Өмірбаян / Биография

Өмірбаян: Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы (1958 жылы 4 маусым)

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996).
Өмірбаяны
1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген.
Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерік Жолжақсынов Қалиұлы (15 мамыр 1959 жылы)

Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің директоры.
Өмірбаяны
1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған.
1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті. 1989 жылдан бері Шә Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Әскери атағы — капитан ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Роза Әлімханова Сейітқалиқызы

Әлімханова Роза Сейітқалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.

30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып әдісін ойлап тапты.

Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Тынышбай Рақым (1946 - 1999)

Тынышбай Рахимов (12 қыркүйек 1946, Өзбекстан, Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданы бұрынғы Свердлов атындағы ұжымшар – 3 тамыз 1999, Алматы) – ақын, сазгер.

Өмірбаяны
Сарысу ауданы Байқадам (қазіргі Саудакент) ауылындағы ауыл шаруашылығы механикаландыру училищесін (1961), Жамбыл (Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищесін (1966), Киров атындағы ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) (1979) бітірген. 1966 – 71 жылы Жаңатас қаласында М.Әуезов атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі, 1971 – 72 жылы Жамбыл ауданы «Шұғыла» газетінде жауапты хатшы, 1972 – 74 жылы Жамбыл облысы «Еңбек туы» газетінде (қазіргі «Ақ жол») әдеби қызметкер болды. 1975 – 82 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983 – 87 жылы «Жазушы» баспасының көркем сын, қазақ поэзиясы редакцияларында аға редактор, 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағы жанынан ашылған көркем аударма алқасында редактор, 1990 жылы «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1990 – 94 жылы Республикалық Қазақ теледидарының музыка бөлімінде редактор, бас редактор қызметін атқарды....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бауыржан Қаптағай (1954 жылы)

Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1954 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. 1971 ж. орта мектепті бітірген соң колхозда әртүрлі жұмыс істеді.
1972-1974 жж. әскери борышын өтеп оралған соң, туған ауылында еңбек етті.
1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) профессор Асқар Тоқпановтың шеберханасында оқып-бітірді. Сол жылдан бастап М. Әуезов театрында қызмет етеді....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақытжан Алдияр (1974 жылы 20 қазан)

Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген.

Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Салтанат Бақаева Ермекқызы (1987 жылы 24 қыркүйек)

Салтанат Ермекқызы Бақаева (1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2015).

Салтанат Ермекқызы 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда дүниеге келген.
2005 -2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі, профессор Рахилям Машурованың және Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. Соңғы курста Қазақ ССРнің халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Рымбаевадан дәріс алған.
2009 жылдан "Арнау" эстрадалық дуэтінің әншісі.
2010 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.
Өмірбаян
Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.
Білімі
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.
Мансабы ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әсел Сағатова (5 мамыр 1985 жыл)

Сағатова Әсел (5 мамыр 1985 жылда) – қазақстандық актриса.

Өмірбаян
Семей қаласында туған. Алматыдағы орыс хореографиалық мектепті бітірген. Ол 14 жастан модель болып істеген. 9 сыныпта Әсел жарнамаларға түскен. Гонконгта және Таиландта жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастың факультетін қызыл дипломмен бітірді. Оқудың барысында магистратурада музыкалық бағдарламаның қазақ телеарнада жұмыс істеген, және концерттердің ұйымының продюсерлік орталығында жұмыс жасаған. Қазір кинода түсіріледі және "халық лотерея" деген бағдарламаны жүргізеду. "РТРК АО "Қазақстан" фирмасында менеджер болып жұмыс істейді. Өз жолын қырғыз жазушының Шыңғыс Айтматов кітабының жазылғанына кинода түсірілген "Ананың маккуратыра тұралы жылағаны" деген фильмде түскен. Әсел бір неше қазақстандық және ресейлік-қазақстандық фильмдерде түсірілді. Басты рөлдерді "Кекесін көңіл" деген фильмдердеойнады, Рэкетир. 2012 жылдың соңында Әсел Сағатова атындағы модельдік мектеп ашылған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Renzo тобы

«Renzo» – 2015 жылдың соңында құрылған қазақстандық бойз-бенд. Топ Жанболат Ертаев, Есет Жарылқасымов, Ержан Жүнісов және Асқар Ахмет есімді талантты жігіттерден құралған. «Renzo» деген сөз жапон тілінен «үшінші бала» деп аударылады. Топ продюсері Алуа Қонарова мұның алдында «Ringo» және «Ayumi» жобаларын жарыққа шығарғанын ескерсек, «Renzo» расымен де «үшінші бала» болып тұр.
Енді топ мүшелерін жеке-жеке таныстырайық. Асқар Ахмет Шымкент қаласында дүниеге келген. Бос уақытында суда жүзгенді, бокстасқанды ұнатады. Көзі қарақты көрермен Асқардың «Ринго» тобында өнер көрсеткен әнші Батыр Байназаровтың інісі екенін білетін болар.
Ал, Жанболат Ертаев – Семей қаласының тумасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Каратэ, жеңіл атлетикамен айналысады және бидің барлық түрлерін ерекше жақсы көреді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0