Сарыаурудан сауықтыру халық емі
1. Сұлы сабағынан бір уыс алып, ұсақтап турап, бір литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып қойып ас алдында күніне үш рет әр жолы бір құтыдан ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. Бір апта үзілістен соң қайта жалғастыруға болады.
2. Талдың кептірілген қабығынан 60 г алып, 1 литр суға 20 минут қайнатып, бір тәулік термоста ұстайды. Ас алдында жарты құтыдан ішеді. Күніне үш рет. Емделу мерзімі 15 күн.
3. Бауыр ауруынан сарғаюға сиыр өтінен бір дана, қасбояу тамырынан 100 г, лундан шөбінен 35 г қосып, талқандап, лайықты мөлшерде бал қосып, әрқайсысы 8 грамнан домалақ дәрі жасайды. Осы дәрінің біреуін қайнап тұрған суға қосып астан жарты сағат бұрын ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. 10 күн үзіліс жасап, қайта жалғастырады.
4. Боз жалбыздан 25 г, ақ жусаннан 25 г қосып, талқандап, ыстық суға салып бір сағат бұқтырады. Астан бұрын күніне үш рет, әр жолы үш қасықтан ішеді.
5. Бауыр қабынуынан сарғаюға жерқонақ тамырын күзде немесе ерте көктемде қазып алып, жуып тазалап, көлеңкеде кептіріп дайындайды. Оның 65 грамын жарты литр суға қайнатып, 200 мл қалғанда қант қосып, қайта бір қайнатып барып ішеді. Әр жолы 10 мл-дан күніне екі рет қабылдайды. 20 күн емделіп, бір апта демалады.
6. Шашақбас алаботаны өсіп тұрған жерінен орып алған бетте 4 литр суға 15 минут қайнатып, суын төгіп тастайды да үстіне жаңадан су құйып, қайта қайнатады. Осы жолы ащы дәмі кетсе алаботы шөбінен салат жасап жейді. Ал дәмі кетпеген жағдайда қайта жаңа сумен қайнатады. Емделу мерзімі 20 күн.
7. Шырмалғыш шай шөптің 20 грамын 300 мл суға қайнатып, шай орнына ішуге болады. Бұл бауырдың қызметін жақсартады.
8. Қайың жапырағынан 150 г, талқандалған қоңыр итмұрыннан 200 г, бүйрекшай шөбінен 100 г бәрін қосып әзірлеп алады. Оған 200 г су жалбызын қосады. Осы қосындының бір ас қасығын 300 мл суға 5 минут қайнатып жылы жерде 4 сағат тұндырады. Астан 20 минут бұрын жарты құтыдан ішеді.
9. Бауырды тазалау үшін 200 мл зәйтүн майын таңертең аш қарынға ішіп, артынан іле-шала осы мөлшерде лимон шырынын ішеді. Артынан сол мөлшерде кисель ішеді де 4 сағат бір қабырғасымен, екінші 4 сағат екінші жамбасымен, үшінші 4 сағат арқасымен жатып, артынан жылы суды тік ішектен жібергізеді. Осыдан кейін бауыр мен ішектегі қоқыстар түгелдей шығады. Аздап ауыртуы да мүмкін.
10. Бауырдың жұқпалы қабынуы кезінде ащы өрік дәнінен 30 г, шабдалы дәнінен 30 г, сарыағаш дәнінен 9 г, тұт ағашы жемісінен 15 г қосып, отыз бөлек дәрі жасайды. Ас алдында қайнаған сумен әр жолы екі бөлектен күніне үш реттен ішеді.
11. Сиыр өтінен бір дана, кептіріліп ұнтақталған көк қоңырау гүлден 30 г қосып араластырып, бұршақтың үлкендігіндей ұсақ дәрілер жасайды. Әр жол 3 грамнан күніне 3 рет қайнаған сумен ішеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: