Сапарда намаз қалай оқылады? [видео]
Сұрақ: Сапарда намаз қалай оқылады?
Жауап: Сафари дегеніміз – жолаушы болу деген сөз. Үш күндік жерге бару ниетімен жолға шыққан адам орналасқан жерінен үш күндік жолға ниет етіп кетсе, кеткен жолының екі тарапындағы үйлер аяқталғаннан кейін сафари (жолаушы) болады. Үлкен қалаларда шеткі үйлер қалмаған. Осы тұрғыдан үлкен қалаларда, тұратын жерімізге жақын болған мазар, фабрика, мектеп және казармадан өткен кезде сафарилық басталады.
Үш күндік жолға шығуға шешім қабылдамай бүкіл дүниені айналып шықса да сафари болмайды. Дұшпанды іздеп жүрген әскердің жағдайы осындай. Екі күндік қашықтықта болған жерге баруға ниет еткен адам жолда немесе сол жерге барғанда екі күндік жерге тағы баруға ниет етсе, сол төрт күндік жерге бара жатқанда сафари болмайды.
Ханафи мазһабында сапарда 4 рәкат болған парыз намаздарды 2 рәкат қылып оқу уәжіп болып табылады. 4 рәкат қылып оқу мәкрух, күнә болады. Хадис шәрифте «Сапарда намазды толық оқыған адам мұқим (жергілікті) болғанда кем оқыған адам сияқты» делінген. Үш рәкаттықтар және сүннеттер өз күйінше оқылады.
Маликиде сапарда 4 рәкаттық парыздарды 2 рәкат қылып оқу сүннет. Шафииде сапарда 2 немесе 4 қылып оқу да жаиз. Екі рәкат қылып оқу абзалырақ. Ханбалида сапарда 2 немесе 4 рәкат қылып оқу Шафии мазһабындағыдай.
Ханафидағы мұсылмандардың күнә істемеулері үшін 4 рәкаттық намаздарды сапарда 2 рәкат қылып оқуы керек. Сондықтан жолаушылыққа қатысты үкімдерді де білу керек. Бұл мағлұматтар Ханафи мазһабы бойынша төменде баяндалды. Адамның мұқим болған, яғни орналасқан жері Отан деп аталады.
Үш түрлі отан бар:
1) Уатан-и асли: Адамның туып өскен, кейіннен үйленген жері. Бұдан кейін де әрдайым сол жерде тұруға ниет еткен жері. Бұл жерді өзгертіп, тұрғылықты мекен ретінде басқа жерге көшуге болады. Ол кезде көшкен жері уатан-и асли болады.
2) Уатан-и иқамат: 15 күн немесе одан көп қалып, кейін қайтуға ниет етілген жер.
3) Уатан-и сукна: Адамның жолшыбай соққан жері болып, 15 күннен аз қалуға ниет еткен, яки бүгін-ертең қайтармын деп ұзақ уақыт бойы қалған жері.
Отанның өзгеруі
Отанның өзгеруі төменде көрсетілген мысалдардағыдай болады:
Бір адам үйленіп немесе біржола қалуға бір жерде орналаспағанша туып өскен жер уатан-и асли болудан шықпайды. Үйленсе, бұрыңғы уатан-и аслиы бұзылады. Үйленген жері уатан-и асли болады. Басқа бір жерде тұрғылықты мекен ретінде орналасса, бұл жолы үйленген жері уатан-и асли болудан шығады. Біржола тұру үшін орналасқан жерден кетіп, басқа бір жерге біржола орналасса, алдыңғы орналасқан жері уатан-и асли болудан шығады. Яғни бір адам Шымкентте туылса, уатан-и аслиы Шымкент болады. Бұл адам Алматыда үйленсе, Шымкент уатан-и асли болудан шығады да, уатан-и аслиы Алматы болады. Кейінірек біржола Астанада тұрғылықты мекен ретінде орналасуға шешім қабылдаса, ол кезде уатан-и аслиы Астана болады. Алматы уатан-и асли болудан шығады. Уатан-и аслида бір сағат қалатын болса да, намаздар қысқартылмайды.
Бір адам үйленіп бір жерге орналасқаннан кейін әйелін сол қалада қалдырса, жұмыс бабымен өзі басқа бір қалаға негізгі мекен ретінде орналасса, екі уатан-и аслиы болады.
Бір ауылда тұратын бір әйел қаладағы перзентханаға барып бала туса, баланың уатан-и аслиы анасының тұратын жері болады. Өйткені ол сол ауылда өседі. Бірнеше күн қалған жерде, яғни уатан-и сукнада туылған болып саналмайды.
Бір адам 60 киллометрлік қашықтыққа бару үшін бір автобусқа мінсе, автобуста ұйықтап 150-200 киллометрлік қашықтыққа барса да, сафари болмайды. Өйткені бұл жерге келуге ниет етпеген. Осы жерде 60 киллометрлік ұзақтықтағы қалаға бір іспен барса, бұл жағдайда да сафари болмайды. Қайтарда алғаш шыққан жерге келуге ниет етсе, қайтарда сафари болады. Осы сияқты бір кісі ұзақтығы 70 киллометр болған Есік қаласына бару ниетімен Алматыдан шықса, автобуста ұйықтап қалғандықтан Шелекке өтіп кетсе, Шелекке өз қалауымен келмегендіктен, ниетсіз келгендіктен, Шелекте намаздарын мұқим ретінде, яғни 4 рәкат қылып оқиды. Шелектен қайтадан Алматыға қайтуға ниет етіп жолға шықса, Шелектен шықаннан соң намаздарын қысқартып оқиды.
Сұрақ: Сафари болғанда намаздарда қалай ниет етіледі?
Жауап: Рәкат санын және сафари болғанын айтудың қажеті жоқ. Әр уақыттағыдай қалыпты түрде ниет етіледі. Мысалы «Ниет еттім бесін намазының парызын оқуға» делінеді.
Сұрақ: Жолаушылықта негізге уақыт алынады ма, әлде ара-қашықтық па?
Жауап: Ара-қашықтық негізге алынады (104 км).
Сұрақ: Ханафи мазһабында болып, Малики мазһабын тақлид ететін адамның сафари болуына қатысты, ара-қашықтық және қалу уақыты мәселесінде Малики мазһабын негізге алу керек пе?
Жауап: Қашықтық ретінде Ханафи, қалу уақыты бойынша Малики мазһабы негізге алынады. Өйткені өз мазһабымыздан шықпағанымыз үшін тақлид еткен мазһабымыздың парыздарына ұйып, муфсидтерінен қашудамыз.
Сұрақ: Сапарда намаздар қанша рәкат болып оқылады?
Жауап: Төрт рәкаттық парыздар екі рәкат болып оқылады, үш рәкаттылар қысқартылмайды, сүннеттер уақыт аз болса оқылмайды, уақыт бар болса оқыған жақсы болады.
Сұрақ: Уатан-и иқамат қалай бұзылады?
Жауап: Уатан-и иқамат үш себеппен бұзылады:
1) Басқа бір уатан-и иқаматқа барғанда сапар ниетімен шықпаған болса және ара-қашықтық үш күндік жолдан аз болса да, алдыңғы уатан-и иқамат бұзылады.
2) Уатан-и аслиға келген кезде бұзылады. Бір адам уатан-и аслиы болған Ақтөбеден Қарағандыға бір ай тұру ниетімен барса, кейін Алматыға кетіп сол жақта үйленсе және сол жерде орналасса, Алматы уатан-и асли болады. Қарағанды уатан-и иқамат, ал Ақтөбе уатан-и асли болудан шығады.
3) Сапарға ниет етіп шығу. Яғни уатан-и иқаматтан үш күндік жолға кетуге ниет етіп кеткен кезде бұл жер уатан-и иқамат болудан шығады. Одан қысқа жолға ниет етіп барып-келгенінде уатан-и иқаматы бұзылмас еді. Уатан-и иқаматтан ниетсіз шығып, басқа жерде үш күндік жолға кетуге ниет етсе, үш күндік жолға кетуден бұрын уатан-и иқаматқа келсе, сафари болуы бұзылады. Мұқим болады. Ниет еткеннен бастап үш күндік жол жүргеннен кейін осы жерге келсе де бұдан былай бұл жерде мұқим болмайды.
Сұрақ: Үйленген бір адам екі жылдан кейін «Мен пәлен қалаға негізгі мекенім ретінде орналасамын» деп айтуымен сол жерді өзін уатан-и асли қылған болады ма?
Жауап: Жоқ, олай болмайды. Бір қалаға орналасып, негізгі тұрғылықты мекені ретінде қалуға ниет етсе, осы жағдайда сол қаланы өзіне уатан-и асли қылған болады. Осы арада қандай-да бір жұмыспен бірнеше айға немесе бірнеше жылға басқа қалаға барса да, ол жер, яғни негізгі мекені ретінде орналасуға ниет еткен қаласы уатан-и асли болады. Бір жердің уатан-и асли болуы үшін алдымен ол жерді өзіне отан қылып, ол жерде тұруы керек. Мұның бұзылуы үшін жаңа бір қалаға негізгі тұрғылықты жері ретінде орналасуы керек.
Сұрақ: Сапар қиыншылықсыз болса да, сафари болған адам төрт рәкаттық парыздарды екі рәкат қылып қысқартуы керек пе?
Жауап: Көбіне жолаушылық қиын өтетіндіктен, дініміз төрт рәкаттық парыздарды екі рәкат қылып оқу керектігін білдірген. Ешбір қиыншылық болмаса да, екі рәкат болып оқылады. «Қазір сапарлар өте қолайлы, сафарилыққа қажеттілік жоқ» деп айтуға болмайды. Керісінше мұқим кезде ешқандай қолайлық болмаса да, өте қиын жағдайларда да, төрт рәкаттық парыздарды екі рәкат қылып оқи алмаймыз.
Сапарда қиындық болмаса
Сұрақ: Сапарда қиындық болғанда төрт рәкаттық парыздар екі рәкаттан оқылады ма?
Жауап: Қиындық болмаса да, жағдай өте жайлы болса да, сапарда төрт рәкаттық парыздар екі рәкат болып оқылады. Өз үйінде қиындықтар көп болса да, намаздар қысқартылмайды.
Жолда туылған адам
Сұрақ: Жолда, тау басында туылған, бойдақ, ақылы кірген, балиғатқа толған және ешбір жерде орналаспаған адамның уатан-и аслиы болады ма?
Жауап: Уатан-и аслисыз адам болмайды. Туылғаннан кейін әкелініп, өскен жері уатан-и аслиы болады.
Уатан-и иқаматқа соғу
Сұрақ: Уатан-и иқаматым Алматы. Бұл жерден Ұзынағашқа барып, екі күн қалсам, кейін Таразға бару ниетімен Ұзынағаштан шығып, қайтадан Алматыға соқсам, Алматыда сафари боламын ба?
Жауап: Ұзынағаштан Таразға бару ниетімен жолға шыққанда сафарилық басталады. Бірақ Алматыға соққан кезіңізде сафарилық бұзылады, мұқим боласыз. Алматыдан шыққанда қайтадан сафарилық басталады, өйткені Алматыдан алғашында шығарда сафарилық қашықтықтағы жолға шығуға ниет етпеген едіңіз. Алматының уатан-и иқамат болуының бұзылуы үшін Алматыдан шығарда 104 км жолға бару ниетімен шығуы керек еді. Егер Алматыға соқпасаңыз, мұқим болмайсыз.
Уатан-и асли
Сұрақ: Әйелі қайтыс болғаннан кейін басқа бір әйелге үйленген адамның уатан-и аслиы өзгереді ме? Яғни алғашқы үйленген жер уатан-и асли болудан шығып, соңғы үйленген жер уатан-и асли болады ма?
Жауап: Иә. Бірақ егер қазіргі жерде негізгі тұрғылықты жер ретінде қалуға ниет еткен болса, үйлену негізгі тұрғылықты жерді уатан-и асли болудан шығармайды.
Жаздық үй отан болады ма?
Сұрақ: Жаздық үйінде (дача) үйленген адам алты ай жаздық үйде, алты ай қаладағы үйінде тұрса, уатан-и аслиы қай жер болады?
Жауап: Негізгі тұрғылықты жері ретінде бір жерде тұратын адам басқа жерде үйленсе, негізгі тұрғылықты жері уатан-и асли болудан шықпайды. Қайда үйленсе де, қалада негізгі тұрғылықты мекені ретінде тұратын жері уатан-и асли болып жалғасады. Жылдың басым бөлігін немесе жыл бойы басқа қалада өткізсе, тіпті жылдар бойы басқа қалада қалса да, уатан-и аслиы бұзылған болмайды. Жаңа отан қабылдамағанша бұрыңғы отаны бұзылмайды.
Жолаушылықтың басталуы
Сұрақ: Уатан-и аслидан шығып, сапар қашықтығындағы бір жерге бара жатқанда казарма, мазар сияқты бір жерді өткенде жолаушылық басталады, бірақ уатан-и иқамат болса, сафарилық үйден шыққан сәтте басталады, – делінеді. Бұл дұрыс па?
Жауап: Дұрыс емес. Екеуінде де сафарилық фабрика, казарма, мазар сияқты бір жерді өткеннен кейін басталады.
Туылған және тойған жері
Сұрақ: Бір досым «Уатан-и асли – адамның туылған жері емес, тойған жері. Тойған жеріңде бірнеше жыл қалсаң да уатан-и асли болады» деді. Уатан-и асли туылған жер емес пе сонда?
Жауап: Бір адамның уатан-и аслиы – туылған жері. Егер бұл адам басқа бір қалада үйленсе, туылған жері уатан-и асли болудан шығады, бұдан былай үйленген жері уатан-и асли болады. Үйленген жерден басқа бір қалада негізгі тұрғылықты жер ретінде қалуға ниет етсе, бұдан былай үйленген жері де уатан-и асли болудан шығады. Негізгі тұрғылықты жер ретінде қалуға шешім қабылдаған жер уатан-и асли болады.
«Адамның туған жерінде емес, тойған жерінде өмір сүруі керек» нақыл сөзінің уатан-и аслиға еш қатысы жоқ. Бұл сөз «Бір адамның жұмысы, саудасы қайда жақсы жүрсе, сол жақта өмір сүруі керек» дегенді білдіреді.

Ғазиз Ахмет - Сапар намазы қалай оқылады?
А.Қуанышбаев - Сапар намазын қалай оқимыз?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: