Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Әрбір халықтың данышпандары бар. Олардың ұлағатты сөздері бүкіл адамзаттың асыл қазынасы. Филипп Хумберт деген атақты психиатр олардың арасынан онының айтқандарын іріктеп алып, бақытқа жетудің жолы деп қарастырған:

1. Өзіңді таны (Сократ).

2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін не сырттай қалай болсаң сол
қалыбыңды сақта ( Мәулана) .

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңе құлақ сал да оны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, мәртебең түседі.

3. Ең жоғарыда ғашықтық бар (Азиз Паул).

Дауысты ырғаққа айналдырған ғашықтық. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, өмірің солған гүлден еш айырмашылығы қалмайды.

4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады (Альберт Энштейн).

Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін ойлағандарын жүзеге асыру. Бобби Кеннедидің айтқанындай: «Адамдар дүниеге қарап: «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір дүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.

5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек (Мае Вест ).

Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске?! Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында: «Қанеки, алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкәппарлық емес, ұмтылыс!

6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі (Сун Цзу).
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны оятқанда, мүмкіндіктер одан сайын арта береді.

7. Өмір жылдам шешім қабылдауды талап етеді ( Иода).

Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүреді.

8. Кемелдік қосатын, не алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады (Антоние де Еху Перю).

Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңді азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің.

9. Қабілет болмаса, өнерлі болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең
қабілетің түкке де жарамайды (Эмиль Золя).

Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру (Альберт Энштейн). Шүкір етуді ұмытпау керек!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Тамаша өмір сүрудің 10 кілті кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]