14 Наурыз - Амал көрісу күні туралы не білеміз?
14 наурыз – көрісу мерекесі. Батыс өңірі үшін ерекше мейрам. Бұл мейрам қалай тойланады? Атауы қайдан шыққан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік...
Әдеттегідей, батыс халқы бүгінгі күнді елден ерек қарсы алады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып «Бір жасыңмен» дейді. Ол: «Бір жасқа есеюіңмен! Қыстан аман-есен жетуіңмен» дегенді білдіреді. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жайылады. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмтылады. "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Ауыл жастары үйдің үлкендеріне көрісіп шығу міндетті. Ал көрісуге келген адамға ілтипат көрсетіледі.
14 наурызды «көрісу» салты деп емес, кей жерлерде «амал» мерекесі деген атаумен де аталып өтіледі. Тек Батыс өңірлерінде ғана емес, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның жерінде қазақтар көп қоныстанған аумақтарда да тойланады екен. Деректерге сүйенсек, Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша шыққан деп көрсетеді. Сондай- ақ, парсы математиті астроном, ақын, философ Омар Хайямның күнтізбесінде Жаңа жыл наурыздың 14- інен басталатындығы да айтылады.
Қаламқас Исахаева:
Көрісу салттың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, бір-біріне өкпе-назы бар адамдарды кешірімді болуға шақырады. Ата-дәстүрімізден жалғасын тауып келетін көрісу салтын біз жанұямызбен бірге қарсы аламыз. Алдын-ала дайындалған дастарханымызды жайып, ағайын-тумаларды күтеміз.
Айдана Ақсисенова:
Көрісу-қазақ халқының ұлттық мерекесі. Айтулы күнді отбасымызбен ерекше қарсы аламыз. Таңертең ерте тұрып, үйді жинастырып, тәтті тағамдар әзірлейміз. Ауылдың үлкендеріне, ағайын-туыстардың үйіне барып, көрісіп шығамыз. Егер бара алмай қалсақ бұл ұятты болып саналады. Бұл мейрамды тек батыстықтардың ғана емес, бүкіл қазақ елінің атап өткенін қалаймын.
Азамат Құрманбаев:
Батыстықтарға ғана тән мерекенің маңыздылығы мен ерекшелігін үйдің үлкендері жастарға айтып, насихаттап отыруы қажет деп ойламын. Қателеспесем, бұл мереке Кеңес үкіметі кезінен бастап, тойланып келеді. Наурыз секілді қайта жаңғырған мереке емес. Атырау халқы жыл сайын көрісуді жаңа жылды күткендей қарсы алады. Бұл дәстүр біздің отбасымызда да сақталған. Әсіресе, ауылдағы ата мен әжеме барып, көрісіп шықпасам, маған өкпелеп қалады. Ауылдың үлкендері мен туыстарға көрісу - біздің міндетіміз.
Көрісу қалай тойланады?

Қайдан шыққан?

Көрісу туралы не білеміз?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: