СМС-кодты ешкімге айтпаңыз: Алаяқтардан қалай қорғану керек?

СМС-кодты ешкімге айтпаңыз: Алаяқтардан қалай қорғану керек?

Алаяқтар сіздің ақшаңызды иеленіп алу үшін түрлі айланы ойлап табуда. Өзіңізді қорғаудың жақсы әдісі бар. Ол қарапайым әрі сенімді: SMS-пен келетін құпия сандарды ешкімге айтпаңыз!

Көп жағдайда ақшаны сақтап қалудың ең үздік әдісі осы. Ол қалай? Түсіндіріп береміз.

Алаяқтар әлемнің кез-келген бұрышынан хабарласуы мүмкін. Көп жағдайда сіздің телефон нөміріңізді олар интернет арқылы табады. Мысалы – тегін хабарландырулар сайтынан. Оларда сіздің аты-жөніңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды анықтайтын бірнеше әдіс бар– әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы.

Зардап шеккендердің сауалы: алаяқтар менің аты-жөнімді және жеке деректерімді қайдан білді? Банктер өз клиенттерінің деректерін тарата ма?

- Алаяқтар нөмір табудан мүлде қиналмайды, өйткені олар тегін хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілерде толып тұр. Дәл сол сияқты сіздің аты-жөніңізді білу де қиынға соқпайды. Біз барлық нұсқаулықты егжей-тегжейлі түсіндіріп уақыт жоғалтпаймыз, сіз өзіңіз де біраз амалдарды білесіз.

Алаяқ интернет-банкке кіріп, сіздің нөміріңізді теріп, сіздің жеке парақшаңызды бұзуға амал жасайды. Құпия сөзді нақ сіз ауыстырып жатқаныңызға көз жеткізу үшін банк қызметкерлері сіздің жеке нөміріңізге құпия сандары бар SMS жолдайды, және: «Ешкімге айтпаңыз!», - деп ескертеді.

Сол кезде сізге алаяқ хабарласады. Ол өзін банк қызметкері деп таныстырып, сіздің атыңызды айтып: «Біреу сіздің құпия сөзіңізді ауыстырғалы жатыр! Сіздің ақшаңызды ұрлап алмақшы! Біз оны болдырмау үшін, сізге келген құпия сандарды айтыңыз», - дейді.

Адам дереу құпия сандарды айтып қоюы мүмкін. Сіз дәл осындай келеңсіз жағдайға түспеу үшін, бала күніңізде анаңыз үйреткен: «Есікті ешкімге ашпа!» сөзіне, «Құпия сандарды ешкімге айтпа» деген сөздері қосып, жадыңызда сақтаңыз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Егер хабарласып тұрған «банк қызметкері» сізге «Құпия сандарды айтыңыз» десе – ОЛ БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕМЕС!

Зардап шеккендердің сауалы: егер ол адамдар алаяқ болса, онда қалайша маған банктен хабарлама келеді?

СМС-кодты ешкімге айтпаңыз: Алаяқтардан қалай қорғану керек?

- Өйткені нақ осы банк сіздің құпия саныңызды біреу ауыстырғалы жатқанын көріп, сізге құпия сандарды жібереді! Өзге адам сіздің жеке кабинетіңізге кіріп, сіздің ақшаңызды иемденіп алмас үшін, банк қызметкерлері сіздің жеке нөмірңізге құпия сандарды жолдайды. Бұл құпия сандары дұрыс енгізілмесе, алаяқ сіздің жеке парақшаңызға кіріп, ақшаңызды ала алмайды! Сондықтан алаяқ сізге хабарласып, түрлі тәсілдермен құпия сандарды анықтауға тырысады.

Егер сіз құпия сандарды алаяққа хабарлап қойсаңыз, ол жеке парақшаңызға кіріп, шотыңыздағы ақшаңызды иемденіп алады.

Банктер өз клиенттерінің осындай жағдайға түспеуі үшін әрекет етеді. Сондықтан олар тек қана SMS хабарлама жолдап қана қоймай, күдікті операцияларды да аңдып отырады. Күдікті транзакция болған жағдайда банк оны тоқтатып, сізге хабарласады.

Бірақ банк жаңа қызметтер енгізген сайын, алаяқтар жаңа амалдар табуға тырысады. Мысалы, соңғы кездері өте жиі кездесетін жағдай – алаяқтар сіздің жеке парақшаңызға кіріп, сіздің атыңызға несие рәсімдейді. Ал ақшаны тек банкомат беретіндіктен, олар сізге хабарласып, сол ақшаны шешуіңізді өтінеді.

Неге сіз ол өтінішті орындайсыз? Өйткені қылмыскер өзін тағы да банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол сіздің соңғы кезде қайда және не сатып алғаныңызды, қанша ақша жұмсағаныңызды біліп отырады (әрине, сіз оған жеке парақшаңызды өзіңіз ашып бердіңіз ғой!). Ол сізге хабарласып, тез арада ақшаны банкоматтан шешіп алу керектігін, олай болмаған жағдайда, алаяқтар сіздің ақшаңызды алып қоятынын ескертеді.

Зардап шеккендердің сауалы: ол адам банк қызметкері болмаса, менің қайда және қанша қаржы жұмсағанымды қайдан білді?


- Өкінішке орай, сіз алаяққа SMS арқылы келген құпия сандарды айтқан сәттен бастап, жеке парақшаңызға кіріп, барлық ақпаратыңызға қол жеткізді. Енді ол сіздің кеше дүкеннен неше келі шұжық алып, коммуналдық қызмет пен балабақшаның төлемақысына қанша ақша жұмсағаныңызды да біліп отыр.

Сіз тездетіп жақын жерде орналасқан банкоматтан барлық ақшаны шешіп аласыз. Бірақ ол ақшаның сізге қажеті жоқ қой? Сондықтан, алаяқ сізге сол ақшаны картаға салсаңыз, сіздің несиеңіз жабылады, деп сендіреді. Ол әрекеттерді кез келген банкомат немесе терминал арқылы жүзеге асыруға болатындығын да қоса хабарлайды. «Енді сіздің несиеңіз жабылды», - деп хабарлайды.

Сіз ол адамның айтқанын толық орындауға үйреніп қалдыңыз. Терминалға немесе банкоматқа барып, сол ақшаны өз картаңызға саласыз. Сіз ол ақшаны банк қызметкерлерінен басқа ешкім көріп тұрған жоқ деп ойлайсыз. Алайда, сіз ол алаяққа өз кабинетіңіздің құпия санын айтып қойдыңыз, енді ол барлық әрекеттерді көріп отыр. Болды, сіздің ақшаңыз алаяқтың қолында.

Зардап шеккендердің сауалы: мен ақшаны өз шотыма салсам, олар қалай жоқ болып кетеді? Бұл амалдарды банк қызметкерлерінен басқа кім жасай алады?


- Алаяққа ойлағанын іске асыру үшін банк қызметкерімен сыбайлас болу міндетті емес. Енді ол оп-оңай сіздің ақшаңызды алып, Зимбабведегі шотына аудара салады (Мысал).

Бұл әлеуметтік инженерия деп аталады – бұл алаяқтар талай жылдар бұрын қолданған әдіс, олар адамдардың сенгіштігімен жаңа технологияларды қолданып, кез-келген адамды қу тақырға отырғызып кетеді.

Банктер де өз клиенттерін қорғаудың әдістерін іздестіруде. Алайда, сізді қатыстырмай қорғау әдісін әлі ешкім ойлап таба қоймады..

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Алаяқтардан қалай қорғану керек, СМС-кодты ешкімге айтпаңыз, алаяктардан коргану

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]