Бойға баланың бітуі қалай жүреді
Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыртүтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты егіздерболатын болса) аталық ұрық қана аналық клетканы ұрықтандырады.Бірақ бұл әрбір жыныстық қатынастан жүкті болып қаласыз деген сөз емес. Бұл көбінесе белгілі бір күндерге байланысты. Бұның не үшін осылай болатынын жақсы түсіну үшін алдымен әйелдер физиологиясының кейбір ерекшеліктерін еске түсірген жөн.Ұрықтанған күйінде аналық клеткалар аналық жыныс безінде бастапқы кезінен сақталып қалады. Олардың мөлшері өте көп – шамамен 300 мыңға жуық. Бала туатын жастағы әйелдерде әр ай сайын бір аналық клетка (кейде екі не одан дакөп) ұйқысынан оянғандай түрленіп тұрады, одансоң «қоймасын» тастап, жаңа адамға өмір беру үшін аталық ұрықпен кездесуге дайындалады.Аналық клетканың аналық жыныс безінен құрсақаймағына шығуы овуляция деп аталады. Жаңа аналық клетканың овуляцияға дайындығы аналық жыныс безінің ішінде өтеді. Ол етеккірдің алғашқы күнінен басталып, орта есеппен екі аптаға созылады. Пісіп жетілген аналық клетка жатыр түтігіне түседі. Осы овуляция басталған күн – ұрықталуға қолайлы күндердің бірі.Табиғат-Ана адамзаттың көбеюінің көптеген мүмкіндіктерін туғызған. Біріншіден, аналық клетка ұрықтану мүмкіндігін овуляциядан кейін екі күннен бес күнге дейін сақтайды. Екіншіден, әйел ағзасына түскен аталық ұрық та сол сияқты, аналық клеткамен кездесу сәтін күтіп, үш күнге дейін өмір сүреді. Әр етеккір кезеңінің 11-12 күні жыныстық қатынастың нәтижесінде бойға бала біту бақытын сыйлайды.Ұрықтанбаған аналық клеткамен не болатынын бәрі де біледі: етеккір кезінде ол ағзадан жатырды төсеп тастайтын (эндометрияның функционалдық қабатымен) шырышты қабықпен бірге сыртқа шығарылады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ең сұлу әйел
» Қарапайым құпия
» Ең сұлу әйел
» Әйел әдептері
» Англияның мамандарды мынадай зерттеу нәтижесін шығарыпты
» Ең сұлу әйел
» Қарапайым құпия
» Ең сұлу әйел
» Әйел әдептері
» Англияның мамандарды мынадай зерттеу нәтижесін шығарыпты
Іздеп көріңіз: