Тойға киім аларда ескеретін жағдайлар

Тойға киім аларда ескеретін жағдайлар

? Құрдастарымыздың, достарымыздың және жақын құрбылармыздың тойына киім таңдайтын уақытта ұзақ ойланамыз. Төменде көпшілік қонақ киім таңдау кезінде жіберетін қателіктерді ұсынамыз.

?Тойға киім алуда мыналарды ескеріңіз:

– Қалыңдықпен той стилін талқыламау. Қазіргі кезде жастардың көпшілігі тойды батыстың форматымен өткізіп жатыр. Бұл дегеніміз тойдың нақты стилі мен негізгі түстік гаммасы бар. Олар тойға дайындықпен қапылысып жүргенде қонақтарға той қандай түсте безендірілетіндігін ұмытып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан алдын ала олардан өзіңіз сұрап алыңыз. Қонақтардың кейіптері мерекенің көңіл-күйіне әсер етеді және суреттерде тойдың стилі анық көрініп тұрады. Ол той иелері үшін маңызды болуы мүмкін болғандықтан, алдын ала сұрап алғаныңыз артық етпейді;

– Тойға барарда ақ көйлек кимеңіз. Тойда ақ көйлекпен тек қалыңдықтың жүргені дұрыс. Сондықтан той иелерін сыйласаңыз, оған барарда ақ және өте қою түсті көйлек алмауға тырысыңыз. Ең ұтымды киім үлгісі — ол нәзік түсті (пастельный) көйлектер;

– Өте ашық (ұятты) немесе өте ерекше (экстраординарный) көйлек таңдамаңыз. Мұндай киімдерді басқа кештерге қалдырыңыз;

– Ыңғайсыз аяқ киім таңдау. Өте биік және жіңішке өкшелі туфли алсаңыз, тойдан ләззат ала алмайсыз. Тойда би көп болатынын ескеріңіз. Егер көйлегіңізге міндетті түрде биік өкшелі аяқ киім келетін болса, өзіңізбен бірге екінші ыңғайлы ақ киім салып алыңыз;

– Өз білгеніңді істеу. Қалыңдық алқызыл көйлекпен келуіңізді сұрады, ал сіз ол түсті ұнатпай жасыл көйлек киіп барғыңыз келеді. Алдымен құрбыңызға ескертіп сұраңыз, егер ол сізден сонда да алқызыл көйлекпен келуіңізді сұраса, оның айтқанына көніңіз. Құрбыңызға демеу бола біліңіз. Ол үшін осы кештің ең маңызды екенін ұмытпаңыз;

– Егер той жазда болса, жеңіл жұқа сыртқы киім (мысалы, жакет) салып алыңыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Тойға киім аларда ескеретін жағдайлар кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Тойға киім аларда ескеретін жағдайлар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]