Шешекпен ауырған баланы емдеудің жолдары

Шешекпен ауырған баланы емдеудің жолдары

Шешек ауруы — инфекциялы ауру, теріде шығатын көпіршік тәріздес ұсақ бөртпелер. Шешекпен бір рет ауырғандар екінші рет ауырмайды.

Шешек – ауамен таралатын герпес вирусы. Ауыру мерзімі 10-21 күнді құрайды. Егер балаңыз мектепте, бала-бақшада, қоғамдық жерлерде шешекпен ауыратын балалармен араласса онда оның шешекпен ауыру мүмкіндігі көбейеді. Шешекпен ауыру 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. 6 айға дейінгі сәбилер шешекпен ауырмайды. Өйткені ана өз иммунитетін сүт арқылы береді.

10 жастан асқан балалар шешекпен сирек ауырады. Ауыру кезеңі ауыр жағдайда өтеді. Олардың емделуі де ұзағырақ уақытты қажет етеді.

Шешек – балалар ауруы. Бала кезінде ауырмаған ересектер де шешекті жұқтыруы мүмкін.

Белгілері
Дене қызуы көтеріледі (38-39°С);
Дененің барлық жерінде 1-2 сағат ішінде ұсақ бөртпелер пайда болады;
Алқызыл түсті ұсақ дәндес бөртпелер шығады, бірнеше сағаттан кейін көпіршіктеніп ішіне су толады.
Көпіршік пайда болған соң бала қышынып, жараларын қасығысы келеді. Баланың жараларын қасуына жол бермеу керек, өйткені қасуы арқылы инфекция кіргізуі мүмкін. 1-2 күннен кейін көпіршіктер кеуіп, қабыршықтана бастайды. Алайда 7-10 күн аралығында жаңа бөрткендер пайда болады. Баланың дене қызуы қайта көтеріледі. 1-2 аптадан соң қабыршықтар түсе бастайды. Қабыршақтың орнында дақтар қалады. Бірақ олар біраз уақыттан кейін жоғалып кетеді. Егер балаңыз жарасын қатты қасып, жарасы іріңдеп кетсе, кейін орнында тыртығы қалады. Шешекпен ауыру кезінде бала өзін әлсіз сезінеді, ашушаң, ұйқысы шала болады және тәбеті болмайды.

Емделуі
Баланы емдегенде негізінен үйде болған дұрыс. Шешектің арнайы емі жоқ, тек төсек орын тысын жиі ауыстырып,сұйықтықты көп ішіп, диета сақтаған дұрыс. Балаңызға тек сүтті тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністен жасалған тағам беріңіз. Баланың жарасына күніне 2 рет көк дәрі (зеленка) немесе марганцовка ерітіндісін жағу қажет. Марганцовка мен көк дәрі шешекті емдемейді, тек дәрігерге шешектің қай кезеңі екенін көрсетеді. 38-38,5°С-ге дейін дене қызуы көтерілсе балаға ыстықты басатын дәрі беріңіз. Қышуын басу үшін педиатрдан антигистаминді дәрі жазып беруін сұраңыз. Баланы шешек ауруы кезінде шомылдыруға бола ма деген сауал кез келген ата ананы мазалайды. Отандық дәрігерлер тек марганцовка ерітіндісі бар суға жуындыруға болады деп есептесе, шетелдік дәрігерлер шешек ауруы кезінде душ қабылдау керек деп есептейді. Сонда дененің қышуы уақытша болса да қояды.
Назар салыңыз! Жоғары температурада ыстық басатын дәрі ретінде аспирин беруге болмайды. Шешек пен ацетилсалицил қышқылы қосылғанда бауырды зақымдауы мүмкін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Шешекпен ауырған баланы емдеудің жолдары кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Шешекпен ауырған баланы емдеудің жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]