Рамазан айы. Ораза. Ұмытып ішіп-жеу
Жауап: Иә, сахих болды, өйткені ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды.
Сұрақ: «Ораза кезінде маструбация жасаған адам, бұл әрекетінің оразаны бұзатындығын білмесе, оразасының қазасын ғана өтеуі керек, білсе каффарат та керек» делінеді. Бұл айтылған дұрыс па?
Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Оразаны бұзатындығын білген жағдайда да маструбация оразаны бұзады және тек қазасын ғана өтеуі керек. (Бахр)
Рамазан айында оразаны бұзып, қазасын ғана өтеуді керек ететін бір нәрсені, әдейі екі немесе одан көп рет жасап оразаны бұзу, каффаратты да керек етеді. (Раддул Мухтар) (Демек, бір Рамазан айында екі рет маструбация жасаса каффарат та керек болады.)
Сұрақ: Оразаны бұзып, тек қазасын өтеуді ғана керек ететін бір нәрсені бір Рамазан айында екі рет істеп оразаны бұзу каффаратты да керек ете ме?
Жауап: Иә, әдейі істейтін болса каффаратты өтеу керек болады. Мысалы, құрғақ күріш данасын жұтқанда немесе құлаққа май тамызғанда оразаның бұзылатынын және мұның тек қазасын өтеу керектігін біле тұра, себепсіз осылай оразасын бұзған адамға оразасының тек қазасын ғана өтеуі керек болады. Тағы сол Рамазанда себепсіз дәл сол жолмен әдейі оразасын бұзса, бұл кезде каффарат керек болады.
Немесе, имсак уақытынан кейін ниет етіп, оразаны әдейі бұзған кезде, каффарат керек болмайтынын білетін адам, тағы себепсіз оразасын бұзса каффарат керек болады. Бұл – қулықтың алдын алу үшін белгіленген шара. Шынымен оразаны бұзуды мубах қылатын бір жағдаймен оразаны 3-5 рет бұзса да каффарат керек болмайды.
Тердің ауызға кіріп кетуі
Сұрақ: Ауыз берік кезде ауызға кіріп кеткен тер немесе көзжасы оразаны бұза ма?
Жауап: Аузы берік адамның аузына жас немесе тер кіретін болса, бір-екі тамшы ғана болса ораза бұзылмайды, өйткені бұдан сақтану өте қиын. Көп болып, тұздылығы, ащылығы (дәмі) ауыздың барлық жерінде сезілсе және жұтса ораза бұзылады. Жұтпай түкіретін болса бұзылмайды.
Сұрақ: Ораза ұстай алмайтындай кәрі адамның немесе айығуынан үміт үзілген ауру адамның, ораза каффараты ретінде кедейге бірден 60 күндік тамақ ақшасын беріп, осы ақшаға күнде тамақ жеп тұр деп айту жаиз ба?
Жауап: Жаиз емес. 60 кедейді бір күнде екі рет тойдыру керек. Немесе бір кедейді күнде екі рет тойдыру керек және мұны 60 күн жалғастыру керек, яки күнде бір рет тойдырып, мұны 120 күн жалғастыруға да болады.
Сұрақ: Ауыз берік кезде ауызға келген түкірікті жұтудың зияны бар ма?
Жауап: Зияны жоқ. Тіпті, ауызда дәреттен кейін қалған ылғалды жұту да оразаны бұзбайды.
Сұрақ: Малики мазһабын тақлид етіп жүрген бір әйелдің ұзақ уақыттан бері хайзы 15 күн жалғасуда. 15 күні таза. 10 күннен кейін хайзы жалғасып жатқанда ораза ұстай ала ма?
Жауап: Оразада Малики мазһабы тақлид етілмегендіктен 10 күннен кейін оразасын ұстайды.
Сұрақ: Дәрет алып жатқанда тамақтан су өтіп кетсе ораза бұзыла ма?
Жауап: Ханафи және Малики мазһабтарында бұзылады.
Шафии мазһабында аса көп мөлшерде өтіп кетсе немесе тамақты үштен көп рет шайып, барлығында су өтіп кетсе ораза бұзылады, әдетте, дәрет алып жатқанда тамақтан байқамай су өтіп кетсе ораза бұзылмайды.
Ханбали мазһабында байқамай тамақтан су өтіп кетсе ораза бұзылмайды. (Мизан-ул-кубра, Әл-фиқһ-у аләл-мәзаһиб-ил-әрбәа)
Ханафи мазһабын ұстанатын адам дәретте тамағынан су өткізіп алса, Шафии немесе Ханбали мазһабын тақлид етіп, оразасын жалғастыра алады.
Сұрақ: Дәрет алып жатқанда тамаққа су кетіп қалса, байқамай ауыздағы қан жұтылса, әжетханада іш дәрет алып жатқанда ішке су кіріп кетсе, бұлардың барлығында ораза бұзылады. Мұндай жағдайда оразаны сақтап қалудың бір жолы, амалы бар ма?
Жауап: Иә, бар. «Мазһабтар – рахмет (мейірім)» деп бұйырылған. Бір парызды орындауда немесе бір харамнан тыйылуда машақат, яғни қиыншылық туындаса, төрт мазһабтан бірі тақлид етіліп ол амал орындалады. Тамағына су өткізіп алған адам «Бұл оразаны Шафии мазһабы бойынша ұстаймын», байқамай аузындағы қанды жұтып қойған және іш дәрет алып жатып ішіне су кіріп кеткен адам «Бұл оразаны Ханбали мазһабы бойынша ұстаймын» десе, оразалары сахих болады.
Сұрақ: Имам Шарани хазіреттерінің айтуы бойынша Қадір түні қай күнге сәйкес келеді?
Жауап: Имам Шарани хазіреттері өз кәшфін білдіріп, «Рамазан айы жексенбі күні басталса Қадір түні – 29-түн болады. Сейсенбі басталса, 27-түн, бейсенбі басталса, 25-түн, сенбі басталса, 23-түн, дүйсенбі басталса, 21-түн, сәрсенбі басталса, 19-түн, жұма басталса, 17-түн болады.» деп бұйырған.
Әбул Хасан Харқани хазіреттері де былай дейді:
Балиғатқа толған шағымнан бері бір де бір Қадір түнін білмей өткізген жоқпын. Рамазан айының алғашқы күні жексенбі күні басталса, Қадір түні 29-түн болатын еді. Дүйсенбі күні басталса, 21-түн болатын еді. Сейсенбі күні басталса, 27-түн, сәрсенбі күні басталса, 19-түн, бейсенбі күні басталса, 25-түн, жұма күні басталса, 17-түн, сенбі күні басталса, 23-түн болатын еді. (Мишқат-ул-әнуар. Шира-тул-Ислам)
Көріп тұрғаныңыздай екі ғалым да көңілдеріне аян берген кәшіфтерімен бірдей нәрсені білдірген.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: