Қазақша өмірбаян: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы (1978)

Қазақша өмірбаян: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы (1978)

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы.

«Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған.

Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафердрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Сарин Қалқаман Айымғазыұлы, қалқаман сарин өмірбаяны, калкаман сарин омирбаяны, калкаман сарин биография на казахском казакша, калкаман сарин википедия казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]