«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2050 бойынша арнайы грант

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2050 бойынша арнайы грант

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2050 бойынша арнайы грантҚазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Аталған бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” Мемлекеттік бағдарламасы Республикалық Үйлестіру Кеңесінің төрағасы, "Өрлеу” БАҰО” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтен айтып беруін сұраған едік.
– Мұрат Абдуламитұлы, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Бұл идеяның негізі қайдан шықты?
– «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.
Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жас­тар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар, үй, мектеп, балабақша жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де, жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер колледждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын кадрлық сұраныс аз болады. Бұл – нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін грант та аз бөлінеді. Керісінше, еліміздің кейбір өңірлерінде кадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.
Мысалы, Семейде геодезия мамандығына оқытатын колледж бар. Қазақстандағы жалғыз оқу ор­ы­ны деуге болады. Егер геодезия мамандығын бітірсе, жалақысы 250-500 мың теңге көлемінде болады екен. Ал республика бойынша аталмыш мамандық иелеріне сұраныс көп, тіпті тапшы. Сол себепті біздің бағдарлама қажетті мамандарға жағдай жасап, оларды тегін оқытуға гранттар бөлінді.
Міне, кадр тапшылығын туындатқан осындай мәселелерді шешу үшін индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты мәселелер шешімін тауып, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлауда ел болашағына оң әсерін береді деп күтілуде.
– Бөлінген гранттар саны және қосымша жеңілдіктер қандай?
– Бағдарлама бойынша биылғы жылы 2050 арнайы грант бөлінді. Оның ішінде 19 педагогикалық мамандықтарға 7 жоғары оқу орны (ЖОО) үшін арнайы 1050 грант, 23 колледжде білім алушылар үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінді.
Сондай-ақ, бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, өңірлерге бір рет барып қайту жолақысы және жатақханамен, жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Ал, колледждерге түскендерге 3 мезгіл тамақ және оқу киімі қаралған.
– Арнайы гранттарға қатысуға шектеу бар ма? Кімдер қатыса алады?
– Бірінші кезекте бұл мүмкіндікті жоғарыда аталған өңірлердің биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып, әртүрлі деңгейде ұпай жинаған барлық бітіруші түлектер, сонымен қатар кешенді тестілеуден өткен колледж түлектерінің де, мектепті бұрынырақта бітірген жастарға да пайдалануына толықтай мүмкіндік бар. Жоғары оқу орнына құжаттар тапсыру кезеңінде 4 оқу орнын таңдауға мүмкіншілік бар екендігі белгілі, алайда осы таңдаулар арасында төменде көрсетілген 7 оқу орнын таңдаған жағдайда арнайы бөлінген 1050 гранттың үміткері бола алады. Бір емес, төртеуге дейін арнайы грант беретін мамандықтарды таңдауға болады.
Шекті ұпайға (50 ұпай) жетпеген бітірушілерге колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері болу мүмкіндігі бар. Ал шекті ұпайға яғни 50 балл жинамаған, әрі бейіндік пән бойынша 7 балдан аз алған студент ЖОО-ға конкурсқа қатыса алмайды.
«Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша барлық оқу орындарына құжаттарды қабылдау комиссиясы жұмысы мен шығармашылық емтихандар Қызылорда қаласында өткізіледі. Жоғары оқу орындарға құжат қабылдау мерзімі 31 шілдеде аяқталады. Нәтижесі 8 тамызда шығады деп жоспарлануда. Ал колледждерге құжаттар 20 тамызға дейін қабылдана береді. Сол себептен ЖОО-ға грант иеленуге үміті ақталмаған түлектер техникалық колледждерге түсуге қосымша бағын сынап көруге болады.
– Қазіргі кезде колледжден гөрі ЖОО-ға түсуге құмартатындар көбейді. Колледж білікті маман дайындауға қауқарлы ма?
– Қазіргі таңда еліміздегі ең соңғы технологиямен жабдықталған өндірістерде жоғары білімді мамандарға сұраныс 15%-ды құрайды. Қалған 85%-ға орта техникалық білімі бар мамандар қажет. Ал сол сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындап келеді. Мысалы: тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді өзге де салалар бар. Елімізде қазір автомобиль зауыттары көптеп ашылуда, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда. Осы көрсеткіштерге қарап-ақ, сұрағыңызға жауап алуға болады.
– Құжаттарды қабылдау комиссиялары қай жерде орналасқан?
– Жоғарыда айтып өткенімдей, «Серпін–2050» бағдарламасына қатысатын 7 жоғары оқу орнының және 23 колледждің Қызылорда қаласында өкілдіктері бар.
ЖОО өкілдіктер Абай даңғылы, 66 үй, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орналасқан. Жоғары оқу орындары өкілдері аты-жөні және байланыс телефондары 1-қосымша тізімде көрсетілген.
Құжаттарды қабылдау комиссиясы да осы оқу орнының №5 оқу ғимаратында қабылдайды. Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-53-92, 27-44-28.
Барлық 23 колледждің қабылдау комиссиялары Қызылорда политехникалық колледжінде орналасқан. Тел: 8 (7242) 22-85-43, 21-20-40, Жібек жолы көшесі, 12 үй.
– Ал бағдарлама аясында колледждерге де бөлінген гранттар тізімін оқырмандарымызға айта кетсеңіз...
– Мемлекеттік бағдарлама бойынша анықталған колледждердің және оларда бағдарлама бойынша таңдалынған мамандықтар тізімі, оның біліктіліктері бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі төменде 2-кестеде келтірілген.
– Қабылдау комиссиясы жұмысына көңілі толмай наразылық білдірушілер табылса, кімге, қайда шағымдануға болады?
– Бұл бағдарлама іске асырылу мемлекеттік деңгейде бақылауға алынатыны сөзсіз. Себебі, ерекше әлеуметтік қоғамдық орны бар. Бұл қысқамерзімді жоба емес, биыл бастамасы ғана. Мен басқарып отырған Республикалық үйлестіру кеңесі балалардың оқуға түсуінен бастап, сол аймақтарға жеткізіп, оқу процесін жоғары сапада жүргізуін талап ету, әлеуметтік жағдайлары, спорт, мәдени шараларын қажетті деңгейде ұйымдастыруын бақылауды жүргізеді. Қандайда болсын арыз-шағымдарды қарауға дайынбыз. Бағдарламаның арнайы www.serpin-2050.kz сайтына жазуыңызға болады. Немесе менің жеке атыма хат жазамын десеңіздер e-mail: muratabenov@gmail.com электронды адресіне жолдаңыздар.
– Бағдарламаның расында да кадр тапшылығын шешуге оң ықпалы тигізеріне көзіміз жетіп отырған сияқты. Ең бастысы, тоқтамай серпінді жұмыс жасайды деген сенімдеміз.
– Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – Қазақстандағы әлеу­меттік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жас­тарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бас­тамашыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.
Сайын даланың төсін жайлаған қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Риясыз сұхбатыңызға рахмет. Игілікті істеріңіздің жемісін көре беріңіз.
«Серпін-2050» бағдарламасына қатысу бойынша қосымша анықтама
ЖОО-лар мен колледждердегі әр мамандық туралы толығырақ танысу үшін www.serpin-2050.kz сайтына кіріп, оқуға болады.
Сонымен қатар, сайттағы «Сұрақ-жауап» бөлімінде талапкер көңілінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берілген:
1. Мемлекеттік «Мәңгілік ел жастары–индустрияға» атты бағдарламасы туралы негізгі ақпарат:
А) Аталмыш бағдарлама бойынша жеті облыстағы 7 жоғары оқу орындары (әрі қарай ЖОО) қатысады;
Ә) 7 ЖОО үшін 1050 арнайы грант бөлінген, әрбір ЖОО-ға 150 гранттан қаралған. Онда педогогикалық 19 мамандық түрі белгіленген. (www.serpin-2050.kz сайтында көрсетілген).
2. Аталмыш бағдарламаға кімдер қатыса алады:
А) ҰБТ немесе КТ-дан шекті (50 балл, орыс тілін қоспағанда) және одан жоғары балл жинаған талапкерлер (бұл талап шығармашылық емтихан тапсыратындарға қатысы жоқ 4-ші таңдау пәнінің орнына шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерге 3-пунктте түсініктеме көрсетілген).
Ә) ҰБТ-ға қатыспаған, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-ға грантқа түспеген жастар КТ тапсырғаннан кейін қатыса алады;
Б) Егер бейіндік пән бойынша 7 балдан аз алсаңыз, онда конкурсқа қатыса алмайсыз.
Ескерту: егер бағдарламада көрсетілген 7 ЖОО үшін бөлінген 1050 арнайы грантты (мамандықтарды) таңдамасаңыз, бұл бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайсыз!
3. Осы бағдарлама бойынша шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін ақпарат.
А) 1050 арнайы гранттың ішінде шығармашылық емтихан тапсыратын мамандықтар бар. Мысалы: «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы. Жалпы балды есептеу үшін ҰБТ-дағы 4-ші таңдау пәні алып тасталынады, ал оның орнына шығармашылық емтиханның қорытынды балын қосады.
Ә) Шығармашылық емтихан балдарын және ҰБТ-дағы негізгі 3 пәннің (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика) балдарын қосқанда, 50 балл немесе одан жоғары болғанда қатыса алады.
Б) Ал сол негізгі 3 пәннен (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндерінен) 4 балдан аз алса және шығармашылық емтихандардың әрқайсысынан 10 балдан кем алса, бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайды.
4. Бағдарлама бойынша мамандық таңдау қалай жүргізіледі:
А) Талапкер www.serpin-2050.kz сайтының оң жағындағы –
«ЖОО мамандық таңдау» сілтемесі арқылы кіресіз;
Ә) Сол жерден өзіңіздің ҰБТ кезінде таңдаған 4-ші пән бойынша қандай мамандыққа тапсыра алатыныңызды көре аласыз;
Б) Таңдау пәні бойынша тізімдегі сәйкес мамандықтарды таңдайсыз;
В) Әр мамандықтар бойынша мамандық шифры және сол мамандыққа арнайы грант бөлінген ЖОО аты жазылған.
Мысалы: Егер 4-ші таңдау пәніңіз физика болса, кәсіптік оқыту, информатика, математика, физика сияқты 4 түрлі мамандықтар ішінен керегін таңдайсыз. Содан соң мамандық коды мен таңдаған мамандығыңызға грант бөлген ЖОО-ны тауып аласыз.
5. ЖОО-ны қалай таңдауға болады?
А) Аталмыш бағдарлама бойынша бөлінген 1050 арнайы грант тізімдегі 7 ЖОО-ға ғана тиесілі. Сайттың оң жағында «Арнайы гранттар бөлінген ЖОО-лар» сілтемесіне кіріп, өзіңіз таңдаған мамандықтарыңыз қай ЖОО-ларда орналасқанын көріп, қажетті ЖОО-ларды таңдайсыз.
Ә) Бағдарлама бойынша сол ЖОО-ға бөлінген арнайы гранттар тізімі көрсетілген;
Б) Сонымен қатар, ЖОО орналасқан облысы, мекен-жайы, байланыс телефондары, әлеуметтік-мәдени жағдайымен таныса аласыз;
В) Талапкер қалауы бойынша бір университетті немесе төрт университетке дейін таңдау жасай алады.
Г) Таңдау жасап болған соң, мамандықтардың шифрын және ЖОО-ның кодтарын жазып алыңыз.
6. Конкурсқа қатысу құжаттарын қашан және қайда тапсырады:
- Конкурсқа қатысу құжаттары 23-31 шілде аралығында қабылданады;
- Өзіңіздің облысыңыздағы «Қабылдау комиссиясына» барасыз;
- Құжаттарды өз қалаңызда отырып, басқа қаладағы ЖОО-ға тапсыруға болады.
7. Қабылдау комиссиясындағы «Өтініш бланкісін» толтыру:
Бланкіге 4 ЖОО-ның әрқайсысында бір мамандықты жаза аласыз немесе бір ЖОО-ға 4 мамандық таңдап жаза аласыз. Дәл солай 2 ЖОО-ға екеуден , 3 ЖОО-ға ( 2+1+1) мамандық таңдауға болады. Және тек бір ЖОО-ға бір ғана арнайы грант бойынша мамандық таңдауға болады.
Өтініш бланкісін толтыру кезіндегі негізгі мән беру тұстары:
1) 6, 8, 10, 12 – конкурс секторлары. Секторлардағы бос ұяшықтарға таңдаған мамандықтар шифрын бояйсыз.
2) 7, 9, 11, 13 – конкурс секторлары. Ондағы бос ұяшықтарға таңдаған ЖОО-ның кодын бояйсыз.
3) Егер талапкер шығармашылық емтихан тапсырса, онда 23 сектордағы 1-ші және 2-ші шығармашылық емтиханда алған балдарын жазады және бос ұяшықтарды бояйды.
4) «Талапкер қолы» бөлімінде талапкер өз қолын қояды.
8. Бағдарлама бойынша құжат тапсырған талапкерлер
www.serpin-2050.kz сайтына міндетті түрде тіркелуі керек:
Сайттың оң жағындағы «Тіркелу» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтырады;
9. Талапкерлерден төмендегі құжаттар талап етіледі:
- Жеке куәлік (төлқұжат және құжаттың 2 дана көшірмесі).
- Аттестат, куәлік косымшаларымен (түпнұсқасы мен көшірмесі).
- ҰБТ немесе КТ сертификаты.
- Фотосурет - 6 дана - 3х4 см (2014 жылғы).
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама, 063 үлгісіндегі егу картасы және 2014 жылғы флюорокадр (рентгенсуретімен бірге).
- Конкурс қорытындысы тамыз айының 8-10 аралығында республикалық газеттерде немесе ғаламторда жарияланады.
Қосымша мәліметтер:
Жоба сайты: www.serpin-2050.kz
Электронды адресі: serpin2050@gmail.com
Facebook:www.facebook.com/serpin2050

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
с, серпін 2050 бағдарламасы, серпін 2050 бағдарламасы туралы, серпин 2050 казакша, серпін 2050 қазақша, серпін бағдарламасы 2017, серпін бағдарламасы 2018, серпін бағдарламасы 2019, серпін бағдарламасы 2017 грант тізімі, серпін бағдарламасы 2018 грант тізімі, бойынша, арнайы, бағдарлама, болады, грант, Мәңгілік, мамандық, жоғары, шығармашылық, бөлінген, немесе, қатыса, бағдарламасы, Қазақстан, индустрияға, емтихан, жастары, колледждерге, Мемлекеттік, мамандықтар, серпін бағдарламасы грант, Серпін-2050 бағдарламасына қатысу бойынша қосымша анықтама

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]