Рамазан айы. Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
![Рамазан айы. Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?](https://www.zharar.com/uploads/posts/2017-06/1497078364_52b-2bsleeping2bin2bday.jpg)
Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды.
[1] Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис.
[1] Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис.
Абдусамат Қасым
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: