Басыңыз ауырса

Басыңыз ауырса

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

✅ 1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады;

✅ 2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;

✅ 3. Бастың ауырған тұсына қырыққабат, өгейшөп, жалбыз жапырақтарын басады;

✅ 4. Киікоты (душица) жапырағын майдалап турап, иісін иіскеп бас ауруынан арылуға болады;

✅ 5. Қыша қағазын 15 минут желкеге қойып бас ауруын емдеуге болады;

✅ 6. Картопты домалақ әрі жұқа етіп турап бастың ауырған тұсына таңса шипа болады;

✅ 7. Қатты уайымдап, ойланғаннан бас ауырса, жылы бұлау қабылдап, аяқты ыстық суға 15-20 минут салып отырады. Содан соң 1 стақан қайнаған ыстық суға 1 шай қасық жалбыз ұнтағын салып демдеп, ыстық күйінде ішеді;

✅ 8. Құлақтың тесігіне сиятындай етіп мақта орайды да, оны қызылша немесе пияз шырынына малып құлаққа тығып қояды. Сосын басты жүннен тоқылған орамалмен байлап тастайды. Бұл тәсіл бас ауруынан толығымен айықтырады;

✅ 9. Бас ауруын емдеудің тағы бір тәсілі – пиязды екіге бөліп самайға 15-20 минут басады;

✅ 10. Алма сірке суынан дайындалған мұзбен маңдай, самай, желкені ысқылап сүрту керек;

✅ 11. Арнайы медициналық балшықты маңдай, желке, самайға жабыстырып жату керек;

✅ 12. Ас тұзын қалтаға салып 2-3 минутқа мұздатқышқа қояды. Сосын оны бастың төбесіне басып, жатып демалу керек. 10 минуттан соң осы тұзды көзді жұмып сыртынан 10-15 минут басады;

✅ 13. Аяқ, тобық және саусақтарға бар күшпен жылдам 15-20 минуттан массаж жасайды;

✅ 14. Лимон қабығын самай мен маңдайға басады;

✅ 15. Ыдысқа салқын су құйып, қолды 2-3 минут салады. Енді қолды шығарып 1 минуттай кептіреді. Осы емді 3-4 рет жасап бас ауруынан арылуға болады.

Ал сіз бас ауырғанда не істейсіз? Дәрі ішпей, ауруды басу үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Басыңыз ауырса кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Басыңыз ауырса

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]