Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?


Қадір түнінің мың айдан артық екендігі Қадір сүресінде ашық баян етілген. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны[1].
Бұл түннің “Қадір түні” деп аталуының екі мәні бар:
Біріншісі – адамдардың келесі жылғы өмірі мен өлімі, ризық-несібесі, тағдыры белгіленетін түн. Екіншісі – Қадірлі, қасиетті, ұлық түн. Мың айдан артық бұл түн – өзге түндерден қадірі асқақ, олардан ұлық, берекесі мол. Сол себепті де «қадір-қасиеті мол түн» деген атауға ие.
Бірінші мәні жайында сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.): «Қадір түнінде – сол жылғы жақсылық пен жамандық, ризық-несібе, өмірдің мөлшері тағдырға жазылады (Лаухул махфуз). Тіпті «пәләнше осы жылы қажылыққа барады» деп қажылыққа кімнің баратынын да жазып қояды», – дегендігі тәпсір кітаптарында келтіріледі. Сондай-ақ, Хасан, Мүжәһид және Қатәдә да:«Қадір түні сол жылы болатын барлық істер, ненің жаратылатыны, қаншалықты ризық-несібе берілетіні, өмір сүру уақыты белгіленеді, – деп отыр[2].
Сондай-ақ, Жаратушы Иеміз “Духан” сүресінде: «Біз ол Құранды берекелі түні түсірдік», – дей келе қадір түнінің берекелділігін басып айтса, ары қарайғы аятта: «Және сол түні барлық дана істер белгіленеді», – дей келе қадір түнінің аталмыш екі мағынаны да қамтитынына назар аудартып тұр[3].
Енді осы берекелі түннің сауабынан мақұрым қалмау үшін не істеген дұрыс, қалай өткізген абзал? Бұл түні жасалуы тиіс сауапты істерді былайша тізбектеуге болады:
1. Намаз оқу: тәһәджүд намазын, қаза намаздарын, түрлі нәпіл намаздарды оқыған дұрыс. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім қадір түнінің қасиетіне сеніп, ондағы сауабына кенелемін деген мақсатпен намаз оқыса, онда оның өткен күнәлары кешіріледі»[4], – деген
2. Құран оқу.
3. Алладан кешірім тілеп, Одан дүние-ақіретімізге пайдасы тиер нәрселерді сұрау.
Айша (р.а.) анамыз Алла елшісінен (с.а.у.): «Егер Қадір түніне дәл түссем, онда қандай дұға айтайын», – деп сұрайды. Оған (р.а.) Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мына дұғаны оқы: «Аллаһуммә иннәкә ғафуун тухиббул ғафуә, фағфу ғанни» ,- деп жауап береді. Мағынасы: «Уә, Жаратушым! Шынында сен жарылқауды жақсы көресің. Мені жарылқай гөр».
Атақты әрі Беделді Хадисші Суфуанус Сәури өзінің бір сөзінде: «Бұл түні дұға етіп, Алладан кешірім сұрап, тілек тілеу – мен үшін намаз оқудан қайырлы. Егер Құран оқып, артынша дұға етіп отырса тіптен жақсы» деген. Себебі, бұл түн – көптеп, Аллаға дұға етіп, кешірім тілеу түні.
4. Дұғамыздың арасында: Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, иман тілеуді де ұмытпағанымыз жөн. Сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінде жәбір көріп жатқан мұсылман бауырларымызға Алладан жәрдем сұрайық.
5. Пікірлеу. Алланың ұлықтығы, Исламның ұлықтығы, Құранның ұлықтығына ой жүгірту. Айтылған уағыз-насихаттарды көкейге түю.
6. «Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллахил Ғазим», «Астағфирулла», «әлхамдулилла», «Аллаһу әкбәр», «Лә иләһә иллаллаһ» сынды зікірлерді көбірек айту.
Міне, осындай сауапты амалдарды орындай отырып, 83 жылдық сауапты бір түнде қоржынымызға жинап алайық, құрметті мұсылман қауым. Алла істеген қайырлы істерімізге еселеп сауаптан жазсын!

Қадір түні туралы қате түсініктер

Қадір түнінің намазы қалай оқылады?

Қадір түнінің намазы Құптан намазынан кейін, Үтір уәжіп намазынан соң, таң ағарғанға дейін оқуға болады. Қадір түнінің намазы 2 рәкаттан 12 рәкатқа дейін оқылады, намазда Фатиха және Қадір сүрелері оқылады. «Қадір түнінің намазына қалай ниет етіледі?» деген сұраққа келсек, Ниет: «Алла тағаланың ризалығы үшін ниет еттім Қадыр түнінің құрметіне осы намазды өтеуге, Аллаһу әкбар» құлақ қағып, ниет еткен жөн.
Қадір түнінің намазының оқылуы
1. рәкатта: 1 фатиха, 3 қадір сүресі оқылады.
2. рәкатта: 1 фатиха, 3 ықылас сүресі оқылады.
3. рәкатта: 1 фатиха, 3 қадір сүресі оқылады.
4. рәкатта: 1 фатиха, 3 ықылас сүресі оқылады.
Намаздан соң, екі жаққа сәлем бергеннен кейін 11 рет
«Аллаху әкбар, Аллаху әкбар, Лә илләху уаллаху әкбар Аллаху әкбар уәлилләхи хамд» деп айтылады.
Ең соңында 100 рет Ықлас сүресі, 100 рет Қадір сүресі оқылады.
Қадір сүресін білмегендерге онын орнына Кәусәр сүресін оқуға болады.
Қадір сүресінің оқылуы:
Бисмилләһир рахмәнир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.
Қадір сүресінің мағынасы:
«1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».
Айта кетейік, Қадір түнінің намазынан бөлек бұл түні нәпіл және қаза намаздарын оқып, Аллаға тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» деген. Пайхамбарымыз (с.ғ.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни» деп дұға етуге кеңес берген. Оның қазақша мағынасы – «Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!».

Қадір түні оқылатын дұғалар

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.
Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.
Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».
2.Қадыр сүресі – 100 рет.
Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.
Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».
3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.
4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.
5.Астәғфируллуһ – 500 рет.
6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.
Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

[1] Ән-Нәсәи: Китәбус сиям – №2106. (Миркатул Масабих)
[2] Тәфсирул Бәғәуи
[3] Духан сүресі – 3 аят. Тафсиру әт-Табари
[4] Бухари.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадір түні қалай өткізу керек, қадір түні туралы, қадір түні туралы уағыздар, қадір түні туралы видео, қадір түні туралы тілектер, қадір түні 2014, қадір түні 2015, кадыр тун казакша, кадыр тун казакша 2015, кадыр тун на казахском, кадыр тун кабыл болсын, қадыр түні қалай күту керек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]