Дертті тілге қарап анықтауға болады

Дертті тілге қарап анықтауға болады

Тілге қарап ағзалардың қалпын анықтауға болады.

✅ Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді. Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:

✅ Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.

✅ Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.

✅ Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.

✅ Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін.

✅ Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін.

✅ Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады.

✅ Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі.

✅ Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін.

✅ Қалың қатпармен қоса, ауыз қуысында ойық жаралар болып, тәбет тің нашарлауы байқалса, ішектің қабынуы немесе ойық жара бар болуы мүмкін. Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді дейді дәрігер мамандар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Дертті тілге қарап анықтауға болады кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Дертті тілге қарап анықтауға болады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]