Жаңадан қосылған жұпқа арналған кеңестер

Жаңадан қосылған жұпқа арналған кеңестер

Шынайы өмірдегі махаббат кітап пен кинодағыдай емес. Себебі ол тек романтикалық кездесулерден құралмайды. Бақытты отбасы — өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген еңбектің жемісі. Бірақ бір мезетте отбасыңыздың ойраны шығуы мүмкін. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға жаңадан қосылған жұптарға арналған бірнеше кеңесті ұсынамыз.

Бірін-бірі өзгертуге ұмтылу

Мінсіз адам болмайды. Бірақ оның әдеттері мен мінез ерекшеліктерін шатастырмаған жөн. Адам бойында не істесең де өзгермейтін нәрселер болады. Сондықтан әр жерге тасталған шұлық (әдет), бесінші рет жоғалған қолшатыр (ұмытшақтық) үшін жүйкеңізді тоздырмаңыз.

Ата-анамен қарым-қатынас

Егер жұбайыңыздың ата–анасымен жақсы қарым–қатынаста болсаңыз, тіптен жақсы. Алайда келінін не күйеубаласын өз баласындай жақсы көретін ата–ана сирек. Мұндай жағдайда олармен мүмкіндігінше жылы қарым–қатынаста болуға тырысыңыз. Өйткені қанша дегенмен үлкендерді құрметтеу бәріміздің борышымыз.

3. Қалта телефоны

Техника дамыған қазіргі заманда ғаламтор мен ұялы телефон адамдардың қарым–қатынасын салқындатып отыр. Жұбайымызбен шүйіркелесетін уақытты біз ғаламторда отырып, телефонмен сөйлесумен, SMS жолдаумен өткіземіз. Алайда жан–жарыңыздан қымбат ешкімнің жоқ екендігін ұмытпағайсыз.

4. Жұрттың көзінше ұрысып, кінә тағу

Қоғамдық орындарда, көпшіліктің көзінше ешқашан ұрысушы болмаңыздар. Бұл — сіздердің жеке шаруаларыңыз. Сондықтан екеуара туындаған мәселені екеуіңіз жеке қалғанда ғана шешіңіз.

5. Үнсіздік

Ешкім сіздің ойыңызды оқи алмайды. Тіпті сүйетін адамыңыз да. Қандай да бір түйткіл бар ма? Бір нәрсе ұнамай ма? Айтыңыз. Жақсы да, жаман да эмоцияны сыртқа шығару — психологиялық саулық кепілі.

6. Қызғаныш

Бірі "қызғаныш — махабаттың белгісі” десе, екіншісі "бұл менмендік және сүйген адамды сыйламау" дейді. Не десек те қызғаныш сезімінен еркек те, әйел де зардап шегеді: бірінің күдіктен іші күйсе, екіншісі өзіне деген сенімнің жоқтығынан қиналады. Бұны қалай жеңбекпіз? Жай ғана адал болыңыз. Қызғаныш тудыратын жағдайлардан аулақ жүріңіз, өзіңіз де қызғанбаңыз.

7. 24 сағат бойы бірге болу

Адам психологиялық-физиологиялық тұрғыдан ара-тұра жалғыздықты қажет етеді. Жұбайыңызбен жабысып қалмаңыз. Керісінше қаншалықты аз көріссеңіздер, кездесулер соншалықты ыстық болмақ.

8. Өтірік айту

Өтірік су секілді ең мықты деген үйдің іргесін шірітіп, шайқалтуы мүмкін.

9. Мақсаттар

Әрі қарай не болмақ? Біздің қарым–қатынасымыз соңы неге алып келеді? Жұбайыңыздың мақсаттары сіздің мақсаттарыңызға сай ма, соны нақты білуіңіз керек. Егер әлі отбасын құрмаған болсаңыздар және жұбыңыз оны ойлап та жүрмесе, онымен қатынасты доғарудан қорықпаңыз.

10. Махаббатты бағаламау

Махаббатты өзінен–өзі беріле салатын нәрсе деп қабылдамаңыз. Ол — тағдырдың сыйы. Жаныңыздағы адамға сізге деген сезімдері үшін ризашылық білдіріңіз.

11. Кешіру

Қателеспейтін адам болмайды. Сіздің де қалт кететін сәттеріңіз болады. Сүйген адамыңызды кешіре біліңіз. Ренішті іште сақтамаңыз, жинамаңыз. Бұл салқын қарым-қатынасты оңалтады әрі күйзелістен сақтайды. Психологтар өкпе-реніштің адам денсаулығына кері әсер ететіндігін әлдеқаша дәлелдеген.

12. Салыстыру

"Бұрынғы ғашықтарыңызды" ұмытыңыз. Олар өткен өміріңізде қалды. Қазір басқа адамды сүйесіз. Оны үнемі бұрынғы ғашықтарыңызбен салыстыра берсеңіз, қарым–қатынастарыңыздың быт–шыты шығуы ғажап емес.

13. Қаражат

Отбасы қаражатына екеуінің де үлес қосқаны жөн. Ұсақ-түйекке шүйлікпей, негізгі нәрселерді алдын ала келісіп алыңыз: азық-түлікті кім алады, пәтерақыны кім төлейді т.б.

14. Шамадан тыс сабырлылық

Үйленген жұптардың көбі уақыт өте келе толысып кететінін байқадыңыз ба? Қарым-қатынастың байыптылығы мен үйлесімділігі жақсы, әрине. Бірақ бұл өз-өзіңізді күтуді доғару деген сөз емес. Жұбайыңыздың сізді үнемі ұнатқанын қалайсыз ба? Онда сымбатыңыз бен сұлулығыңызды сақтаңыз, дене шынықтырумен шұғылданыңыз. Шашыңыз бен бет-әлпетіңізді күтіңіз.

15. Жанжал

Өз ренішіңізді жұбайыңыздан жоғары қоймаңыз. Шешілмейтін мәселе жоқ. Бір-біріңізге тіл тигізбеңіз. Түсінісіп, ортақ шешімге келуге әрқашан мүмкіндік бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Жаңадан қосылған жұпқа арналған кеңестер кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Жаңадан қосылған жұпқа арналған кеңестер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]