Газды сусындар

Газды сусындар

Жаз айларының басталуымен көптеп ішілетін газды сусындардың денеге біршама зияндары бар:

• Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді.

• Тістегі жұмсақ ұлпаның (пульпа) өлуіне себеп болуы мүмкін.

• Экзема, демікпе (астма) ауруларына себеп болуы мүмкін.

• Газды сусындарға жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.

• Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.

• Жыныстық тұрғыда уақытынан ерте жетілуге және жыныс мүшелері ауруларына жол ашады.

• Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды.

• Бауыр, шекерді жылдам түрде майға айналдырады.

• Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар.

• Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.

• Фосфор зәрмен шыққан кезде, кальцийді өзімен бірге алып кетеді.

• Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.

• Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.

• Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.

• Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Газды сусындар кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Газды сусындар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]