Құймақ пісірудің қыр сыры

Құймақ пісірудің қыр сыры

Аспаздықты сүйетін қыздар құймақ пісіруде көп қателікке ұрынып жатады. Құрамында ұнның, қанттың, тұздың, тіпті құйылатын судың көптігі құймақтың бозарып пісуіне, қатты боп пісуіне, не жыртылып қалуына әсер етеді. Құймақ қамырының құрамы нағыз мінсіздікті қалайды.

✅ 1. Ұнның жабысқақтығын арттыру үшін құймақ қамырына сұйықтықты ыстықтай құйған дұрыс.

✅ 2. Құймақ дәмді әрі әдемі болсын десеңіз, иленген ұнды бірден қолданбай, біраз уақытқа қойып қойыңыз.

✅ 3. Құймаққа қант пен тұзды мәзір бойынша салған дұрыс. Тұзы көп қамыр дұрыс көпірмейді, сол себепті құймақ бозарып піседі. Қантты көп қосқаннан қамыр қатты болып қалады.

✅ 4. Егер құймаққа арналған ұнды тұзды суда езсе, қамырда түйіршіктер болмайды.

✅ 5. Құймақ қуыратын табаға алдымен тұз сеуіп, майлықпен сүртіп алу қажет. Тек кейін май мен қамырды құйған абзал.

✅ 6. Құймақты екі табада қуырған жақсы. Екіншісіне дайын құймақты салып, бетіне ерітілген сары май жағып отырасыз. Үйіндіні ара арасында аударып отырған дұрыс. Сонда соңғы құймақ піскенше бірінші құймақ суып қалмайды.

✅ 7. Егер аударған кезде құймақ жыртылып жатса, қамырға ұн мен жұмыртқа салу керек.

✅ 8. Суып қалған құймақты ысыту үшін үйіндіні жұқалтырға орап, 140 градус ысытылған духовканың үстіңгі қабатында 10-15 минут ұстау қажет.

✅ 9. Кейде бір отырғанда барлық құймақты жеп қоя алмаймыз. Ал келесі күні тұрып қалған құймақ дәмінен айрылатын сияқты көрінеді. Кешегі құймаққа қайта балғындық беру үшін әр құймақтың ішкі жағына қант сеуіп, төртке орап, кішкене май жағылған немесе қағаз төселген қаңылтыр табаға салып, алдын ала қатты ысытылған духовкада 4-5 минут ұстаңыз. Күйіп кетпеуін қадағалаңыз. Нәтижесінде – дәмді, қытырлақ, тәтті құймақ алдарыңызда! Тіпті жаңа піскен құймақтан да дәмді болып шығады. Ас болсын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Құймақ пісірудің қыр сыры кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Құймақ пісірудің қыр сыры

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]