Қазтуған жырау


Қазтуған жырау (XV ғасыр)


Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады.

Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабасы мен тайы тең
Жары менен сайы тең.
Боташығы бұзаудай
Боз сазаны тоқтыдай
Балығы тайдай тулаған
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас
Балығы көлге жылқы жаптырмас
Сөйткен менің, Еділім – деп Еділіне деген перзенттік қалтықсыз сезімін емірене өрнектейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]