Бала болмысын бұзатын 10 сөз
Бала болмысын бұзатын 10 сөз
Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.
Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерді қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені, бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерден тез жараланғыш келеді. Сондай-ақ, бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбитініне, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдар да дәлелдеп отыр.
Дана халқымыздың ежелден сөз құдіретін мойындап, «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп, орынсыз сөздің орға жығарын аңдатқан. Ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын үлкендер жағы байқамай жатамыз. Бала ержеткесін бұрыс жолға басып немесе мінез-құлқында дөрекілік байқала қалса, қоршаған ортаға кінә артудан бұрын бала тәрбиесінде абайсызда жіберген қателік-кемшіліктерімізді санамалап көрдік пе осы?!
Ислам ғалымдары осы тақырып төңіргінде зерттеулер жүргізіп, бала болмысының бұзылуына себепкер он жайтты анықтаған көрінеді.
1.Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мәселен, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деп.
2.Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мәселен, кәззап, семіз, ақсақ, харамы, бейшара. Мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.
3.Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал, басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижеде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, «Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.
4.Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «Мынаны жесең, сені жақсы көремін», «Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сен жақсы көремін». Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді.
Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сондықтан, бала шынайылықты жақсы көреді. Өйткені, бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.
5.Жалған ақпарат. Баланы өтірік ақпараттыр арқылы қорқытып немесе алдау қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады. «Жыласаң, милиция алып кетеді» деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы әбден мүмкін. «Ер азамат жыламайды», «Мына бала мені жынды етті», «Менің бұған шамам келмейді», «Алла сенің жазаңды береді», «тозаққа лақтырады», «Біреуге беріп жіберемін», «Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді» т.с.с.
6.Көңілін қалдыру. Баланың меселін қайтарып, көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. «Сен дымды да түсінбейсің», «Үніңді өшір», «Сенен түк пайда жоқ», т.с.с.
7.Қорқыту. Мәселен, «Басыңды жарамын», «Қаныңды ішемін», «Сені соямын» т.с.с.
8.Өтінішіне немқұрайлы қарау. Үнемі баланың сұрағанына «Жоқ, жоқ, жоқ» деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру.
9.Қарғау. «Сені Құдай алсын», «Өлгенің жақсы еді», т.с.с.
10.Масқаралау. Баланың намысына тиетін сөздер айту.
Міне, осы он сөз. Зерттеу бойынша бала жасөспірім шаққа дейін ата-анасынан 16 мың сөгіс сөз еститін көрінеді. Ойлап қарасақ, сегіз жасқа жетпеген баланың сөздік қорында 5 мыңға жуық жаман сөздер болады. Мұның әсері суық қарудан да асып түсуі мүмкін.
Ал, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төрт-ақ сөзбен: «Мұсылман намысқа тиісуші, лағынет етуші, жаман сөз айтушы және бейәдеп болмайды[1]», – деп мұсылман әдебінің үйретіп кеткен (Абдулла бин Масғуд, Тирмизи). Біз осы төрт теріс мінезден арылуымыз керек-ақ. Оның орнына баламызды махаббатпен жігерлендіріп, мақтай отырып құрметке баулиық.
Өйткені, жақсы сөз сыйлықтан артық. Құран Кәрімде: «Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту араласқан садақадан жақсы...[2]»
Шаңырағымызды сөздерді теріп сөйлеуге әдеттенейік. Сөздің әсері мол. Адам сөзбен мұсылман болады, сөзбен діннен шығады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: