Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары

Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары

Заманның талабына сай адамдар еңбекпен тапқан ақшасын жинауды үйренуі керек. Алайда көбіміз ниеттеніп тырысқанмен үнемдей де, жинай да алмаймыз. Қаржы жинауды қалай үйренуге болады?

Мақсат қою

Қаржы жинаудан бұрын алдымен оның не үшін керектігін анықтап алыңыз. «Кім біледі, керек болып қалар» деген ой мақсатқа саналмайды. Себебі күн ара «керек болып қалар» сәті туындап, ақша жұмсалады. Солай емес пе? Сондықтан «көлік, үй алуға, саяхатқа, бизнеске» деген секілді нақты мақсат қойыңыз.

Мерзімін белгілеу

Мақсатыңызды анықтаған соң, нақты мерзімін белгілеңіз. Мүмкіндігіңізді, қаржы сомасы мен болуы мүмкін «форс-мажорларды» есептеңіз.

Соманы есептеу

Мақсатыңыздың құнына қарай ай сайын жинауға қалдырылатын ақшаның сомасын нақты есептеңіз. Өзіңізді алдамаңыз, егер жинай алмайтын сома болса, мерзімді үлкейтіп, аз-аздан жинаңыз. Тәртіпке бағынып, ай сайын белгіленген соманы жәшікке салып отырыңыз.

Шығынды азайту

Болашақта бір нәрсені сатып алғыңыз келсе, шығын мөлшерін қазір азайтуыңыз керек. Бұл ақша жиынын сақтау заңы. Босқа кететін ақшаңызды (қыдыру, қажеті жоқ заттар алу, ойын-сауық, т.б) есептеп, келесі айда сол соманы сақтап қалуға тырысыңыз. Аптасына бір мезгіл мейрамхана тамақтанғыңыз келеді. Алайда ондай жерде жұмсалатын қаржыны үнемдеп, азық-түлік алып, үйде тамақтанған жөн.

Бюджет есебін жоспарлау

Кіріс пен шығыс есебін жүргізіп, бюджетті жоспарлайтын болсаңыз, ақшаны жинау да оңайға тиеді. Нақты есептің арқасында шығын да азаяды.

Осы талаптардың бәрін орындап, ескеретін болсаңыз, белгіленген мерзімде қажетті ақша сомасын жинайсыз. Іске сәт!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]