Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді. Яғни қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады,» деді.
Түрегеп тұрып су ішудің медициналық тұрғыдан зияны болумен қатар бұл жөнінде дінімізде де сүйікті пайғамбарымыз тарапынан айтылған хадистер бар:
«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді.» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588)
«Түрегеп су ішпеңдер. Кімде кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын.» деген. (Мүслим әшриба хадис 116)
Расулуллаһ алейһиссаламның «Түрегеп су ішуге тыйым салған» деген сөзі Мүслимнің басқа риуаяттарында да «Түрегеп су ішуден қайтарған» деп нақыл етілген. (Мүслим,
Әшриба 112, 114)
Су ішер кезде қыблаға қарап, отырып, бисмилләһ айтып, стаканды оң қолға алып ішу керек. Барлық нәрседе болғанындай суды да шамадан тыс мөлшерде ішпеу керек, өте ыстық және өте суық болған сулардан да сақтану керек.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Түрегеп тұрып су ішудің зияндары кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]