Балалар киімін жуу
Бала киімдерін жууға кірісетін болсаңыз, құлақ асуға тұрарлық бірнеше кеңесіміз бар:
1. Кез келген жаңа киімді алдын ала жуып алыңыз.
Балаңыздың терісін қажамай, жарақаттамас үшін өзіңіздің де, баланың да жаңа киімдерін жуыңыз.
Кір жуу жай ғана тазартудан басқа, тасымалдау немесе қоймада сақтау барысында заттарға қонып қалуы мүмкін химикаттар пен майлардың дақтарын кетіруге көмектеседі.
Балаңыздың терісіне тиетін бірнеше зат:
• Киім
• Ішкі киім (теркөйлек, жөргектер, шұлықтар, дамбалшалар, пижамалар)
• Көкірекшелер
• Төсек-орын тыстары (ақжайма, жастыққаптар, сейсептер және т.б.)
• Жаялықтар
• Автокресло, бесік-арба және матамен қапталған бала манежі
• Ананың жеңіл жейделері
Бірақ барлық шараларды орындағанда, асыра сілтемеңіз, әрбір затты жуып отыру қажет емес. Балалар жылдам өседі, кейбір заттар балаңызға қажет болмай қалуы мүмкін. Сондықтан киімнің бір бөлігіндегі баға көрсеткіші бар заттаңбаны сақтап қойыңыз – онда Сіз оларды дүкенге қайта өткізіп, егер қажет болса, сатып жіберіп те аласыз.
2. Қандай кір жуғыш құралды таңдау қажет?
Дүкендерде бала заттарын жууға арналған көптеген жуғыш құралдың түрлері бар.
Ең жақсысы - құрамында бояғыштар мен хош иістендіргіштері аз болатын препараттарды таңдаңыз, өйткені жаңа туылған баланың терісі жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді. Бастапқы кезде кір жуғанда иіс күшейткішін немесе жұмсартқыш шипамайларды қосу қажет емес, өйткені әзірше балаңызға олар қалай әсер ететіндігін білмейсіз.
3. Дақтарды жою
Балаларда былғанудың Сіз білмейтін миллиондаған әдісі бар. Әр дақ жуудың ерекше әдісін қажет етеді. Дегенмен балалар киіміне арналған кір жуатын ұнтақтарда белсенді заттар құрамы төмен болғандықтан бала киімдерін ұзақ уақыт суға малшып қойып, ластанған жерді алдын ала өңдеуге тура келеді.
Кез келген дақтың жалпы ережесі – оны мүмкіндігінше жылдамырақ жуу. Дақтың көбі әдетте суық сумен жуылады (егер ол тоң май немесе май болмаса). Қиын жуылатын дақтарды жуғыш құралдармен өңдеп, сулап қойып, жуу қажет, ал қажет болғанда – қайта жуу қажет

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: