқанда, ауру асқынып кетіп, дене қызуы жоғарыласа, онда гаймор қуысын рентгенге түсіріп, «пункция» жасату керек. Егер сырқаттың жағдайы жақсы болып, жоғарыдағы ауру белгілері болмаса, онда гаймор қуысын инемен теспей, қарапайым жолмен (аппаратпен) жуып, дәрі жіберіп емдесе, ол жазылып кетеді. Бұл әдіс «кукушка» деп аталады. Сонымен қатар физиотерапевтикалық ем қабылдаса, ауру тез айығып кетеді.
Тұмаудың асқынуы немесе тіске құрт түсудің салдары гайморитке әкеп соғады. Гайморит — жоғарғы жақ iшiндегi кеңсiрiктiң кiлегей қабықшасының қабынуы. Қызылша, тұмау, скарлатина аурулары мен азу және ақыл тiстер уақытында дұрыс емделмегеннен гайморит ауруы пайда болады. Иiс сезу қабiлетiн жойып, ұйқыны бұзатын, дене қызуын көтеріп, адамды әлсiрететiн гайморит қандай ауру?
Гайморитті ең алғаш 1613-1685 жылдар аралығында ағылшын тәнтанушысы Н.Гаймор ашқан. Кейін бұл сырқат Гаймордың есімімен аталса керек.
Гайморит қалай пайда болады? Тіс тамырларының қабынуы көп жағдайда гайморитке әкеп соғады. Сол себепті тіске үлкен мән бере білген жөн. Сонымен қатар, бактериялар мен вирустар да гаймориттің дамуына жол ашады. Олар алдымен мұрын арқылы ішке еніп, қанға араласады, содан соң мұрын сырты ісініп, қызарады. Одан кейін ағза әлсiреп, иммундық жүйе вирустармен күресе алмайды. Иммунитеттiң төмендеуiнен көптеген созылмалы аурулар пайда болады. Гаймориттi дер кезiнде емдемесе, кеңсiрiкке түскен iрiң миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкiн...
Гаймориттің белгiлерi: Алдымен науқастың мұрны бiтiп, демалуы қиындайды. Мұрын тұсы жағымсыз күйде болып ауырады. Даусы қырылдап, тамағы, тісі ауырады. Көп жағдайда мұрын қуысынан шырышты, түссiз немесе iрiң (жасыл, сары түстi) сұйық зат бүлiнедi. Сырқаттың халi нашарлап, шаршайды. Тамаққа тәбетi болмай, ұйқысы бұзылады. Дене қызуы 38 градусқа көтеріледі немесе кейде одан да жоғары болады. Бұл белгілер гаймориттің жедел түріне тән.
Ал гаймориттің созылмалы түрiнде дене қызуы онша көтерiлмейдi. Мұндағы белгілер — науқастың көзi жасаурап, иiс сезу қабiлетi төмендейдi. Ауру адам қалтырап тоңып, дене қызуы көтерiлiп, бетi iсiнедi, көзі, басы ауырып, әлсірейді.
Гаймориттен емделу жолдары: Ауру белгiсi бiлiнiсiмен-ақ, жедел түрде дәрiгерге көрiну қажет. Себебі гайморит — қауіпті дерт. Гаймориттiң жедел түрiн қарапайым әдiстермен емдеуге болады. Мұрын қуысын антибиотиктi ерiтiндiлермен жуу қажет. Сондай-ақ, хитозан, биокальций, синуфорте дәрiлерімен емдейдi.
Ал созылмалы гайморитке хирургиялық әдiс қолданылуы керек. Кеңсiрiктi тесiп, ондағы жиналған iрiңдi шығарып, тазалайды.
Сонымен қатар, гаймориттi белгiлi нүктелердi тауып массаж жасау арқылы емдеуге болады. Массаж қан айналымын жақсартады, оттегi жетiспеушiлiгiн арттырады, демалу жолдары — тамақ, көмей, дауыс шымылдығын ашады. Мұрын тұсын сұқ саусағыңызбен баса отырып, сағат тiлiнiң бағытында, 20-30 секундтай уқалаңыз. Уқалағаннан кейiн мұрынды мiндеттi түрде тұзды сумен немесе теңiз тұымен ша-йып отыру қажет. Массаж таза мұрынға жасалады, сол себепті мұрында еш-қандай iрiң болмауы керек. Массажды таңертең, түсте, кешке жасап тұрсаңыз, гайморит жоғалады. Немесе 10 рет демалып, демiңiздi шығарыңыз (4-6 секунд). Содан соң үлкен, сұқ саусағыңызбен мұрныңыздың оң және сол жағын жауып демалып, ба-бо-бу деген сөздердi созып, қайта-қайта айту керек. Демдi iшке тартып, сыртқа мұрын арқылы жiберiп, 5-10 секундқа демiңiздi ұстап тұрған жөн. Бұл мұрынмен демалуға көмектеседi.
Мұрынды лимон шырынымен жуу да гаймориттен жазылуға көмектеседі. Ол үшiн сiзге 1 лимон және қайнаған су қажет. Лимонның шырынын шығарып, 1:10 стаканға құйып, оның үстiне қайнаған су құяды. Дайын шырынды кең әрі үлкен ыдысқа құйып, басыңызды иiп, мұрныңызбен сол тұнбаға демаласыз. Демалғанда тұнба мұрынның iшiне кетіп, аузыңыздан шығады. Бұл мұрынды тазалау үшiн керек.
Гайморитпен ауырмау үшiн кариеспен зақымдан-ған тiстердi уақытында емдеп, тұмау сияқты жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтану керек.
Гайморит ауруының негізгі қоздырғыштары — инфекция: вирустар мен бактериялар. Індет (инфекция) мұрын қуысы және қан ар-қылы гаймор қуысына түсіп, ол қуысты зақымдайды. Көп жағдайда жоғарғы жақ тіс тамырларын қоршап жатқан етті аумақ жұмысының қалыпты жағдайдан ауытқуынан вирустар мен бактериялар гаймор қуысына еніп кетеді. Гайморит ауруының белгілері: бас ауруы; мұрынмен тыныс алудың қиындауы; мұрыннан қою сұйықтықтың ағуы; тұмаудың ұзаққа созылуы.
Иіс сезу қабілетін жойып, адамды әлсірететін, дене қызуын көтеріп, ұйқыны бұзатын бұл ауруды халықтық медицинамен емдеудің бірнеше жолы бар:
1. Картоп. Қабығымен қайнатылған картоптың суын төгіп тастаңыз. Басыңызды бүркеп, картоптың буына дем алыңыз.
2. Мұрынды лимон шырынымен жуу. Ол үшін сізге 1 лимон, қайнаған су қажет. Лимонның шырынын шығарып алып, 1:10 стаканға құйып, үстіне қайнаған су құйыңыз.Енді оны кеңірек ыдысқа құйып, басыңызды иіп, мұрныңызбен сол тұнбаға дем алыңыз. Дем алғанда тұнба мұрынның ішіне кетеді, бірақ ол аузыңыздан шығады. Бұл мұрынды тазалау үшін керек.
3. Гайморит дендеген орындарды бүтіндей асылған жұмыртқамен жылытады. Ыстық жұмыртқаларды майлыққа орау қажет, майлыққа оралған жұмыртқаларды мұрынның екі жағынан да жұмыртқалар әбден суығанша ұстау қажет. Бұл процесс жатар алдында орындалса әсері мол болмақ.
4. Қайнатылған жылы суға йод тұнбасының бірнеше тамшысын немесе марганцовканың бірнеше түйірін қосып, осы қоспамен мұрын танауларын шаю қажет. Гайморитпен науқастардың көпшілігіне тұзды сумен жуу да пайдалы: бұл жағдайда тұз салынған жылы суды мұрынмен ішке тартып, ауызбен түкіріп тастайды.
5. Табиғи балды зәйтүн майымен тең мөлшерде араластырасыз. Шалқаңыздан жатып, әрбір танауға 3-4 тамшыдан тамызу керек. Осыдан кейін 2 сағатқа дейін далаға шықпаған дұрыс.
Халықтық әдістермен емдеуден басқа, гайморитпен ауыратын адам маман-дәрігердің де көмегінен бас тартпағаны жөн. Осы ауыратындар мынаны ескергені дұрыс: салқын тигізбеу, тұмау ауруының кез келген белгісі байқала салысымен емдеу және берілген барлық дәрігерлік кеңеске құлақ асуы қажет.
Бұл ауруға немқұрайлы қарамаңыз. Өйткені, гайморитті дер кезінде емдемесе, кеңсірікке түскен ірің миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гайморит емдеу жолы, гайморит емдеу жолдары, гайморит ауруын емдеу жолдары, Гайморит ауруын үй жағдайында емдеу, gaimorit emdeu

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]