Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Көрген өнегесі мен алған тәрбиесінің арқасында адам табысқа жете алады. Баланың жетістікке жетіп, мақсатқа қол жеткізуі – ата-ананың берген бағыт-бағдарына байланысты. Жалпы, табыс деген не? Бақыт, денсаулық, өз еңбегімен жетістікке жету. Осы сөздермен баланы қанаттандыра білген ата-ана баласының еңбегін, жетістігін көре алады. Ата-ана тағы қандай бағыт бере алады?

1. Спортпен шұғылдану

Спорт – табысты адамға таптырмас серігу. Бала мұнда жауапкершілік, топ болып жарысу, топтың намысын қорғау секілді құндылықтарды боына сіңіре алады. Топ болып жарысып жүріп, бала жеңіс пен жеңілістің не екенін біледі. Спортқа деген ниеті бар бала қабілетті болады. Жеңіске жетіп, дандайсып ктепеу, жеңіліске ұшырап, тауы шағылмау.

2. Бастаған істі соңына дейін жеткізу

Сурет салып бастадың ба? Аяқта. Кітап оқыдың ба? Соңына дейін оқы. Суда жүзуді үйрендің бе? Барлық ережені біл. Тіпті, алдыңа берілген асты тауысып же...

12 жасқа дейінгі баланың зейіні бір қалыпта тұра бермейді, тез еліктегіш әрі қызығушылығын тез ауыстыра алады. Сонда да, баланың назары бір іске ауса, соны соңына дейін бітіргенін қадағалаңыз.

3. Жасап көру

Бала жетістікке жеткісі келсе, қадам басудан қорықпауы керек. Бұл жерде баланың қадам басу-баспауы ата-анаға байланысты. «Мұның дұрыс емес», «бауыңды өзім байлайын», «қолыңнан келмейді», «бұлай жасауға бола ма?» деген тәрізді сөздер баланың тауын шағады. Ата-ана көбіне баланың ниеті мен тәуекеліне мән бермейді. Бала ата-ананы қайталайды. «Ой, бәрібір түк шықпайды» деп, аяқ киімінің бауын анасының байлағанын күтіп тұрады. Демек, ол сіздің айнаңыз. Жасап көрсін, қателескенін білсе, өзі-ақ доғарады.

4. Кітапты сүю

Табысқа жеткен адамдар кітап оқығанды жақсы көреді. Кітапты бағалай білген бала түбінде ақылды, зерек әрі қабілетті болып шығады. Ол айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алатын болады, ортасын таңғалдырады, жаңа ақпараттармен, білгенімен бөлісіп отырады. Себебі, ол кішкентайынан кітап оқып өсті. Сонымен қатар, кітап оқитын адамның сөз саптауы ерекше болары сөзсіз, жазу қабілеті де мінсіз болады, себебі көзбен көріп, тез жаттай алады. Баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалай оятуға болады? Бұл – ата-ананың міндеті. Кішкентайынан қызықты кітаптарды ұсыныңыз. Ол бас алмай оқитын кітапты сыйға тартыңыз. Тек мектеп бағдарламасынан тыс кітап болуына мән беріңіз. Түрлі түсті суреттермен беттелген энциклопедиялар, ғажайып ертегілерді, аңыз әңгімелерді беріңіз.

5. Сыннан қорықпау

Баланы себепсізден себепсіз немесе белгілі бір себеппен мақтау баланың өзіне деген бағасын түсіріп жібереді. Табысқа жеткен адам сыни пікірлерден қорықпайды. Қандай іс жасалса да, оның бір сыни пікірі болатынын жетікке жеткен адам алдын ала біліп отырады. Сонымен қатар, жағымсыз пікірлердің оған күш беретінін, қатесін түзеуге, идеалға айналуға көмектесетінін біліп жүреді. Қалай біледі? Себебі, ата-анасы кішкентайынан санасына сіңіріп тастаған. Егер бала суретті жақсы салса, мақтаңыз. Ал егер сіз ойлағандай болмаса, «Тағы бір рет салып көрші, мүмкін басқаша шығатын болар, мына жерін былай салайық» деп, өз ойыңызды да білдіріңіз.

6. Ережемен жүруді үйрену

Ережемен жүру – заңдылық. Қарапайым ойындарды ережесімен ойнау, сызықтан аттамау деген секілді қағидалар баланың адамгершілігін шыңдайды. Заңдылықпен жүруді кішкентайынан біліп өскен бала болашақта жемқорлық, біреудің ала жібін аттау деген тәрізді арам пиғылдардан аулақ болады.

Сонымен қорытсақ, баланың тәрбиелі әрі табысты болып өсуі – ата-анаға байланысты. Болашақтың кемелденуі, өркендеуіне ата-ананың балаға берген асыл тәрбиесімен тығыз байланысты болмақ. Сіз қалай ойлайсыз?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Табысты адамды қалай тәрбиелейміз кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]