Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасында мимикалық әжімдер ерте пайда болады. Жастайынан көз айналасындағы теріні күтіп, әжімдердің алдын ала білу ләзім. Қолдан жасалған маскалардың бір ерекшелігі, құрамына қосылатын ингредиенттердің сапасына сенімді бола аласыз. Сіздерге бірнеше маскалардың жасалуымен таныстырмақпыз:

✅ Ақжелкен (Петрушка) маскасы. 1 кішігірім ақжелкен шоғырын ұсақтап турап, 1 ас қасық қаймақпен араластырасыз. Түзелген қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Ақжелкен маскасы теріні құнарландырып, ұсақ әжімдерді жазады.

✅ Жүзім маскасы.Бірнеше жүзім жидегін езіп, суын мақта сулығымен көз айналасындағы теріге жағады. 20 минуттан кейін жуып тастасаңыз болады немесе жатар алдында жағып, түнге қалдырсаңыз да болады. Осылайша, теріге табиғи құнарлы заттар сіңеді, ал бұл әжімдердің пайда болуының алдын алады.

✅ Балдан жасалатын маска. 1 шай қасық балды жұмыртқаның сарысымен араластырып, бірнеше тамшы зәйтүн майын қосыңыз. Алынған қоспаны көзіңіздің айналасына жағыңыз. 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

✅ Шипалы шөптерден жасалатын тұнба. 1 шай қасық кептірілген жөке, түймедақ, қырмызы мен көктікенді араластырып, 3 стақан ыстық су құйыңыз. Жарты сағаттан кейін көз айналасына арналған компресс жасайсыз. Бұны күнделікті жатарда жасауға болады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]