Сулықтар сыры

Сулықтар сыры

Қолды жуу, макияждарды кетіру, жемістерді сүрту, жарақатты тазалау, әйнектер мен айналарды жылтыратып қою, үйді шаңнан тазарту... Аталғандарды бір-бірімен байланыстыратын не болуы мүмкін? Әрине, барлығын да сулықтардың көмегімен жасауға болады. Сулықтардың адамзат тұрмысында пайда болғандығына көп уақыттың жүзі болмаса да, бүгінде кең таралып, көпшіліктің қажетіне жарап жатыр. Тек қана аруларымызды емес, ержүрек бекзадаларымыздың өзін сулықтарсыз елестету қиын.

Испания ханшайымы Изабела Кастильская өмірінде екі-ақ рет: алғашқысы – туылғанда, екіншісі - үйлену тойы күні шомылғандығын мойындаған. Егер де сулықтар сонау ХV ғасырларда пайда болса, ханшайымның бұл әрекетіне таң қалмаған болар едік.

Қашан пайда болды?

Ең алғашқы косметикалық сулықтар өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болды және олар алғашында сәбилердің күтіміне пайдаланылатын. Келесі он жылдықта сулықтарды өндірушілер оның құрамына бактериялардың өсуіне кедергі болатын ертінділер қосатын болды да, атқаратын қызметі арта түсті.

Сулық өндірушілер біздің нәзік жандыларымызды да назарынан тыс қалдырмады. Нәтижесінде макияжды кетіретін сулықтар ойлап табылды. Бүгінде, жеке бас гигиенасына, компьютер техникасына, автокөлік жүргізушілеріне, тіпті үй жануарларына арналған сулықтар бар.

Сулықтар неден жасалады?

Бастапқыда сулықтар целлюлозадан жасалған болатын. Құрылымына қарай олар қарапайым қағаз майлықтарға ұқсас болып келетін – дәл сондай беріктігімен және тез құрғағыштығымен ерекшеленетін. Уақыт өте келе өндірушілер синтетикалық материалдарды пайдалануға көшті де, майлықтардың сіңірімділігі арта түсті. Қазір өндірушілер сулықтарды дайындауда спанбонд және спанлейс сынды материалдарды қолданады.

Спанлейс – сапалы, сипағанға ыңғайлы, талаптарға сай әрі қымбат болып келеді. Макияжды кетіретін және сәбилер сулықтарын жасау мақсатында қолданылатын спанлейстің құрамында табиғи және жасанды талшықтар бар.

Спанбонд – өте жұқа және арзан материал. Ол көбіне қолға арналған сулықтарды дайындау үшін жұмсалады.

Бірқатар өндірушілер теріге нәр беріп, жұмсартатын және жарақаттар мен сызаттардың жазылуына септігін тигізетін арнайы дәрумендер қосып жатады. Мұндайда ең көп таралғандары: Е,Ғ,А дәрумендері болып табылады. Ең сапалы және ең пайдалы дәруменді сулықтарды пайдалану барлық жағдайда қолжетімді бола бермейді.

Спирттер жайында

Егер сулықтардың қабында «құрамында спирт жоқ» деген жазу бола тұрып, спирттің басқа түрлері көрсетілген болса, саспаңыз! Мұнда теріні құрғатып жіберетін этиль спирті жоқ дегенді білдіріп тұр. Ал, бензол спирті – теріге еш зияны жоқ және көптеген хош иістердің қоспасы бар ерітінді болып табылады.

Ең маңыздысы...

Жұмсақ полиэтиленді қаптамадағы сулықтардың қақпақшаларында «желімді» деген белгі болуы керек. Бұл оның бірнеше рет қолдануға болатындығына кепіл бола алады. Пластамасса қақпақшалары бар сулықтарды қолдансаңыз, тіптен қатып кетеді.

Сондай-ақ, қолды сүртуге арналған сулықтармен бетіңізді немесе автокөлікке арналған сулықтармен қолыңызды сүртіп жүрмеңіз. Сулықтарды сатып аларда оның қандай мақсатқа арналғандығына назар аударғаныңыз абзал.

Сулықтың орамасында өндірушілердің мекен жайы, сертификатталғандығы жайлы мәліметтері көрсетілуі қажет. Ең бастысы, сулықтың жарамдылық мерзімін қарап алыңыз!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Сулықтар сыры кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Сулықтар сыры

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]