Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы, Тарауих намазы қалай оқылады? [видео])

Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы, Тарауих намазы қалай оқылады? [видео])

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес нәпiл намазыболады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.
    Уітір намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. Тарауих намазын екi рәкатта бір сәлем беріп және әрбiр төрт рәкатта бір тәсбих айтып оқу мустахаб. Төрт рәкатта бір сәлем беріп оқыса да болады. Қазасы болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих намазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнә болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сауабынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан  жиырма жетi есе көп болады. Әрбiр ифтитах тәкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған кісі парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады.
     Тарауих намазын оқу сүннет-и муәккәдә. Расулуллаһ «алейхиссалам» 3-4 күн тарауихты жамағатпен оқып кейін үйінен шықпаған еді. Себебін сұрағанда былай деп бұйырды:
     «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» (Бұхари)
     Тарауихтің 20 рәкат болуы, жамағатпен оқылуы хадис шәрифпен білдірілген. Сүннет екендігі сахабалардың ижмасымен бекітілген. («Мәрақ-ил фәлах» шархы)
     Пайғамбарымыз тарауихті 8, 12, 20 рәкаттан оқыған.
     Хазірет Ибни Аббас былай білдірген: Расулуллаһ «алехиссалам» құптаннан кейін уітірден бұрын 20 рәкат намаз оқығаннан кейін былай деп бұйырды:
     «Рамазанда 20 рәкат тарауих намазын оқыған адамның 20 мың күнәсі кешіріледі.» (Ибни Әби Шәйбә)
     Тарауихтің 20 рәкат болғандығына сенбеген адам «адасушы» екендігі«Нур-ул изах» шархында жазулы.
    
Тараиух намазының сүннет болуы
     Аллаһу та’ала қасиетті рамазан айын жіберіп оған ерекше құндылық бергенде Хазірет Омар бұл үлкен ниғметтің шүкірін өтеу үшін жиырма рәкат намаз оқуды өзіне міндет деп білді. Сахабалар да мұны ұнатты. Жағдайды пайғамбарымызға білдіргенде ол да ұнатты. Жабраил алейхиссалам келіп пайғамбарымызға былай деді:
     «Аллаһу та’ала Омардың және сахабалардың жасаған бұл ғибадаттарын қабыл етті. Хатым оқығандарды жаннатқа жіберетініне, олардан разы болатынына сөз берді.» (Ә. Уаизин)
     Пайғамбарымыз тарауихты мүлдем оқымаған болса да Хулефа-и рашидин (төрт ұлы халифаның) оқуының өзі сүннет болуы үшін жеткілікті. Хадис шәрифте «Менің сүннетіме және менен кейін Хулефа-и Рашидиннің сүннетіне мықтап ұстаныңдар.» деп бұйырылды. Тарауих намаздың жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Яғни бір елді мекенде жамағатпен оқылса, қалғандары үйінде оқыса, сүннет орындалған болады.
     Муәккәдә сүннет болған тарауихты қолдан жібермеу керек. Хадис шәрифте «Рамазанда сеніп және сауабын ойлап тарауих намазын оқығанның өткен күнәлары кешіріледі.» деп бұйырылды. (Насаи)
     Тарауих намазы маңызды сүннеттерден саналады. Рамазанда күндіз ораза тұту парыз, түндерін де ғибадатпен өткізу сүннет болып табылады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:
    «Аллаһу та’ала сендерге Рамазан оразасын парыз, түндерін ғибадатпен өткізуді сүннет етті.»
 
Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер

  • Тарауихке тұрған кезде «Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-иззати уәл-азамати уәл-жәбәрут. Субханәл мәликил-мәужуд. Субханәл-мәликил-мабуд. Субханәл-мәликил-хайилләзи лә янаму уә ла ямут. Суббухун, қуддусун Раббуна уә Раббул мәләикәти уәррух.
Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһри Рамазан. Мәрһаба, мәрһаба мәрһаба йа шаһрәл-баракати уәл-ғуфран. Мәрһаба, мәрһаба, мәрһабайа шаһрат-тасбиһи уәт-таһлили уәз-зикри уә тилауатиль Құран. Әууәлуһу, ахируһу, захируһу, батинуһу, я мән ла илаһә иллаһу»тәсбихтері мен дұғалары оқылады. Айдың 15-нен кейін «Мәрһабаның» орнына «әлуида» делінеді.
  • Әр 4 рәкаттан кейін «Аллаһумма салли ала сәйидина Мухаммадин уә ала али сәйидина Мухаммад. Би адади кулли дааин уә дауааин уә бәрик уә сәллим алейһи уә алейһим кәсира» деп оқылады.
Бұл бөлім 20 рәкаттың соңында 3 рет қайталанады және үшіншісінде «кәсирадан» бұрын «кәсиран» дейді. Сосын 3 рет мына дұға оқылады:
«Йа Ханнан, йа Мәннан, йа Дәйян, йа Бурһан. Йа Зәл-фадли уәл-ихсан нәржул-ауфуа уәл-ғуфран. Уәж-әлна мин утақааи шаһри Рамазан би хурметил-Құран».
Тарауих намазының тасбихы


Сұрақ: 
Тарауих намазы калай окылады?

Жауап:

Әс сәләму ғалейкум уә рахматуЛлахи уа бәрәкәтуһ!!!
Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптан мен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес нәпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.   
Тарауих намазы қалай оқылады ?
Үiтiр намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. Тарауих намазын екi бас қылып, он сәлеммен және әрбiр төрт рәкатта бір тәсбих айтып оқу мустахаб. Қазасы болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына да қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих намазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнә болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сауабынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан  жиырма жетi есе көп болады. Әрбiр ифтитах тәкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған бір кісі парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады.
Тарауих  намазын  үйде оқитын  (әйелдер және белгілі бір себептермен жамағатпен оқылатын  тарауих намазына қатыса алмаған ер  адамдар)  адамдар  тарауих  намазын  төмендегідей оқиды: 
 
1. 20 рәкат тарауих намазын өтеуге  ниет ету;  
2. . «Аллаһу әкбәр» деп ифтитаһ тәкбірін  айтып,  қолдарды  кеудеге  қою;
3. Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап, «Субханака» дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук».
4. «Әғузу- Бисми» айтылады. Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды. Қосымша бір сүре оқылады.
5. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта  3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.   
6. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын есиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді
7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады және  3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады.
8. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
9.  «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара  «Субхана раббиял ағләә» » (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») дейді.
10. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байлап,  «Фатиха» сүресін оқиды және қосымша бір сүре оқиды.
11. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта  3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.
12. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын есиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді.
13. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады және  3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады.
14. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
15.  «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара  «Субхана раббиял ағләә» » (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады.
16. «Аллаһу әкбар» («Аллаһ Ұлық») дер сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады. Отырғанда «Әт-тәхият», «Аллаһумма салли», «Аллаһумма барик»  дұғаларын  оқиды.
17.  Соңында  бірінші оң  иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп  сәлем береді.   Сосын  сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп  сәлем береді.
Тарауих намазы қалай оқылады? (видео)

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
у, сүннет, тарауих, Тарауих, жамағатпен, намазының, намазы, намазын, кейін, оқылады, былай, рәкат, Рамазан, болған, мәрһаба, оқылуы, намаз, уiтiр, қалған, рәкатта, болады, айы., (Тарауихте, оқылатын, дұға, және, тәсбихтер), айы, Тарауихте, тәсбихтер, тасбихы, дұғасы, қалай, видео, Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер), Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер), Рамазан айы, Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазы, тарауих намазының тасбихы, тарауих намазы дұғасы, тарауих намазы қалай оқылады видео

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]