Шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт

Шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт

Алоэ маскасы
1 ас қасық алоэ шырыны, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық лимон шырынын араластырып, сарымсақтың 1 тілімін ұсақтап кесіп, қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, шаш жууға жарты сағат қалғанда жағыңыз. Душқа арналған бас киім не пакет киіп алып, сыртынан сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Нәтижесіне жету үшін алоэ маскасын ең болмағанда екі аптада бір рет жасап тұрған жөн.

Жұмыртқа маскасы
1 саруызды 1 шай қасық арақ пен 1 шай қасық салқын сумен араластырыңыз. Шашты жуған соң масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір рет қайталап тұру керек.

Сүт маскасы
1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салыңыз. Масканы шашқа уқалап жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы екі-үш аптада бір рет жасап тұрған абзал.

Ашытқы маскасы
20-30 гр ашытқыны жылы суда ашытып, 1 жұмыртқаның ағын қосыңыз. Шашқа уқалап жағып, 40 минуттан соң жылы сумен жуыңыз. Бұл масканы аптасына екі рет қолданған жөн.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]