Күйеуіңіз ашуланса

Күйеуіңіз ашуланса

Бір кісі қит етсе ашуланып шыға келетін күйгелек, өте сабырсыз болыпты. Ал оның жары керісінше, байсалды, сабырлы, ақылды әйел екен. Кісінің сондай қиын мінезіне қарамастан екеуі тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүреді. Күйеулерімен жиі ренжісіп қалатын құрбылары:

– Құрбым, сенің күйеуіңнің мінезі бізге мәлім. Соған қарамастан тату-тәтті өмір сүрулеріңнің сыры неде? – деп сұрайды.

Сонда әйел:

– Үйдегі реніш, ұрыс-керіске өздерің кінәлісіңдер. Жұбайларың сәл ашулана қалса сендер оған жауап қайтаруға дайын тұрасыңдар. Күйеуім ашуланып жатса ол кінәлі болса да үндемеймін. Сол сәтте Алладан оның жүрегіне сабырлық пен мейірімділік беруін тілеймін. Менің үндемегенімді көріп ол да сабасына түседі. Біздің бақытты болуымыздың сыры осы ғана, – деп жауап береді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Күйеуіңіз ашуланса кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Күйеуіңіз ашуланса

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]