Рамазан айына дейін оразаның қарыз күндерін қашан өтеу керек?

Рамазан айына дейін оразаның қарыз күндерін қашан өтеу керек?

Көптен күткен айлардың сұлтаны, уақыттың төресі Рамазан жақындап та қалды. Бір ай бойы Алла разылығы үшін иман еткен мүміндер астан тиылып, құлшылыққа ден қойып, нәпсісімен күреседі.  «Әй, мүміндер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза парыз етілді» , - деп Алла Тағала ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен мұсылманға Рамазан оразасын міндет қылды. Осы сүренің 185 - аятында «Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар.Әрі Алланы ұлықтаңдар», -деп жеңілдігі барын да айтты. Енді қарыз күндерді қашанға дейін өтеу керек деген сауал туады. Әлбетте, жіберілген күндерді қолдан келгенше тезірек өтеген абзал. Ертеде саңлақ сахабалар мен ізгі ниетті мұсылмандар Рамазан енді аяқталып жатқанда, «Иә, Раббым келесі Рамазанға аман-есен жеткізе гөр» деп дұға етіп, асыға күткен. Өйткені бұл ай Раббымыздың рақымшылығы мен кешіріміне толы ерекше ай. Құдси-хадисте Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін», -деген. Рамазан айындағы Оразаның сауабын тіпті періштелер де жазбайды, ол тек аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаға ғана аян. Сондықтан да, ертең Оразамыз толық болмай, Рамазанның өлшеусіз сауабынан мақұрым қалмасқа кім кепіл. Шафиилерде  алдыңғы Рамазанның қарызын, келесі Рамазанға дейін өтеу парыз. Өйтпеген жағдайда, әрі қаза, әрі кәффаратын өтеу керек деп біледі. Ал Ханафи мәзхабында ондай шектеу жоқ. Ғалымдар Құран яки хадисте белгілі уақыт белгіленбегендіктен, келесі Рамазанға дейін өтеуді міндеттемеген. Алайда, адам баласының қара жерді қаншалықты басып жүретіні беймәлім.
Расулалла Мұхаммед (ﷺ): «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, Рамазан – үмметімнің айы» деп қасиетті айларды атап айтқан. Ережеп, Шағбан айлары Исламда Рамазанға дайындық болып саналады. Осы қасиетті айларды да тиімді пайдаланып, былтырғы Рамазаннан қалған қарыздарымызды өтеп алуға да болады.
Алла әрбір құлшылығымызды сауаптан жазып, Рамазандағы оразамызды қабыл еткей!

 Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы

дереккөз

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
рамазан, Рамазан, парыз, Рамазанға, мүміндер, Тағала, сендерге, дейін, келесі, күткен, балиғат, санын, дұрыс, айларды, етілді, Аллаға, қасиетті, күндерді, Ережеп, Рамазанның, Көптен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]