ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?
Осы сұрақты әрбір түлек өзіне қоятын шығар. Мен де бір жыл бұрын ҰБТ туралы барлық сайттарды ақтарып, баспасөздегі мақалалардың бірін қалдырмай оқып, өзімнен бұрын оқып кеткен достарымнан, туысқандарымнан сұрай беретінмін. Кішкене қауесет тараса, соған сеніп, министрге хат жазуға дейін баратынбыз. Қазір ойласам, өте күлкілі екен. Бос алаңдап, түнімен ұйықтай алмай шыққан кездеріміз де болды.
Бірде «ҰБТ-ны өзгертіп, оның орнына емтихан түрінде тапсыратын болыпты» деген қауесет тарап, екі жыл бойы тестке дайындалып жүрген біз әбден әбігерге түсіп едік.
Жас талапкерлерге айтарым – еш күйзелмеңдер, сабырмен дос болыңдар! Еш қорықпай, қаймықпай, сабақтарыңды ынтамен оқып, өздерің тапсыратын 4 пәнді індете қараңдар. Жылда тест сұрақтары жаңартылып, аздап қиындатылатыны болмаса, басқа айтарлықтай ауырлығы жоқ екен.
ҰБТ-ға дайындық кезінде жинаған азды-көпті тәжірибем бар, соны өздеріңмен бөліссем деймін.
1. Біреулер 5-11 сынып аралығындағы кітаптардың бәрін алып оқиды, ал кейбіреулер тесттен бас алмайды. Менің ойымша, осы әдістердің біріне ғана қатып қалып, ұстанып жүре берудің қажеті жоқ. Адам жан-жақты болуы шарт. Кітаптардың бәрін оқи берсе, ештеңе басқа кірмейді. Мәселен, бір кітаптың 4-5 тақырыбын оқып алып, сосын соған орайласатын тест сұрақтарына жауап берсе, қонымды әрі нәтижелі болады.
2. Сынақ тесттерді толтырғанда, ешкімнен көмек сұрамай, өзің істеуге тырыс. Кейде тестке беріліп жазып отырғанымда, достарым қайта-қайта ойымды бөліп, сұрай беретін. Сол кезде ренжімей, қайта көмегімді аямай, бәріне көмек беруге тырыстым. Сосын «уақытым басқаларға көбірек кетіп қалды ғой» деп қамығып та қалатын едім.
3. Өзіңнің қолыңдағы тест кітапшаларын ғана емес, сыныптастарыңдікін де алып, таныс. Саған беймәлім сұрақтар сонда жүруі мүмкін. Түсінбеген сұрақтарды сыныптастарыңмен бірге талқылаудан тайсақтама.
4. Бұрын оқыған тақырыптарды қайталап оқи бергеннің де пайдасы көп.
5. Тек оқумен отыра бермей, далада серуендеп, достармен қыдыруға да уақыт табу керек. Тамақтану рационын да дұрыстау керек. Тым тәтті әрі майлы тағам адам миының жұмыс үрдісін баяулатады. Шоколад, мәселен, адам миының дұрыс әрі тез жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, алайда оны да көп жей беруге болмайды.
6. Кейбіреулер ешқашан бармаған мешіттеріне немесе ғибадатханаларға тура ҰБТ тапсыратын жылдары барып, сыйына бастайды. Өзі оқымай, көктен көмек сұрай берген де жөн емес. Сонымен қатар, ырым-нанымға да қатты сене беруге болмайды.
7. ҰБТ-ға дайындалумен қатар, күнделікті сабақтарға да тиянақты дайындалу керек. Әсіресе, қоғамдық білім негіздері, құқық, тәрбие сабағы дегендерді сабақ құрлы көрмейтіндер болады. Бірақ осы сабақтарды жақсы оқыса, университеттің І курсына келгенде міндетті түрде өтетін философия, мәдениеттану, тарих сияқты пәндердің бағдарламасын игеруге көмегі көп тиеді екен.
8. ҰБТ-ға дайындық барысында тек бір сабаққа ғана, мысалы, әркімнің өзіне қиын соғатын сабағына ғана немесе математикаға ғана көңіл бере беру тіпті дұрыс емес. Мәселен, мен, шынымды айтсам, математикадан әдетте 15-18 балл ғана жинап жүрдім. Одан 20-25 балл алу үшін тек математиканы тынбай оқи беріп едім, басқа сабақтарым бірте-бірте төмендей бастады. Сондықтан 5 пәнге де бірдей уақыт бөлген жөн.
9. «Достық», «EdTech», «Достар», «ҰБТ-ға дайындалу бұрышы», т.б. курстарға сеніп, өз бетінше оқымай қоюға болмайды. Курстардың өзі жоғары балл жинауыңа кепілдік бере алмайды. Мен достарыммен бірге ешқайда бармай-ақ, өз бетімше дайындалдым. Нәтижесі жаман болмады, 118 балл жинап, грант иегері атандым.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, егер оқымасаң, алға қойған мақсатыңа жете алмайсың. Қашанда оқи отырып, қинала отырып, оптимистік көзқараста болған жөн.
Сауалнама
Дәл қазіргі уақытта мектеп бітірушілер жаппай ҰБТ-ға дайындықта. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың мәлімдеуінше биылдан бастап колледж бітіргендер де тест тапсырады. «Тоғызды бітіріп кетем» деушілерді министрлік осылай құрықтамақ. Емтиханнан өту үшін ең төменгі балл – 50 сұраққа, ал жоғары ұлттық университеттерге түсу үшін 70 сұраққа дұрыс жауап беру керек.
Кезінде ҰБТ-сыз-ақ оқуға түскендер бар. Олар емтиханға қалай дайындалды. Оқуға түсу үшін не істеу керек? Бұл сауалдарға біздің кейіпкерлер жауап берді.
«Оқуға түсем» деп мүлде дайындалған жоқпын. Сабақты уақытында оқысаң болды емес пе? Мектеп бітірген соң, бірден Мәскеуге бардым. «Бізде әділдік болады» дегенге сенбедім. Мұнда тамыр-таныс болмады. «Құласаң нардан құла» деп, ММУ-ге барып құжат тапсырдым. Математикадан – «5», орыс тілінен «2» алдым. Қас қылғанда, Лев Толстойдың шығармашылығынан мазмұндама жаздырды. Толстойда құрмалас сөйлемдер көп. Беталды үтір, дефис қоя беріппін. Аппеляцияға беріп жүріп, «3»-ке әрең қол жеткіздім. Сөйтіп, оқуға түсіп кеттім. 4 рет Одақтық олимпиадаға қатысып, жүлде алғам. Соным ескерілді. Студент кезімде Лениндік шәкіртақының иегері болдым. Негізі мені құртқан – тілім. Мектепті «қызылға» бітірер кезде әдебиеттен «4» қойып қойды. «Шығарма жаза алмайсың» деп шешті. Әу бастан қыршаңқы едім. Елдің бәрі сияқты ойлағым келмейтін. Мектепте жүргенде Бекежанды «жағымсыз кейіпкер» деп түсіндіретін. Мен оған қарсы шықтым. Меніңше, Бекежан – жағымды кейіпкер. Ол пәленбай жыл біреудің қойын бағып, қызмет етеді. «Ақысына қызыңды аламын» дейді. Бәрін берем деген бай қызын бермей, тайқып шығады. Өйткені, сырттан Төлеген келеді. Логикалық тұрғыдан қарасаң, Төлегеннің Қыз Жібектің еліне титей де еңбегі сіңген жоқ. Неге ол қызға ие бола салу керек? Сол елдің отынан кіріп, күлінен шыққан Бекежан неге күю керек? Қыз Жібек пен Төлеген үйленсе, жарты жылдан соң ажырасып кететін еді. Өйткені, Төлеген оң-солын танып үлгермеген, желкілдеп тұрған бала ғой.
Оқушы кезде Абайды түсінбедім. «Мектепте өлең оқығанша, өмірге жақын нәрселерді оқытпай ма» дейтінмін. Мысалы, қазір де футбол, интернет, фильмдер туралы қызықты мақалалар оқыған жақсы, баланың ұнатпайтын сабағын оқытқанша. Өмірге жақын нәрселерді практикалық тұрғыдан оқыту керек. ІІІ курстан бастап қана Абайды оқыдым. Қаймақ сияқты, оқыған сайын тұншығып қаласың. «Амалдап, қарағайды талға жалғап, әркім жүр алар жердің ебін қамдап» дейді. Қазіргі өмір. Абай өлеңді жүрекпен емес, ақылмен жазған. Ол ешқандай лирик емес. Оның мықтылығы – ойының тереңдігі.
Балаларға айтарым, халтурасыз сабақ оқу керек. Оқуға түсуді өмірдің шыңы сияқты ойлайды көп бала. Оқуға түсумен өмір бітіп қалмайды. Жеңіле білетін адам – нағыз адам. Жеңілмесең, адам бола алмайсың. Жас кезімде өмірден көп таяқ жедім. Ол үшін өкінбеймін. «Жетістікке жетем» деп еңбектендім. Мені өсірген – еңбек.
ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСТІҢІЗ?
Оқуға түсу үшін 10-сыныптан бастап, 1998 жылдан 2007 жылға дейінгі 4 пәннің тест сұрақтарының барлығын жаттадым десем қателеспеймін. Биология, математика пәндерінен арнайы маман дәрісін алдым. Өзім Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның түлегімін. Оқушы кезде ҰБТ-дан 120 балл алуды армандайтынмын. Бірақ ондай межеге жетемін деп ойламаппын. Бабыммен қоса, бағым да жанған болар, 2007 жылы республика бойынша оқуға тапсырған талапкерлер арасынан 120 балл жинаған 2 адамның бірі мен болдым. Берілген 3 сағатқа жуық уақыттың 20 минутында қазақ тілі, Қазақстан тарихы, биология пәндерінің жауабын таптым. Есеп шығаруға да аса көп уақытым кеткен жоқ. ҰБТ тапсырғанда, жауап ұяшықтарын бояу маңызды, берілген уақыттың ең көбін соған сарп еттім. Жауапты біліп тұрсаң, тест белгілеуге арналған уақыт қалай болса солай жететініне өз тәжірибемнен көзім жетті.
Қазіргі кезде С.Асфендияров атындағы медициналық универ-ситеттің V курсында оқып жатырмын. Ай сайын президенттік шәкіртақы аламын. Болашақта акушер-гинеколог болсам деймін. Себебі, бала өмірге келген сәттегі ананың бақытты жүзін көргім келеді. Медицинаның басқа саласындағыдай емес, бұл жерде көбінесе қуанышты жағдайлардың куәгері боласың.
ҰБТ-ға дайындалып жатқан ізбасарларыма тек сәттілік тілеймін. Ең бастысы – үлкен нәрсе армандау керек. Оқушы кезде тек оқуды ойлаған жөн. Сонда «ҰБТ-да әділдік болмайды. Оқуға тек байдың балалары түседі. Әділдік жоқ» деген пікірдің қисынсыз екеніне көзің жетеді.
Мен мектепті 1992 жылы бітірдім. Ол кезде ҰБТ деген жоқ. Белгілі бір пәндер бойынша жазбаша сұраққа жауап береміз. Сосын журналистикаға тапсыру үшін шығармашылық емтихан да тапсырдық. Ол кезде оқуға түсуге қанша жерден дайындалсаң да, «бармақ басты, көз қысты» жағдайлар жиі орын алатын. Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі ҰБТ-ны қолдаймын. ҰБТ баланың өзін көрсетуге мүмкіншілік береді. Болашаққа сеніммен барады. Ал біздің замандастарымыз жылдар бойы оқуға түсе алмай, сабылып жүретін.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында ата-әжеммен бірге тұрғандықтан, ауылдық мектепті бітірдім. Мектепте жақсы оқыдым. Өте намысшыл болатынмын. Мен мектеп бітіретін кезде әкем Сейдолла Садықұлы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде деканның орынбасары болатын. Жасырары жоқ, оқуға түсуге әкемнің фамилиясы да көмектесті. Бірақ өзім де талпындым. «Әкесінің арқасында оқуға түсіпті» деген сөзге қалудан қорықтым. Бала кезде (4-сыныптан бастап) республикалық «Ұлан» газетіне мақалам жиі шығатын. Ол кезде «Ұланға» мақалаң шықса, сен бүкіл аудан, облысқа танымалсың. «Ұланға» жарысып мақала жазатын балалармен кейін бір курста оқыдық.
Оқуға түскенде, «әкем осында істейді» деп шіреніп жүрмедім, намысқа тырысып оқыдым.
Қазіргі мектеп оқушыларының ізденістеріне, белсенділіктеріне қызығамын. Ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген балалар да көп. Әлі де болса, ауыл баласының мүмкіндіктері шектеулі. Олар белгіленген кітапшалар арқылы ғана ҰБТ-ға дайындалады. Ал қала балалары ата-анасының ақшасы болса, түрлі үйірмелерге, қосымша сабақтарға қатысып, білімін жетілдіреді. Ауыл баласы оқуға түскен соң, қала баласынан екі есе көп еңбектенуіне тура келеді.

Раушан ШАМШАРХАН,
ҚазҰПУ-дың І курс студенті

ОҚУҒА ТҮСУМЕН ӨМІР БІТІП ҚАЛМАЙДЫ
Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик

ҮШ ПӘННІҢ ЖАУАБЫН 20 МИНУТТА ТАПТЫМ
Алуа МАНСУРОВА, 2007 жылы ҰБТ-дан 120 балл алған талапкер

ҰБТ-НЫ ҚОЛДАЙМЫН
Толқын СЕЙДОЛЛАҚЫЗЫ, журналист,
«Еларна» телеарнасының продюсері
Толқын СЕЙДОЛЛАҚЫЗЫ, журналист,
«Еларна» телеарнасының продюсері
Мен мектепті 1992 жылы бітірдім. Ол кезде ҰБТ деген жоқ. Белгілі бір пәндер бойынша жазбаша сұраққа жауап береміз. Сосын журналистикаға тапсыру үшін шығармашылық емтихан да тапсырдық. Ол кезде оқуға түсуге қанша жерден дайындалсаң да, «бармақ басты, көз қысты» жағдайлар жиі орын алатын. Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі ҰБТ-ны қолдаймын. ҰБТ баланың өзін көрсетуге мүмкіншілік береді. Болашаққа сеніммен барады. Ал біздің замандастарымыз жылдар бойы оқуға түсе алмай, сабылып жүретін.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында ата-әжеммен бірге тұрғандықтан, ауылдық мектепті бітірдім. Мектепте жақсы оқыдым. Өте намысшыл болатынмын. Мен мектеп бітіретін кезде әкем Сейдолла Садықұлы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде деканның орынбасары болатын. Жасырары жоқ, оқуға түсуге әкемнің фамилиясы да көмектесті. Бірақ өзім де талпындым. «Әкесінің арқасында оқуға түсіпті» деген сөзге қалудан қорықтым. Бала кезде (4-сыныптан бастап) республикалық «Ұлан» газетіне мақалам жиі шығатын. Ол кезде «Ұланға» мақалаң шықса, сен бүкіл аудан, облысқа танымалсың. «Ұланға» жарысып мақала жазатын балалармен кейін бір курста оқыдық.
Оқуға түскенде, «әкем осында істейді» деп шіреніп жүрмедім, намысқа тырысып оқыдым.
Қазіргі мектеп оқушыларының ізденістеріне, белсенділіктеріне қызығамын. Ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген балалар да көп. Әлі де болса, ауыл баласының мүмкіндіктері шектеулі. Олар белгіленген кітапшалар арқылы ғана ҰБТ-ға дайындалады. Ал қала балалары ата-анасының ақшасы болса, түрлі үйірмелерге, қосымша сабақтарға қатысып, білімін жетілдіреді. Ауыл баласы оқуға түскен соң, қала баласынан екі есе көп еңбектенуіне тура келеді.
Дайындаған Жадыра АЙМАХАНҚЫЗЫ
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: