Қыз өз үйіне қонақ
Үйдің қанша еркесі,жалғызы,ата-анасы мен бауырлары үшін қанша қымбат жан болсада ол өзге үйдің келіні оты мен кіріп күлімен шығып, ата-енесі,күйеуі мен балаларының қамқоршысы болуы керек. Әр қыз қайын жұртына сән беріп,сол үйдің қуанышы болып кіруге міндетті. Жақсы келін,адал жар,мейірбан ана болуы тиіс. Сондықтан әр қыз бала тұрмысқа шығарда мен сол отбасын бақытты қыла аламынба? Менің оған күшім жете ме? Енемнің айтқанын тыңдап,атама жақсы келін болып,қайныларыма жақсы жеңге,күйеуіме адал жар бола аламын ба? Деген сұрақтарды толыққанды ойлануы керек. Бет алды жұрттың бәрі үйлі-баранды немесе ойбай жасым келіп қапты я болмаса мынау бай екен деп тұрмысқа шығып не қайын жұртты не төркінді қарық қылмай,енемен бет жыртысып,күйеуінің тілін алмай,төркін жағалап жүргендер де баршылық. Әйел-отбасының ұйытқысы,еркек-тірегі. Әр саналы бойжеткен ойланып ой түйе біліндер. Ер-азаматты бақытты қылуға әр қыздың мұршасы жетет оған сабыр,төзім,ақыл қажет. Бақыттың кілті әйелде, сондықтан өз бақыттарыңыздың кұлпын таба білу керек
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: