Сапарға шыққан адамға қандай жеңілдіктер бар?

Сапарға шыққан адамға қандай жеңілдіктер бар?

Ислам дінінде адамның шамасы жетпейтін, орындалуы мүмкін емес нәрсе жоқ. Себебі – Алла Ұлы, Құдіретті, Күшті және мұндай ұлылықты жаратылысынан талап етпейді. Құранда бұл туралы: «...Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады» («Хаж» сүресі, 78-аят) делінеді.

Тақырыбымызға арқау болып отырған «сапар» ұғымына артық анықтама қажет емес секілді. Өйткені, сапарға шықпайтын адам кемде-кем. Сол себепті бұл әркім үшін маңызды тақырып болып отыр. Хадисте: «Сапар—азаптың бір бөлігі, ол біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан тосады, егер (кісі) шаруасын тындырса, отбасына асықсын» (Муслим) делінуі адам үшін сапардың қолайсыз рәсім екендігіне нұсқау бар. Осындайда шариғатымыз мұсылманның өмірін барынша жеңілдетуге тырысады.

Сапарда жасай алмаған амалың үшін де сауап аласың!

Алла сонда Кең әрі Жомарт! Жолаушыға жасамаған амалы үшін де сауап алуға мүмкіндік беріп қойған!
Әбу Мұсадан (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Пенде ауырса не сапарда болса, ол үшін тұрғылықты, дені сау кезінде істеп жүрген амалдарындай (сауап) жазылады»,—деп айтты»,—деген. (Бұл жерде пенденің жайшылықта істеп жүрген, бірақ науқастануы не сапарда болуы себепті орындай алмай қалған игі амалдары туралы айтылған).

Сапардан үйіңе қарай асық!

Мәлик ибн Хуайристен (Алла оған разы болсын): «Қауымымның бір топ адамымен Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келдім және оның қасында жиырма күн тұрдық. Ол өте мейірімді және аса жұмсақ еді, біздің отбасыларымызды сағынғанымызды көргенде: «(Елдеріңе) қайтып, олардың арасында болыңдар және оларға (дінді) үйретіп, намаз оқыңдар. (Жолда) намаз (уақыты) болса, сендерге біреуің азан айтып, ең жасы үлкенің имамдыққа өтсін»,—деді»,—деген (Бұхари).

Сапардағы адам үшін намазға байланысты жеңілдіктер!

Дініміз сапарға шыққан адамға парыз намаздарын қысқартып оқуға рұқсат береді. Яхия ибн Әбу Исхақ: «Әнәстің (Алла оған разы болсын): «Пайғамбармен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадан Меккеге шықтық. Ол Мәдинаға қайта оралғанша екі-екі ракағаттан намаз оқыды», – дегенін естідім. Одан: «Меккеде тұрдыңдар ма?» – деп сұрадым. Ол: «Онда он күн тұрдық», – деп жауап берді», – деді (Бұхари).

Жолаушы атану үшін қандай шарттар қойылады?

Шариғатта жаяу жүріспен үш күндік не одан да алыс жерге он бес күннен аз уақытқа барғысы келген адам жолаушы саналады. Қазіргі кезде ол шамамен сексен бір шақырым деп есептеледі. Ал кейбір ғалымдар оны сексен тоғыз шақырым деп санаған дұрыс дейді (Әл-Фиқһ әл-ханафи фи сәубиһ әл-жәдид, I том, 310-бет).
Сапарға шығуға жиналған адам өзі тұратын елді мекеннің ең шеткі үйлерінен өткеннен кейін жолаушы саналады. Бұл жағдайда оның мінетін көлігінің жайлылығы мен жылдамдығы сапардың ұзақтығы мен қиындығына еш қатысы жоқ. Себебі сапардағы жеңілдіктер – Алланың құлдарына берген садақасы. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Алланың садақасын қабыл етуді бұйырған.
Омар (Алла оған разы болсын) Алла елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Намазды неге қысқартамыз?» – деп сұраған. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың сендерге жасаған садақасы, Оның садақасын қабыл алыңдар», – деген (Муслим).
Сапарға шыққан адам тұрғылықты жеріне оралғанға дейін немесе бір елді мекенде он бес күннен артық тұрақтауды ниет еткенге дейін жолаушы деп есептеледі. Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде он бес күн тұрған (кезінде) намазды екі-екі ракағат етіп оқыды», – деген Ибн Омар: «Кімде-кім он бес күн тұрақтаса, намазын толық оқысын», – деген (Тирмизи).

Намаздар қанша ракағатқа қысқартылады?

Сапар барысында қысқартылып оқылатын намаз «қасыр намазы» деп аталады. Сапарда төрт ракағатты бесін, екінті және құптан намаздарын екі ракағатты қылып оқу – уәжіп. Айша (Алла оған разы болсын): «Алла намазды парыз еткенде тұрғылықты кезде де, сапарда да екі-екі ракағаттан қылып парыз етті. (Кейінірек) сапар намазы сол күйінде бекітілді де, тұрғылықты кезде (оқылатын) намазға қосылды», – деген (Бұхари).

Сапар намазға байланысты есте сақтау керек қағидалар!

Егер жолаушының бөтен елде істері уақытша болса және ол жақтан ісі біткен күні қайтуды көздесе, бірақ жұмысын бітіре алмай, сол елде он бес күннен артық тіпті бір ай тұруға мәжбүр болса да, ол жолаушы деп есептеледі. Өйткені Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Тәбук соғысында он тоғыз немесе жиырма күн бойы намазды қысқартып оқыған. Себебі Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол жерде тұрақтауды ниет еткен жоқ болатын және ісі біткен күні қайтуды ойлаған.
Егер кімде-кімнің арасы алыс екі елді мекенде де баспанасы болып, өзін сол жерде тұрғылықтымын деп есептейтін болса, ол сол екі елді мекенде де намазды қысқартпайды. Мысалы, оның Алматыда бір үйі және Астанада екінші үйі бар делік. Ол тек жол сапарында оқылатын намаздарын ғана қысқартады. Ал Алматыға не Астанаға, яғни өз үйіне келгенде, намазын толық оқиды.
Егер кімде-кім туған жерінен басқа жаққа көшіп кетсе, туған жеріне зиярат етіп барған кезде он бес күннен аз тоқтаса ғана намазын қысқартады. Тіпті онда ата-анасы және барлық ағайын-туыстары тұрса да, ол намаздарын толық оқымайды.
Егер кімде-кім жұмыс бабымен екінші бір жерге үнемі баратын болса және ол жерден жалға үй алып қойса, ол жерде он бес күн не одан да көп тұруды ниет етпейінше намазын қысқартып оқиды.
Егер қателесіп немесе жаңылысып төрт ракағат намазды толық оқыса, оның алғашқы екі ракағаты парыз намазы, ал қалған екі ракағаты нәпіл ретінде есептеледі.
Егер жолаушы адам қателесіп үшінші ракағатқа алғашқы отырысқа отырмастан тұрып кетсе, парыз намазы бұзылады. Себебі алғашқы отырыс – жолаушы үшін парыз. Ал осылай оқып бітірген намазы нәпіл ретінде қабыл етіледі де, ол қасыр намазының парызын қайта оқуы керек.
Жолаушы тұрғылықты адамға ұйып намаз оқи алады. Ол тұрғылықты имамға ұйыған кезде намазын қысқартпай төрт ракағатты етіп толық оқиды. Әбу Мижләз: «Ибн Омарға (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Жолаушы олардың, яғни тұрғылықты адамдардың намаздарының екі ракағатына үлгерсе, сол жеткілікті ме, әлде олардың (тұрғылықтылардың) намазымен оқиды ма?» – дедім. Сонда ол күліп: «Олардың (тұрғылықтылардың) намазымен оқиды» (яғни, 4 ракағат), – деді», – деген (Бәйхақи).
Тұрғылықты адам да жолаушыға ұйып намаз оқи алады. Төрт ракағатты намаздарды қысқартып, сапар намазы етіп оқыған жолаушы имамға ұйыған тұрғылықты адамдар имам сәлем бергеннен кейін, сәлем берместен орындарынан тұрып, намазының қалған екі ракағатын толықтырады. Ал жолаушы имам ұюшыларға өзінің намазды қысқартып оқитындығын және олардың тағы екі ракағат оқулары керек екендігін ескерткені дұрыс. Абдуллаһ ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Омар ибн әл-Хаттаб Меккеге келгенде, (ол жердің тұрғындарымен) екі ракағат оқитын. Сосын: «Ей, Мекке тұрғындары! Намаздарыңды толық оқыңдар. Біз жолаушылармыз (яғни Мәдинадан келгендер)», – дейтін», – деген

Сапарда нәпіл намаздарды оқуға болады!

Алайда, нәпіл намаз оқығысы келген адамға тыйым салынбайды екен. Жәбир ибн Абдуллаһтан (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нәпіл намаздарды көлік үстінде құбылаға қарамай оқитын»,—деп айтқан. (Бұхари).

Кісі намазды отырып оқи алмаса, жамбастап жатып оқиды!

Имран ибн Хусайннан (Алла оған разы болсын). Ол: «Менің көтеу (геморрой) ауруым бар еді, (қалай) намаз (оқу керектігі) туралы Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағанымда, ол: «Тік тұрып оқы, шамаң келмесе отырып оқы, (оған да) шамаң келмесе, жамбастап оқы»,—деді»,—деген (Бұхари).

Сапарда мәсіге мәсіх тартуға болады!

Мәсіге мәсіх тарту Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзімен де, ісімен де бекітілген. Имам әл-Бұхари әл-Муғира ибн Шуғбадан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте былай делінген: «Әл-Муғира Алла елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болғанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қажетін өтеуге барады. Сонда әл-Муғира оған (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) су құяды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алып бетін, екі қолын жуады, басына мәсіх тартады және мәсісіне мәсіх тартады» (Бұхари).
Аяқты жуып, мәсіні киген тұрғылықты адам дәрет алып, алғшқы мәсих тартқан уақыттан бастап толық бір тәулік (24 сағат), ал жолаушы толық үш тәулік (72 сағат) бойына дәрет алғанда мәсіх тарта алады.

Сапарда су жоқ болса тәяммум алуға рұқсат!

Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын): «Екі адам сапарға шығады. Намаздың уақыты кіргенде, олардың өздерімен бірге сулары болмайды. Сонда екеуі таза жер қыртысына тәяммум соғып, намаз оқиды. Содан кейін (намаздың) уақыты шықпай тұрып, екеуі су табады. Олардың бірі намазын және дәретін қайталайды. Екіншісі қайталамайды. Сосын Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келгенде, оған болған істі баяндайды. Ол қайталамаған адамға: «Сүннетке дөп түстің, намазың дұрыс», – деп, ал дәрет алып, (намазын) қайталаған адамға: «Саған екі есе сауап (беріледі)», – деді», – деген (Әбу Дәуд).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Сапарда жасай алмаған амалың үшін де сауап аласың, Сапардан үйіңе қарай асық, Сапардағы адам үшін намазға байланысты жеңілдіктер, Жолаушы атану үшін қандай шарттар қойылады, Намаздар қанша ракағатқа қысқартылады, Сапар намазға байланысты есте сақтау керек қағидалар, Сапарда нәпіл намаздарды оқуға болады, Кісі намазды отырып оқи алмаса жамбастап жатып оқиды, Сапарда мәсіге мәсіх тартуға болады, Сапарда су жоқ болса тәяммум алуға рұқсат, сапар намаз калай окылады, сапар намаз қалай оқылады, сафар намаз туралы, сафар намаз қалай оқылады, сапар намазы қанша ракат, как читать сафар намаз, сапар намаз ракат канша, сапар намаз канша ракат, сколько ракат сафар намаз, Saparda zhasay almaғan amalyң үshin de sauap alasyң, Sapardan үyiңe қaray asyқ, Sapardaғy adam үshin namazғa baylanysty zheңildikter, Zholaushy atanu үshin қanday sharttar қoyylady, Namazdar қansha rakaғatқa қysқartylady, Sapar namazғa baylanysty este saқtau kerek қaғidalar, Saparda nәpil namazdardy oқuғa bolady, Kisi namazdy otyryp oқi almasa zhambastap zhatyp oқidy, Saparda mәsige mәsih tartuғa bolady, Saparda su zhoқ bolsa tәyammum aluғa rұқsat, sapar namaz kalay okylady, sapar namaz қalay oқylady, safar namaz turaly, safar namaz қalay oқylady, sapar namazy қansha rakat, kak chitat safar namaz, sapar namaz rakat kansha, sapar namaz kansha rakat, skolko rakat safar namaz, Сапарда, жасай, алмаған, амалың, үшін, де, сауап, аласың, Сапардан, үйіңе, қарай, асық, Сапардағы, адам, намазға, байланысты, жеңілдіктер, Жолаушы, атану, қандай, шарттар, қойылады, Намаздар, қанша, ракағатқа, қысқартылады, Сапар, есте, сақтау, керек, қағидалар, нәпіл, намаздарды, оқуға, болады, Кісі, намазды, отырып, оқи, алмаса, жамбастап, жатып, оқиды, мәсіге, мәсіх, тартуға, су, жоқ, болса, тәяммум, алуға, рұқсат, сапар, намаз, калай, окылады, қалай, оқылады, сафар, туралы, намазы, ракат, как, читать, канша, сколько, Saparda, zhasay, almaғan, amalyң, үshin, de, sauap, alasyң, Sapardan, үyiңe, қaray, asyқ, Sapardaғy, adam, namazғa, baylanysty, zheңildikter, Zholaushy, atanu, қanday, sharttar, қoyylady, Namazdar, қansha, rakaғatқa, қysқartylady, Sapar, este, saқtau, kerek, қaғidalar, nәpil, namazdardy, oқuғa, bolady, Kisi, namazdy, otyryp, oқi, almasa, zhambastap, zhatyp, oқidy, mәsige, mәsih, tartuғa, su, zhoқ, bolsa, tәyammum, aluғa, rұқsat, sapar, namaz, kalay, okylady, қalay, oқylady, safar, turaly, namazy, rakat, kak, chitat, kansha, skolko

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]