Жидек десертін жасап үйренейік

Жидек десертін жасап үйренейік

Панна котта – кілегейден жасалатын танымал итальян десерті. Оны әдетте жеміс-жидек пен тәтті соуспен бірге қонақарға ұсынады. Панна котта итальян тілінен аударғанда қайнаған кілегей деген мағына береді.

Оны дайындау үшін:

- 1/3 стақан майлылығы 10 пайыз болатын кілегей;
- 1 ас қасық желатин;
- 2 стақан сүт;
- 100 гр қант үгіндісі керек болады.

Соусын дайындау үшін:

- 250 гр мұздатылған жидек;
- 1,5 стақан қант;
- 1 қалташа ванильды қант;
- жалбыз (безендіру үшін) керек.

Дайындау жолы:

1. Желатинді табаққа сеуіп, 1/3 стақан салқын кілегей қосыңыз. Желатин көтерілгенше күтіңіз.

2. Қалған кілегейді сүт, қант үгіндісімен араластырыңыз. Орташа отқа қойып, қайнатыңыз.

3. Оттан алып, суытыңыз. Көтерілген желатинді қосып, жақсылап араластырыңыз. Желатин толықтай еріп кетуі керек.

4. Қоспаны пішіндерге құйып, жылытыңыз. Ас пленкасымен қаптап, тоңазытқышқа салып қойыңыз. 5-6 сағатқа қалдырыңыз.

5. Соус дайындаңыз. Табаға 1 стақан су құйып, қант пен ваниль қосыңыз. Қайнаған соң, отты баяулатып, 10 минут қайнатыңыз.

6. Жидектерді ерітіп, соусқа қосыңыз. Араластырып, қақпағын жауып, суытыңыз.

7. Панна коттаны пішіннен тәрелкеге төңкеріп, 1-2 минуттан соң соус құйыңыз. Жалбызбен безендіріп, дастарқанға қойыңыз.

Ас болсын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Жидек десертін жасап үйренейік кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Жидек десертін жасап үйренейік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]