Угги етігін қалай тазалаймын

Угги етігін қалай тазалаймын

Суық қыста қалың, жылы угги етіктері үлкен танымалдыққа ие болады. Угги етігі пайда болғаннан соң бірден сәнге кіріп, трендке айналды. Жайлы, ыңғайлы, әрі аязға төзімді аяқ киімді неге кимеске?

Угги дөрекі көрінеді, көйлек пен белдемшемелермен жараспайды деп сынайды. Қалай болғанмен, қой жүнінен тігілген австралиялық етікті қазірде жұлдыздар да, қарапайым қыздар (ал кейде жігіттер) де киеді.

Аяз түскенде сүйікті етігімізге айналатын угги қыс бойына бастапқы келбетін сақтау үшін оны тазалап, күтім көрсету керек. Төзімді етік ерекше күтімді қажетсінбейді, тек бірнеше қарапайым кеңестерді біліп жүрсеңіздер болғаны.

1. Әбден кірленіп қалған уггиді (мысалы, былтырдан бері жатқан) тазалаудың ең қарапайым жолы – оны химиялық тазалауға апару. Етігіңіздің кірленуіне байланысты бұл дауа 2000-10000 тг аралығында тұрады.

2. Етігіңізді үйде тазалауға бел бусаңыз, бірінші кезекте оны әбден кептіру керек. Ол үшін етіктің ішіне газет не қағаз салып, табиғи жолмен құрғатыңыз. Уггиді батареяның қасында кептіруге болмайды, бұл етіктің пішінін өзгертіп тастауы мүмкін.

3. Біріншіден, етікті құрғақ жұмсақ шүберекпен шаң мен кірден сүртіңіз, бұл мақсатта күдеріге (замша) арналған арнайы жұмсақ щетканы қолдануға да болады. Аяқ киіміңізде қатты байқалып тұрған дақтар болмаса, оны қарапайым сумен тазалаңыз. Етіктің ұшы мен өкшесін мұқиятпен сүртіңіз. Уггиді қарапайым губкамен сүртуге болады, губканы суға малып, артық суды сығып тастаңыз. Етікті қатты сулап жібермеңіз.

4. Уггидің өңін келтірудің тағы да бір амалы – сірке су ерітіндісін қолдану. 7%-дық сірке суына 4 ас қасығы мен 5 ас қасық суды араластырып, губканы осы ерітіндіге малып, етікті сүртіп шығыңыз. Әрине етікті алдын ала құрғақ шүберекпен сүртіп шыққан жөн. 10-15 минуттан кейін етікті таза сумен сүртіңіз. Етік біраз тазарып, түсі жаңарады.

5. Күдері терідегі майлы дақтарды бензин кетіре алады. Тазартылған бензинді крахмалмен араластырып, майлы дақтың үстіне жағыңыз. Осылайша тазартқыш құрал толықтай кепкенін күтіңіз. Артынан кеуіп кеткен ұнтақты щеткамен тазалаңыз, оның астындағы майлы дақ кетуі керек. Әрине бұл дауа кішкене қиын, есесіне расымен жұмыс істейді. Бензинді химиялық тазалауда да жиі қолданады.

6. Уггидің ішіндегі ақ жүн қара шалбар, колготкі, шұлық әсерінен тез арада қараланып кетеді. Оны тазалау үшін ас содасы мен крахмал ұнтақтарын 1:2 қатынасында араластырыңыз. Осы ұнтақты тазалау керек жерлерге сеуіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Ұнтақ қалдықтарын щеткамен тазалап, етікті жақсы желденетін жерге біраз уақытқа қойыңыз. Дауадан кейін жағымсыз иіс қалса, аяқ киімдерге арналған дезодорант қолданыңыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Угги етігін қалай тазалаймын кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Угги етігін қалай тазалаймын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]