Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер

Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер

Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер

* Күніне кем дегенде 10-30 минут серуендеңіз.

* Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта болыңыз.

* Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.

* Кітапты көп оқыңыз.

* Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70 жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші балалармен өткізіңіз.

* Армандаңыз.

* Зауытта өндірілетін азық-түлікті азырақ, табиғи өнімдерді көбірек жеңіз.

* Алтын уақытыңызды өсек, өтірік айтуға жұмсамаңыз.

* Күніне кем дегенде үш адамға күлкі сыйлаңыз.

* Өткенді ұмытыңыз. Ескі жанжалдарды туыстарыңыздың есіне салмаңыз. Бұл бүгінгі бақытыңызға кедергі.

* Жағымсыз ойлардан арылыңыз. Жақсы нәрселерге көңіл бөліңіз. Өмірмектеп. Біз өмірге сабақ алып, тәжірибе жинау, ақылды бола түсу үшін келдік.

* Біреуді жек көруге күш-жігеріңізді жұмсамаңыз, өйткені өмір тым қысқа.

* Өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Жақсы көретін адамдарыңызды да басқалармен салыстырмаңыз. Сіздің бақытыңызды сізден артық ешкім ойламайды.

* Кешірімді болыңыз. Басқа кісілердің сіз туралы не ойлайтынын білу маңызды емес.

* Егер ауырып қалсаңыз, жұмысыңыз сізді бағып-қақпайды. Сондықтан денсаулықты күтіңіз.

* Пайдасы жоқ, ұсқынсыз, қуаныш сыйламайтын нәрселердің бәрінен арылыңыз.

* Қызғану - уақытты босқа өткізу.

* Болашақ жарқын деп сеніңіз.

* Туыстарыңызға жиі хабарласып тұрыңыз.

* Кез-келген нәрседе асыра сілтеп, артық кетуден сақтаныңыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]