Бас ауруын қойдыратын әдістер

Бас ауруын қойдыратын әдістер

Ми тамырларын тазарту остеохондроз, бас ауруы, атеросклерозды емдеп, көңіл-күйді көтереді. Назарларыңызға ми тамырларын тазартатын 5 әдіс ұсынамыз.

1-әдіс: бал мен грек жаңғағы

Бес шақты грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен жанжабіл қосып, араластырыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір ас қасықтан жеп тұру керек.

2-әдіс: пияз шырыны мен бал

Стақанның 1/3 бөлігі болатындай пияз шырынын сығып, бір стақан табиғи балмен араластырыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір шай қасықтан жеп тұрыңыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар иммунитетті де нығайтады.

3-әдіс: табиғи шырын

Күнде тамақтануға жарты сағат қалғанда жарты стақан анар (келесі күні алма, содан соң сәбіз шырынын) шырынын ішіңіз.

4-әдіс: иттікен тұнбасы

10 грамм иттікеннің құрғақ тамырларына қайнаған су құйыңыз. Бұл қоспаны термоста сақтаған жөн. 8-10 сағаттан кейін тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Таңғы асқа жарты сағат қалғанда 4 ас қасықтан бір ай үздіксіз ішіп тұрыңыз.

5-әдіс: пайдалы тағамдар

Таңғы асқа жарты сағат қалғанда бір мандарин, бір уыс мейіз бен грек жаңғағын жеп тұрыңыз. 15-20 минуттан екйін 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған су ішіңіз. 15 минуттан кейін таңғы ас ішуге болады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Бас ауруын қойдыратын әдістер кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Бас ауруын қойдыратын әдістер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]