Өмірбаян: Ильдар Ягьяев
Ильдар Ягьяев - Street workout чемпионы
Ильдар – Street workout бойынша тартылудан Қазақстан Республикасының чемпионы, SW бойынша ел чемпионы (жаңа рекорд), Street workout-тың төрт түрінен Ресей Федерациясы чемпионы.
Ильдар Сейітназарұлы 1995 жылы 20 маусымда туған, Ақтау қаласында тұрады. Street Workout бағытымен 2012 жылдан бастап айналысады және осы уақыт аралығында спортта жоғары нәтижелерге жеткен, Қазақстан Street Workout федерациясының мүшесі болып табылады.
2013 жылы Aktau Open Fest фестивалінде Ильдар «фристайл. күрделі элементтер» номинациясында үшінші орын алған, «екі қолмен көтерілу» күштемелі жаттығулары мен беліне 32 килограмм қосымша жүк байлап тартылудан чемпион болған. Сол жылы Ильдар ҚР алғашқы чемпионатында street workout бойынша ел рекордын орнатты. Ол «Белтемірге беліне қосымша 32 килограмм жүк байлап тартылудан» жеңімпаз болып, 15 рет рет тартылды.
2014 жылдың желтоқсанында Қазақстан құрамасы құрамында street workout бойынша әлем чемпионатына қатысты. 2016 жылдың қыркүйегінде Aktau Open Fest фестивалінде белтемірге тартылуда өзінің 2015 жылғы рекордын жаңартты. Ол беліне 32 килограмм жүк байлап 17 рет тартылды.
2017 жылдың тамызында ол ҚР чемпионатында street workout-тан жаңа ректорд орнатты.
2018 жылдың сәуірінде Ильдар стритлифтинг бойынша Ресейдің ашық кубогында төрт жүлделі орынға ие болып стритлифтингтен халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Сол жылы ол бүкіл Қазақстан бойынша өткен Challenge Street Workout-қа қатысып, туған қаласына спорт алаңын жеңіп алды.
2018 жылдың тамызында Ильдар Ягьяев Бүкіләлемдік стрит воркаут және стритлифтинг президенті Денис Мининнің басшылығымен өткен халықаралық "Workout Fest-2018" спорт фестивалінде стритлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы болды.Оның бұл фестивальдағы нәтижесі расында таңғаларлық: Ильдар белтемірге 90 килограмм қосымша салмақпен тартылып, қоссырықта 120 кг қосымша салмақпен кеудесін көтерді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: