Күйік шалғандағы халық емі

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады.

✅ Бүрген майымен. Оны күйікке пайдалану да жақсы көмектеседі.

✅ Алоэмен. Жаңа жұлынған алоэ жапырағының шырынын сығып, күйген жерге тамызады. Екінші жапырағының өзегін алып, күйген жерге дәкемен таңып тастайды.

✅ Зәрмен. Күйікке сол адамның зәрі де жақсы жәрдемдеседі. Бинтті жаңа шыққан зәрге батырып, күйген жерге таңады. Кеуіп кетпеуін қадағалайды.

✅ Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады.

✅ Қалақайдың гүлдерінен тұнба жасау үшін 30 грамм қалақай гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Үш сағаттай тұндырады. Сосын сүзгіштен өткізеді. Дайын тұнбаны терінің сыртына компресс түрінде пайдаланады.

✅ Зығыр майымен. Бір қасық зығыр майына соншалықты мөлшерде кілегей, бір қасық лимон шырынын, бір жұмыртқаның ақуызын қосады, араластырады. Оны күйіктің үстіне жағып орайды. Мұны күніне 3-4 рет ауыстырып отырады.

✅ Қамыспен. Күйікке қамыс тамырының шырынын жағады, кепкен ұнтағын жара аузына себеді.

✅ Жұмыртқамен. Терінің күйген, ауырған аймақтарына шикі жұмыртқаны жағады. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сары уызы да пайдаланыла береді. Жұмыртқаны теріге кеппей жатып, үсті-үстіне жағады. Бұл емді ауру сезімі басылғанша жалғастырып, ауырған жерді жайлап жуады.

? Қытай рецепті

Күйіктің үшінші дәрежесінде ашытылған қарбыз шырыны қолданылады. Ол үшін ең бірінші, күйікті салқын физиологиялық ерітіндімен жуып алу қажет. Сосын күйген жерге күніне бірнеше рет қарбыз шырынынан жасалған таңғышты байлайды.

✅ Қарбыз шырынын дайындау: піскен қарбыздың жұмсақ еті мен сөлін таза шыны банкаға құяды, жақсылап араластырады. Аузын мықтап бекітіп, бөлме температурасында 3-4 ай сақтайды. Сосын шырынды сүзіп алады. Біраз уақыттан соң шырын қышқыл дәмге ие болады. Сол кезде шырынға батырылған таңғышты күйген жерге басады. Осы еммен бірінші, екінші дәрежелі күйіктерді 8-9 күнде, үшінші дәрежелі күйікті 18-21 күнде емдеп жазуға болады.

Халық емшісі С.Қалиевтің кеңестерінен:

✅ 50 грамм араққа каланхоз (тірі ағаш) шырынынан соншама қосып, 10 күн жабық ыдыста ұстайды. Осы сұйықты күйген жерге жаға берсе сырқат тез оңала бастайды.

✅ Отқа немесе ыстық суға күйген жағдайда аюбас тікеннің жас тамырын мыжып, шырынын алады да, үстінен күніне 3-4 рет жағады.

✅ Жүз грамм тұзсыз сары май, жаңадан алынған бір жұмыртқаның сары уызымен екеуін қосып араластырады. Тәулігіне бір рет жағады.

✅ Асқабақтың жұмсақ жерінен жұқалап тіліп, күйіктің үстінен жапсыра орайды. Осындай әдіспен қырыққабаттың жапырағын да жұмсартып жапсырады. Күніне екі-үш рет ауыстыруға болады.

✅ Сәбізді үккіштің ұсақ жерінен өткізіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып,күйіктің сыртынан орайды. Әр екі сағат сайын ауыстырып отырады.

✅ Қырмызы гүлден алып, қайнатып, жылы суымен ісікті жуады. Мұнысағат сайын қайталауға болады.

✅ Зәйтүн майына қайнатылып тазартылған дәкені бастырып, күйікке компресс жасайды. Немесе осындай әдістің үстіне бір ас қасық тазартылған суға бір ас қасық лимон шырынын қосып, дәкенің сыртынан себелеп сіңіреді.

✅ Эмаль ыдысқа бір құты тұзсыз сары май салып, оған ас қасық басындай ара ұясынан салып, әбден ерігенше қыздырады. Ақырын қайнаған дәріге жұмыртқаның сары уызын салып араластырады. Осылайша үш жұмыртқаның сары уызы түгел араласады. Дәрі дайын. Оны тоңазытқышта сақтауға болады. Күйген орынға ауық-ауық жағып отырады. 6-7 күнде өз нәтижесін көрсете бастайды.

✅ Анардың шырынын шамалап тазартылған су қосып күйген орынды жуады. Үстіне анар қабығының ұнтағын сеуіп қояды. Ол қабыршақтанып қатады да, асты тез жазыла бастайды.

✅ Бүкіл дене күйгенде бір құты тазартылмаған күнбағыс майына 50 грамм ара ұясын қосып, жарты сағат су моншасында араластырады. Осыны жылыдай таза дәкеге сіңіріп, күйіктің үстін орайды. Алғашқы күні әр төрт сағат сайын ауыстырады. Келесі күні әр сегіз сағат сайын ауыстырып, үшінші күні тәулік бойына ұстайды. Аурудың беті қайтып, тері тез жетіле бастайды.

✅ Үпілмәлік майын жағып отырса да күйік тыртықсыз жазылады.

✅ Ошағанның орта тұсындағы жапырақтарынан алып, ет турағыштан өткізіп,бір қабат таза дәкемен күйік үстінен орайды. Терінің тез оңалуына ықпал жасайды.

✅ Ыстық суға күйіп қалған кезде ұлуды (ракушка) ұнтақтап, күйік үстіне сеуіп қойса, күйік тыртықсыз жазылады.

✅ Күйіктен дене тесіліп, жараға айналса, ұлудың ұнтағын жара аузына қалыңдау етіп құйып, сыртын жапсырғышпен жауып, бір аптадан соң ашса, жара бітеле бастайды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Күйік шалғандағы халық емі кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Күйік шалғандағы халық емі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]