Жеті дәрі жаныңызда жүрсін

Жеті дәрі жаныңызда жүрсін

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер. Ауыра қалсаңыздар, мына дәрілер жаныңыздан табылсын.

1. Парацетамол

Парацетамол – әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрі негізінде Панадол, Эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Парацетомол бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балалар да, ересектер де тұтынуға болады. Алайда ол бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін тигізеді.

2. Іш өтсе – Лоперамид

Ішке бұл дәрінің әсері Имодиумнен кем емес. Есесіне бағасы оған қарағанда әлдеқайда арзан. Егер ішіңіз қатты өтсе, лоперамидтің 4 мг тұтыныңыз. Бір ескерте кететін жайт, 5 жасқа толмаған балаларға 2 мг артық ішуге болмайды.

3. Ағза тітіркенсе (аллергия) – Диазолин

Бұл бәрімізге белгілі Эриус дәрісінен кем түспейді. Аллергияға қарсы тұрады және іш ауруларының алдын алады. Бұл дәрінің арнайы кішкентай балаларға арналған түрі де бар.

4. Тыныштандыру үшін – Валерьянка

Валерьянканы қарапайым халық бұрыннан бері қолданып келеді. Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Бірақ 12 жасқа толмаған балаларға ішуге болмайды.

5. Жүрек ауырса – Нитроглицерин

Бұл жүрек ауруын басатын дәрі. Сонымен қатар қан тамырларын кеңейтіп, қан ағысын жақсартады. Жүрек қыспасы кезінде де жаныңызда болғаны дұрыс. Алайда бұл дәрінің бір кемшін тұсы – бас ауруына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

6. Қан қысымы көтерілсе – Папазол

Бұл дәріні көбіне стенокардия мен гипертония ауруларына шалдыққан адам ішеді. Папазолды 2-3 күнде 1 таблеткасын ішсе жеткілікті. 12 жасқа жетпеген балаларға беруге болмайды.

7. Уланып қалған жағдайда – белсендірілген көмір

Бұл әлемдегі ең танымал дәрілердің бірі. Ішек-қарын жолдарын тазалауға көмектеседі. Бірақ өзіңізбен бірге 2 бумасын алып жүруіңіз қажет. Себебі бұл дәріні салмағыңызға қарай ішесіз (10 кг – 1 таблетка).
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Жеті дәрі жаныңызда жүрсін кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Жеті дәрі жаныңызда жүрсін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]