Алғашқы тістері қашан шығады
Алғашқы тістері қашан шығады?Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол жағынан екі көрші тістері қосылады. Осылайша, өзінің алғашқы туған күнін әдетте сәби 8 «қаруланған» тісімен қарсы алады. Қалғандары (сүтті тістің саны20 болады) бір жыл ішінде ақырындап шыға бастайды.Кей тістер кешігіп шықса, уайымдаудың қажеті жоқ: кейбір дені сау балалардың 1 жасқа қарай алдыңғы 6 тісі ғана шығады.2,5 жасқа қарай сүтті тіс толық шығып болады.Алғашқы тістерінің шыға бастағанын сәбидің бойындағы кейбір өзгерістерден аңғаруға болады: ол себепсізден-себепсіз қыңырланып, жылай береді, аузына сыятын заттың бәрін «кеміріп тастағысы» келіп тұрады. Оған қоса, сілекейі де көп бөлінеді. Кейбір балалар мазасызданып, түнде де оянады.Сәбиіңіздің көзіне түскен кез келген затты аузына сала бермеуі үшін оған дәріханаларда сатылатын арнайы «кеміргіштердің» бірнешеуін сатып алып беріңіз. «Кеміргіштерді» таңдап аларда пластмассаның сапасына назар аударыңыз: қызыл иекке ілініп қалатын, қажап тастайтын қабыршақтары болмау керек! «Кеміргішті» сәбиіңізге бермес бұрын алдымен оны жақсылап жуып алыңыз (қайнатып алсаңыздұрыс болады).Сәбиіңіздің шығып келе жатқан тістерінің ауырсынуын басу үшін арнайы тіс гельдерін де пайдалануға болады.Егер сәбиіңіздің денесі бөртіп, қызыл иектері ісініп, температурасы көтерілсе, бұл – тіске байланысты емес бір аурудың нышаны.Тісті қай кезден бастап тазалаған жөн?Әрине, ерте бастай берген дұрыс. Тіске де ерекшенәзік күтім жасау керек. Алғашқы кезде баланың тісін ата-анасы бет орамалдың көмегімен тазалайды. 1,5 жастан бастап тіс щеткасын қолданыңыз. Сәбиіңіздің өз тісін өзі тазалағанын қаласаңыз, оған алдымен өзіңіздің тісіңізді қалай тазалайтыныңызды көрсетіңіз. Сонда ғана бала түсінеді. Ал егер қолайлы сәтті жіберіп алсаңыз, сәбидің бойында тіс тазалау әдеті қалыптаспайды.Тіс тазалау шараларын жиі жасау керек: таңғы асты ішкен соң және ұйқыға жатар алдында.Сәбиіңізге қолайлы жағдай жасаңыз: ол әлі кішкентай болса, тізеңізге отырғызып алыңыз; өскен соң кішкентай орындыққа тұрғызыңыз. Көңіл күйі қуанышты болуы қажет.Бет орамалмен тазалау. Қолыңызды жақсылап жуып алыңыз. Таза бет орамалды қайнаған сумен сулап, онымен саусағыңызды орап алыңыз да оған балаларға арналған пастадан кішкене жағыңыз. Сәбиіңіздің тісі мен қызыл иектерін щеткамен тазалағандай етіп ақырындап ысасыз.Есіңізде болсын!Балаларға арналған тіс пастасын таңдап аларда құрамын оқып алыңыз,оның құрамында қант болмауы керек. Тіс щеткасын жаңасына әр 2-3 ай сайын ауыстырыптұрыңыз.10-11 жасқа қарай сүтті тістің барлығы түсіп, орнына тұрақты жаңа тістер шығады. Стоматолог дәрігерге жиі қаралып тұрыңыз (2,5 жастан бастап). Егер балаңыз қорықса, арнайы орындыққа балаңызбен бірге отырыңыз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сәбидің тісі тез шығу үшін
» БАЛАНЫЗҒА ТІС ШЫҒА БАСТАДЫМА
» Ең сұлу әйел
» Адамның жасына байланысты атаулар
» Ең сұлу әйел
» Сәбидің тісі тез шығу үшін
» БАЛАНЫЗҒА ТІС ШЫҒА БАСТАДЫМА
» Ең сұлу әйел
» Адамның жасына байланысты атаулар
» Ең сұлу әйел
Іздеп көріңіз: