Балуан Шолақ Баймурзин
Балуан Шолақ Баймурзин (1864 - 1919жж.)
Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған.
Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші - ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған. Бұл тұрғыдан алғанда ол Арқада әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан әнші де. Сонымен бірге Балуан - Шолақ спортпен жіті шұғылданып күреске түскен, ат үстінде сан алуан ойындар көрсеткен.
Балуан - Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би - болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай - ақ патша үкіметінің озбыр Чиновниктерінің зорлық - зомбылығына қарсы күреседі.
Оның көптеген әндері мен өлеңдері халық арасында мол тараған. Әсіресе Балуан - Шолақтың Ғалия, Дікілдек, Құлан кісінес, Желіп - желіп т. б. бірнеше әндері ел аузында осы күнге дейін айтылып келеді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: