Керек кеңестер Үй тазалығы үшін

Керек кеңестер  Үй тазалығы үшін

• Терезелер жарқырап тұрсын десеңіз, оны крахмал қосылған сумен жуыңыз.
• Тоңазытқышты 3 аптада бір рет тазалап тұру керек. Ол үшін ішіндегі азық-түлікті шығарып, токтан ажыратып, есігін ашып қойыңыз. Қатқан мұз өздігімен еруі қажет. Бұл процесті тездетуге, әсіресе, пышақпен қыруға болмайды. Мұз әбден еріген соң ас содасының ерітіндісімен (1 литр суға 1 ас қасық сода) тоңазытқыштың ішін тазалаңыз. Одан кейін құрғақ шүберекпен сүртіп, іші әбден құрғағанда ғана азық-түлікті қайта орнына қойыңыз.
• Боялған еден жарқырап тұруы үшін оны 1 шелекке 1-2 ас қасық мұсатырлы (нашатырный спирт) спирт қосылған сумен жуыңыз. Спирт бояуға қанық түс береді. Ал сабын мен ас содасы, керісінше, бояудың түсін жояды.
• Лакталған жиһаздардың бетіндегі шаң мен кірді дымқыл шүберекпен не ыстық сумен жууға болмайды. Жиһазыңызды бүлдіріп аласыз. Сондықтан оны құрғақ, әрі жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• 1 стакан су, 1 ас қасық сірке суы, 20 г борды қосып қайнатып, суыған соң айнаны жуыңыз. Жарқырап тазарады.
• Жуған терезеңіз жалтырап тұрсын десеңіз, 1 литр суға 1 ас қасық керосин қосқаныңыз жөн.
• Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті ас содасы жояды.
• Мыстан жасалған заттарды шикі картоп жақсы тазалайды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Керек кеңестер Үй тазалығы үшін кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Керек кеңестер Үй тазалығы үшін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]