Өз-өзіңді бағалаудың керемет тәсілдері
Көпшілігіміз бойымыздағы асыл қасиеттерді байқамай, өмірден баз кешіп жатамыз. Сынақтарды сабырмен жеңу үшін де, биіктерді бағындыру жолында тер төгу үшін - өзімізді шексіз сүюге тиістіміз. Ендеше ойыңыздағы кеселдерден арылып, мына кеңестерге құлақ асыңыз:
1. Позитивті көңіл - күйде болыңыз.
Ешкімге сіздің ерекшеліктеріңізді сөз етуге жол бермеңіз және өзіңізді өзгемен салыстыруды доғарыңыз. Мына үш нәрсені ұмытпағаныңыз абзал:
♡ Өз - өзіңді сүю
♡ Жеке тұлға ретінде сезіну
♡ Бойыңыздағы құндылықтарды ұғыну
2. Әлемге шуақ шашыңыз.
Егер жақын танысыңыздың керемет қасиеттерін аңғарсаңыз, оған міндетті түрде мақтау айтыңыз. Себебі, сөз - жүректі жадыратып, аласқа жетелейді. Жақсылық жасаудан жалықпаңыз.
3. Кері ойлаушылардан қол үзіңіз.
Оларға жеке өміріңізге араласуға жол бермеңіз. Ауыртпалықтан сабақ алып, алға жылжыңыз.
4. Өзіңізге уақыт бөліңіз.
Өзін бағалайтындардың қатарынан табылғыңыз келсе, түрлі тосқауылдар мен мәселелермен біраз уақытқа қоштасыңыз. Өзіңізді ретке келтіріп, демалғаныңыз жөн.
5. Ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.
Өз - өзін сүю - негативті ойларды елемеуден бастау алады. Сенімсіздіктен арылыңыз.
6. Адамдармен қатынаста белгілеген меже қойыңыз.
Сізді пайдаланғандарға екінші мүмкіндік бермеңіз.
7. Көңіл - күйіңізді уыста ұстаңыз.
Жеке эмоцияларыңыз қашан да қарым - қатынаста кедергі келтірмеуі керек.
8. Сізді бақытқа бөлейтін яки шабыттандыратын іспен айналысыңыз.
Айналасына жақсы қырынан танылып жүрген жандармен таныстықты күшейтіңіз. Жалғыздықта қалмаңыз, қызығушылығыңызға ден қойыңыз.
9. Жеке графика бойынша үзіліс жасаңыз.
Жүзуге жазылыңыз не болмаса теңізге саяхаттаңыз. Теңіз толқыны мен саялы бақ - естен кетпес сәт сыйлайды. Ағзаға демалыс жасайсыз, қорқыныштан құтыласыз.
10. Медитациямен әуестеніңіз.
Интернет желісінен осы жөнінде ақпарат алып, кемінде жарты сағатыңызды медитацияға арнағаныңыз жөн.
Өзіңізді бағалаңыз!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қысылудан арылудың 6 жолы
» Кедейлікке апаратын 7 әдет
» Жаман ой жанды аздырады
» Жаман ой жанды аздырады
» Еркекті ер ететін әйел
» Қысылудан арылудың 6 жолы
» Кедейлікке апаратын 7 әдет
» Жаман ой жанды аздырады
» Жаман ой жанды аздырады
» Еркекті ер ететін әйел
Іздеп көріңіз: